Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации при получении увечья сотрудником органов государственной противопожарной службы в период исполнения им служебных обязанностей или служебного долга, а в случае его гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение

Қаулы · № 212 · қабылданған 05.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23100/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации при получении увечья сотрудником органов государственной противопожарной службы в период исполнения им служебных обязанностей или служебного долга, а в случае его гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение Күшін жойған Қаулы ·№ 212 ·05.03.2005
20.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации при получении увечья сотрудником органов государственной противопожарной службы в период исполнения им служебных обязанностей или служебного долга, а в случае его гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение

Күшін жойған Қаулы ·№ 212 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации при получении увечья сотрудником органов государственной противопожарной службы в период исполнения им служебных обязанностей или служебного долга, а в случае его гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
212
Қабылданған күні
05.03.2005
Көрсетілген редакция
20.10.2011 AI23100_6.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000212_
ЭКБ идентификаторы
23100
Редакция идентификаторы
AI23100_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:04

0 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы

"Өрт қауiпсiздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 5 наурыздағы
N 212 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесi

1

1. Осы Ереже "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертіккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн белгілейдi.

2

2. Бiржолғы өтемақы төлеудi мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызмет өткеретiн жерi бойынша бөлiмшенiң қаржы органы (бұдан әрi - қаржы органы) республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен алушының Қазақстан Республикасының шегiндегi екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы шотына аудару жолымен өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде жүргізеді.
Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақы төлеу оның тұратын жерi бойынша екiншi деңгейдегі банкiдегi ағымдарды шотына аудару жолымен ғана өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде бұл туралы бір уақытта қамқорлық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкілдерiн хабардар ете отырып жүргiзiледi.

3 3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадр аппараты өтемақы алуға құқығы бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн немесе адамдарды қаржы органына бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiш беру қажеттiгі туралы 15 күн iшiнде жазбаша хабардар етедi.

4 4. Бiржолғы өтемақы алу үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi немесе оны алуға құқығы бар адам мынадай құжаттарды ресiмдейдi және қаржы органына бередi:

1 1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметiнен босатылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда:

1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
кәмелетке толмаған алушының тууы туралы куәлiгінiң көшiрмесi;
неке туралы куәлiк не алимент туралы сот органдарының атқарушы парағы (қамқоршылық туралы құжат) не егер төлем алуға өтiнiш бiлдiрген адам қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерi болса мұрагерлiгiне құқығы туралы куәлiк;
қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) қызмет өткерген орнынан қаза табуының (қайтыс болуының) мән-жайы туралы қорытындының көшiрмесi;
қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) қаза тапқан (қайтыс болған) күнге алған ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасы;
қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметiнен босатылған күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтыс болған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қаза табу (қайтыс болу) фактiсi бойынша, бұдан басқа әскери-дәрiгерлiк комиссияның (бұдан әрi - ӘДК) қорытындысы берiледi;

2 2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия), мертiгуi, науқастануы салдарынан туындаған мүгедектігі белгіленген кезде:

1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
қызмет өткерген орнынан жарақат алуының, жаралануының (контузия алуының), мертiгуiнiң, науқастануының мән-жайы туралы қорытындының көшiрмесi;
денсаулығына зақым келген фактiсiн растайтын және осы ӘДК мөрiмен куәландырылған, ӘДК берген қорытындының көшiрмесi;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң оқиға болған күнге ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасы;
мүгедектен белгiлеу туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы анықтамасының көшiрмесi;

3 3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпаған ауыр немесе жеңiл мертiгу (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда:

1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қызмет өткерген орнынан ауыр немесе жеңіл мертiгу алуының мән-жайы туралы қорытындының көшiрмесi;
алған зақымының денсаулығына ауырлығы туралы емдеу-алдын алу мекемесiнiң не ӘДК-нiң анықтамасы;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң оқиға болған күнге ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасы.

5

5. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi немесе адам өтемақы төлеу туралы өтiнiш берген кезде қаржы органы осы Ереженiң 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және 2-қосымшаға сәйкес өтiнiштердi және біржолғы өтемақыларды төлеудi тiркеу журналында мекеме басшысының атына ресiмделген өтiнiштi тiркейдi. Осы Ереженiң 4-тармағында көрсетілген тиiстi құжаттар толық берілмеген жағдайда, өтiнiш тiркеуге жатпайды.

6 6. мемлекеттік өртке қарсы қызметтің уәкілеттi органы біржолғы өтемақыны тағайындауға арналған құжаттарды алған сәттен бастап 15 күннен аспайтын мерзiмде бiржолғы өтемақы тағайындау күнiн көрсете отырып, бiржолғы өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдайды.

7 7. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бiржолғы өтемақы төлеуден бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушi бас тарту туралы шешiм шыққан сәттен бастап 15 күн iшiнде бұл туралы жазбаша хабардар етiледi. Бұл ретте өтiнiш берушi шешiмге заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.

8 8. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда шығындарды өтеу жөнiндегi жұмыстарға жалпы басшылықты мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадр аппараттары жүзеге асырады.

1 Бiржолғы өтемақы төлеуге өтініш

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдарының қызметкерi қызметтiк
мiндеттерiн немесе қызметтiк
борышын атқару кезеңiнде мертiккен
жағдайда оған, ал ол қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда өтемақы
алуға құқығы бар адамдарға
бiржолғы өтемақы төлеу
ережесiне
1-қосымша
Кiмге _____________________________
(мекеме (ұйым) басшысының лауазымы,
___________________________________
арнайы атағы, аты-жөні)
________________________ мекен-жайы
бойынша тұратын
___________________________________
(өтiніш берушінiң аты-жөнi)
Бiржолғы өтемақы төлеуге өтініш
Маған ________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________ байланысты бiржолғы
(шығын өтелуі тиіс оқиғаның сипаты көрсетіледі)
өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
Маған тиесілі соманы _________________________________________
банктің атауы, банктің СТН-і, банктің МФО-сы,
____________________________________________________________________
алушының ағымдағы шотының N немесе байланыс бөлімшесi арқылы
_____________________________________________ аударуыңызды сұраймын.
аударылатын жағдайда оның мекен-жайы көрсетіледi)
Өтінiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________
Өтінiш берушiнің қолы ________ 200__ж. "____" ________
Құжаттар 200 ж. "__" _______ қабылданды. Қолы ___________________
(құжатты қабылдаған адамның қолы)

2 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдарының қызметкерi қызметтiк
мiндеттерiн немесе қызметтiк
борышын атқару кезеңiнде мертiккен
жағдайда оған, ал ол қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда өтемақы
алуға құқығы бар адамдарға
бiржолғы өтемақы төлеу
ережесiне
2-қосымша
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы
Өтi-
нiш-
тiң
келiп
түс­кен кү­ні
Мер­тiк­кен,
оның iшiн-
де қай­тыс
болған мем­ле­кет-
тік өрт­ке қар­сы
қыз­мет
қыз­мет­ке-
рiнiң
аты-жөнi
және оның
ме­кен-жайы
Мем­ле­кет-
тік өрт­ке
қар­сы
қыз­мет­тің
қай­тыс
болған
қыз­мет­керi
мұ­ра­ге­рі-
нің
аты-жө­ні
және оның
ме­кен-жайы
Шы­ғын­ды
өтеу
се­бебi
(қай­тыс
бо­луы,
мү­ге­дек-
тігі,
ауыр
неме­се
жеңiл
мер­тi-
гуi)
Бiр­жол-
ғы
өтем-
ақы­ның
со­ма­сы
Тө­лем
құ­жа-
ты­ның
N
және
кү­ні
Бас
тар­ту
се­бе­бі
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы