Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств по рецепту врача, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры

Бұйрық · № 38 · қабылданған 03.02.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23056/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств по рецепту врача, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры Күшін жойған Бұйрық ·№ 38 ·03.02.2005
21.05.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств по рецепту врача, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры

Күшін жойған Бұйрық ·№ 38 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств по рецепту врача, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры
Атауы (қаз.)
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38
Қабылданған күні
03.02.2005
Көрсетілген редакция
21.05.2008 AI23056_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003440_
ЭКБ идентификаторы
23056
Редакция идентификаторы
AI23056_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:13

0 Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Рецептілерді жазып беруді және рецептімен берілуі тиіс дәрілік заттарды беруді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже бекітілсін.

2 2. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары (келісім бойынша) мен республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы Ережені басшылыққа алсын және орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 15 наурыздан қолданысқа енгiзiледi.

0 Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 38 бұйрығымен бекітілген
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже

1 1. Рецептілерді денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкілермен тиісті медициналық айғақтар болған кезде береді.

Рецептілер рецептіні жазып беретін медицина қызметкерінің қолымен және мөрімен бекітеді.

2 2. Дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етілуге құқығы бар науқастардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептілер осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес бланкілерге жазып беріледі.

Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілерге денсаулық сақтау ұйымының басшысы қосымша қол қояды және мөрімен бекітеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептіге қол қояды және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен бекітеді.

3 3. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазып беруге жол берілмейді.

4 4. Рецептілер науқастың жасы және дәрілік заттың құрамына кірген ингредиенттер әрекетінің сипаты ескеріле отырып жазып беріледі.

5 5. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында көрсетіледі. Рецептілердің бланкілері осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рецепт бланкілерін есепке алатын арнайы кітапта тіркеледі.

6 6. Рецептілер бланкілердегі көрсетілген барлық бағандар міндетті түрде толтырыла отырып, анық жазумен жазып беріледі.

7 7. Рецептіде осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес қысқартуларға жол беріледі.

8 8. Дәрілік затты қолдану тәсілі қабылдау мөлшері, жиілігі мен ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде жазылады. Жалпы нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке", "Сыртқа") шектеуге болмайды.

9 9. Бір рецепт бланкісіне бір дәрілік зат жазылып беріледі.

10

10. Дәрілік затты жоғары бір реттіктен артық мөлшерде жазып берген кезде дәрігер рецептіге дәрілік заттың мөлшерін жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазып берілген дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік мөлшердің жартысын береді.

11 11. Рецептілер стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында айрықша қолданылатын дәрілік затқа (ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозға арналған заттар және басқалары) жазылып берілмейді.

12 12. Рецептілер жеті күннің ішінде жарамды.

13

13. Тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін науқастарға дәрілік заттарды (дәріханалардан тегін немесе жеңілдікті жағдайларда берілетін дәрілік заттарды қоспағанда) жазып беру кезінде рецептілердің жарамдылық мерзімі 1 айға дейін белгіленеді. Мұндай жағдайда рецептілерде дәрігердің қолымен және денсаулық" сақтау ұйымының мөрімен бекітілген "Арнайы тағайындалған" деген жазу болуы тиіс.

14 14. Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін және/немесе үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік зат жазылған рецепт жарамсыз болып есептеледі.

15 15. Жарамсыз рецептілер "Рецепт жарамсыз" деген мөртаңбамен күші жойылады, осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алатын арнайы журналға тіркеледі.

Бұл орайда фармацевтика қызметкері науқасқа үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік заттарды қоспағанда, жазылып берілген дәрілік затты береді де, дұрыс жазылып берілмеген рецептілер туралы ақпаратты денсаулық сақтау ұйымының басшысына береді.

16 16. Тегін немесе жеңілдікті жағдайлардағы рецептілер бойынша дәрілік заттарды беруді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келісім-шарты бар дәріхана ұйымдары жүзеге асырады.

17 17. Дәрілік затты рецептіде көрсетілген санымен беру қажет болған кезде дәріхана орамына дәріхана ұйымының атауын, дәріні, санын, мөлшерін, сериясын және жарамдылық мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, түпнұсқа орамды бұзуға болады.

18 18. Әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс) жарамды тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарға жазылып берілген рецептілер республиканың бүкіл аумағында жарамды.

19 19. Дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі:

1 1) тегін және жеңілдікті жағдайларда босатылғандар - 3 жыл;

2 2) басқалары - 3 ай.

20 20. Сақтау мерзімі асып кетісімен рецептілер жойылуы тиіс.

21 21. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхана ұйымының басшысы мен материалдық жауапты адамы бар комиссия құрылады.

Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің саны жазумен көрсетіледі.

