О мерах по совершенствованию нормативных правовых актов местных исполнительных органов Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по совершенствованию нормативных правовых актов местных исполнительных органов Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-3/50
- Қабылданған күні
- 17.02.2005
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2010 23105_174286.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05B0003038
- ЭКБ идентификаторы
- 23105
- Редакция идентификаторы
- 23105_174286
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:09
0 Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
"Кіші заң актілерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N№77-р өкіміне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру, құқықтық жұмысты сараптау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
1
1) барлық тіркеуден өткізілген нормативтік құқықтық актілерге қайта тексеріс жүргізсін және оларды күші жойылған деп танып, қажетті түзетулер енгізу арқылы қолданылып жүрген заңнаманың нормаларына сәйкес келтіру үшін пәрменді шаралар қолдансын, және де кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты актілерге баса назар аударсын;
2
2) жүргізілген жұмыстардың нәтижесі туралы 2005 жылдың 1 сәуіріне дейін Ақмола облысының әділет департаментіне, мемлекеттік тіркеуден өткізу және "Заң" деректер базасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінің өңірлік тарауына енгізу арқылы мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін тиісті актілерді қоса отырып, мәлімет тапсырсын;
3 3) тіркеуден өткізілген мемлекеттік құқықтық актілердің қабылданатын жоғарғы актілерге сәйкестігін тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін;
4
4) ай сайын облыс әкімінің аппаратына прокуратура органдарынан түскен наразылықтар, ескертулер, ұсыныстар саны туралы, оларда көрсетілген кемшіліктер мен қарау нәтижесін қысқаша мазмұндай отырып ақпарат, сонымен қатар бір тарабы әкімдік немесе әкім болып табылатын сот істерін қарау туралы ақпарат тапсырып отырсын.