1 Құрамында есірткі құралдары,

психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және дәрігердің рецептісі
бойынша беру жөніндегі
Ережеге 1 қосымша
А 8 форматы
Рецепт бланкісінің нысаны
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ АТАУЫ РЕЦЕПТ
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН
(астын сызу керек)
20 __ жылғы "___" ___________
(рецептінің жазылған күні)
Науқастың Т.А.Ә., жасы _____________________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә., _________________________________________________
Rp:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
D.S.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Дәрігердің қолы мен жеке мөрі __________________________ м.о.
Жадынама
Денсаулық сақтау ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады
немесе мөртабан қойылады.
Рецепт анық, айқын жазылады, түзетуге тыйым салынады.
Бір бланкіге:
заттық-сандық есепке алуға жататын бір дәрілік затты;
тегін немесе жеңілдікті жағдайлармен босатылатын бір дәрілік
затты жазып беруге рұқсат етіледі.
Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат
етіледі.
Қатты, сусымалы заттар грамдарда, сұйық заттар -
миллилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады.
Қолдану тәсілі - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде.
"Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы
нұсқаулармен шектеуге тыйым салынады.
Рецептіні толтырған кезде (ересектерге арналған, балаға
арналған) не тегін немесе жеңілдікті жағдайларда - қажеттісінің
астын сызу керек.
Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.

2 Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда босатуға арналған рецепт бланкісінің нысаны

Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және дәрігердің рецептісі
бойынша беру жөніндегі
Ережеге 2 қосымша
А8 нысаны
Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда босатуға арналған рецепт бланкісінің нысаны
Ден­са­улық сақ­тау
ұй­ы­мы­ның ата­уы
Ме­ди­ци­на­лық
құ­жат­та­ма
Ден­са­улық сақ­тау
ұй­ы­мы­ның ата­уы
Ме­ди­ци­на­лық
құ­жат­та­ма
ТҮ­БІР­ТЕК
(ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мын­да
қал­ды­ры­ла­ды, одан кей­ін
бух­гал­те­ри­я­ға өт­кі­зі­ле­ді)
20 __ жыл N ____
20 __ жы­л­ғы "___" ___________
Ре­цеп­ті­нің жа­зып бе­рі­л­ген кү­ні
На­у­қа­стың Т.А.Ә., жа­сы
_______________________________
_______________________________
Ди­а­гноз _______________________
_______________________________
На­у­қа­стың ме­ди­ци­на­лық
құ­жат­та­ма­сы­ның N ______________
Үй­і­нің ме­кен-жайы _____________
_______________________________
Rp: ___________________________
_______________________________
Д.S. __________________________
_______________________________
Дә­рі­гер­дің қо­лы
мен же­ке мө­рі ____________ м.о.
ТЕ­ГІН НЕМЕ­СЕ ЖЕ­ҢІЛ­ДІК­ТІ РЕ­ЦЕПТ
(астын сы­зу ке­рек)
20 __ жыл N ____
БА­ЛА­ҒА               ЕРЕ­СЕК­КЕ
АР­НАЛ­ҒАН             АР­НАЛ­ҒАН
(астын сы­зу ке­рек)
20___ жы­л­ғы "___" ___________
Ре­цеп­ті­нің жа­зып бе­рі­л­ген кү­ні
Дә­рі­гер­дің Т.А.Ә. _____________
_______________________________
На­у­қа­стың Т.А.Ә., жа­сы ________
_______________________________
На­у­қа­стың ме­ди­ци­на­лық
құ­жат­та­ма­сы­ның N ______________
Ди­а­гноз _______________________
_______________________________
Үй­і­нің ме­кен-жайы  ____________
_______________________________
Rp: ___________________________
_______________________________
Д.S. __________________________
_______________________________
Дә­рі­гер­дің қо­лы
мен же­ке мө­рі ___________ м.о.
Жадынама
Денсаулық сақтау ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады
немесе мөртабан қойылады.
Рецепт анық, айқын жазылады, түзетуге тыйым салынады.
Бір бланкіге:
заттық-сандық есепке алуға жататын бір дәрілік затты;
тегін немесе жеңілдікті жағдайлармен босатылатын бір дәрілік
затты жазып беруге рұқсат етіледі.
Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат
етіледі.
Қатты, сусымалы заттар грамдарда, сұйық заттар -
миллилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады.
Қолдану тәсілі - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде.
"Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы
нұсқаулармен шектеуге жол берілмейді.
Рецептіні толтырған кезде (ересектерге арналған, балаға
арналған) не тегін немесе жеңілдікті жағдайларда - қажеттісінің
астын сызу керек.
Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.

3 Дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен беруге арналған рецепт бланкілерін есепке алу кітабы

Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және дәрігердің рецептісі
бойынша беру жөніндегі
Ережеге 3 қосымша
Денсаулық сақтау ұйымының атауы
Дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен беруге арналған рецепт бланкілерін есепке алу кітабы
р/с
N
Кү­ні
Ре­цеп­ті­нің
се­ри­я­сы, N
Ре­цепт блан­кі­сін ал­ған ме­ди­ци­на
қыз­мет­ке­рі­нің Т.А.Ә., қо­лы

4 Негізгі рецептуралық қысқартулар

Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және дәрігердің рецептісі
бойынша беру жөніндегі
Ережеге 4 қосымша
Негізгі рецептуралық қысқартулар
Қы­сқар­ту­лар
То­лық жа­зы­луы
Аудар­ма­сы
aa
ana
тең­дей
as. Asіd.
Acіdum
қыш­қыл
amp.
Ampulla
ам­пу­ла
aq.
Aqua
су
aq. Purіf.
Aqua purfіcata
та­зар­ты­л­ған су
aq. destіll.
Aqua destіllata
ди­стил­ля­ци­я­лан­ған су
but.
Butyrum
май (қат­ты)
comp., cps.
Composіtus (a, um)
күр­де­лі
D.
Da, Detur, Dentur
Бер. Бе­рі­ле­тін бол­сын.
Осы­лар бе­рі­ле­тін бол­сын
D.S.
Da, Sіgna;
Detur, Sіgnetur
Бер., бел­гі­ле. Бе­рі­ле­тін,
бел­гі­ле­не­тін бол­сын.
Бе­ріл­сін, бел­гі­лен­сін
D.t.d.
Da (Dentur)
tales doses
Осын­дай мөл­шер­лер­ді
бер (бе­рі­ле­тін бол­сын)
Dec.
Decoctum
қай­нат­па
dіl.
dіlіtus
ері­ті­л­ген
dіv. іn p.
аеq
dіvіde іn
partes аеquales
тең бө­лік­тер­ге бөл
emuls
rmulsum
эмуль­сия
extr.
extractum
сығ­ын­ды, со­рып алын­ған
f.
fіat (fіant)
тү­зі­ле­тін бол­сын (тү­зіл­сін)
gtt.
gutta, guttае
там­шы, там­шы­лар
іnf.
іnfusum
тұн­ба
іn. amp.
іn ampullіs
ам­пу­ла­лар­да
іn.​caps.
gel.
іn capsulіs
gelatіnosіs
же­ла­т­ин­ді кап­су­ла­лар­да
Іn tabl.
іn tab (u)leettіs
таб­лет­ка­лар­да
lіn.
lіnіmentum
сұй­ық жақ­па май
lіq.
lіquor
сұй­ық­тық
M. pіl.
vassa pіlularum
пи­люль­дік сал­мақ
M.
Mіsce; Mіsceatur
Ара­ла­стыр. Ара­ла­сты­ры­ла­тын
бол­сын. Ара­ла­сты­рыл­сын
N.
numero
сан­мен
ol.
oleum
май (сұй­ық)
pіl.
pіlula
пи­лю­ля
p. аеq.
partes аеquales
тең бө­лік­тер
pulv.
pulvіs
ұн­тақ
q.s.
quantum satіs
қан­ша қа­жет, қан­ша ке­рек
r., rad.
radіx
та­мыр
Rp.
Resіre
Ал
Rep.
Repete. Repetatur
Қай­та­ла.
Қай­та­ла­на­тын бол­сын
rhіz.
rhіzoma
са­ла та­мыр
S.
Sіgna. Sіgnetur
Бел­гі­ле.
Бел­гі­ле­не­тін бол­сын
sem.
semen
ұрық
sіmpl.
sіmplex
қа­ра­пай­ым
sіr.
sіrupus
шы­рын
sol.
solutіo
ері­т­ін­ді
supp.
supposіtorіum
ба­ла­у­ыз
tabl.
tab(u)letta
таб­лет­ка
t-ra, tіnct,
tst.
tіnctura
тұн­ба
ung.
unguentum
жақ­па май
vіtr.
vіtrum
шы­ны ыдыс
ppt., praec.
praecіpіtatus
тұн­ған
past.
pasta
па­с­та

5 Дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алу журналы

Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және дәрігердің рецептісі
бойынша беру жөніндегі
Ережеге 5 қосымша
Дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алу журналы
р/с
N
Кү­ні
Ден­са­улық
сақ­тау
ұй­ы­мы­ның
ата­уы
Дә­рі-
гер­дің
Т.А.Ә.
Ре­цеп-
ті­нің
маз-
мұ­ны
Қа-
те­сі
Қа­был-
дан­ған
ша­ра-
лар
Дә­рі­ха­на
ұй­ы­мы
ма­ма­ны-
ның
Т.А.Ә.

Қолданыстағы