Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Разработка технико-экономических обоснований местных бюджетных инвестиционных проектов (программ) и проведение его экспертизы"

Қаулы · № а-4/62 · қабылданған 02.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23110/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Разработка технико-экономических обоснований местных бюджетных инвестиционных проектов (программ) и проведение его экспертизы" Күшін жойған Қаулы ·№ а-4/62 ·02.03.2005
05.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Разработка технико-экономических обоснований местных бюджетных инвестиционных проектов (программ) и проведение его экспертизы"

Күшін жойған Қаулы ·№ а-4/62 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Разработка технико-экономических обоснований местных бюджетных инвестиционных проектов (программ) и проведение его экспертизы"
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджетте "Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізу" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-4/62
Қабылданған күні
02.03.2005
Көрсетілген редакция
05.10.2009 23110_174293.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05B0003057
ЭКБ идентификаторы
23110
Редакция идентификаторы
23110_174293
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:05

0 Облыстық бюджетте "Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізу" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-11 Бюджеттік кодексіне , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасында Бірыңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыстық бюджетте 003 "Жергілікті инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау және оған сараптама жүргізу" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың ұсынылып отырған Ережесі бекітілсін.

2

2. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы N А-8/189 "Облыстық бюджетте жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін сараптау және дайындау» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражаттарды пайдаланудың Тәртібін бекіту туралы" (Ақмола облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 8 тамызда N 2762 болып тіркелген) қаулысының күші жойылған деп танылсын.

3 3. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиісті.

4 Ақмола облыс әкімдігінің

2005 жылдың 02.03 N а-4/62
қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Облыстық бюджетте 003 "Жергілікті инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау және оған сараптама жүргізу" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-11 Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасында Бірыңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес дайындалды және облыстық бюджетте қарастырылған жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуге бағытталған қаржыны пайдаланудың тәртібін айқындайды (бұдан әрі - бағдарлама).

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті уәкілетті орган - экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) салалық уәкілетті орган - атқарушы орган, жергілікті инвестициялық жобаларды дайындау мен іске асыруға жауапты;

3

3) техникалық-экономикалық негіздеме - инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын жан-жақты зерттеу нәтижелері бойынша және инвестициялық жобаны экономикалық талдау негізінде әзірлеушілердің дайындаған есебі; техникалық-экономикалық негіздеме инвестициялық жобаның неғұрлым оңтайлы құрылымы бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін неғұрлым орынды маркетингтік, техникалық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да шешімдер бойынша ұсыныстарды қамтиды; жергілікті уәкілетті орган республикалық және жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді.

3

3. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде облыстық әкімдік айқындайтын техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу және оларға сараптама жүргізуді бірге қаржыландыру көзделетін жергілікті инвестициялық жобалардың тізбесі - (бұдан әрі - тізбе) негізінде жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жүргізу қаржыландырылады.

2 2-тарау. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі

4 4. Жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламада көзделген ақшаны атқарушы агенттіктер бойынша бөлу жөнінде облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізеді.

5 5. Облыстық бюджеттік комиссияның шешімі негізінде жергілікті уәкілетті орган облыстық әкімдіктің бекітуіне жобалар бойынша қаржыландыру көлемі көрсетілген тізбені енгізеді.

6

6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (жергілікті уәкілетті орган) облыстық әкімдіктің қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім қалыптастырады. Ақмола облысының қаржы департаменті жоспарлы тағайындауларды көрсетілген бағдарламадан атқарушы агенттіктердің тиісті бюджеттік бағдарламаларына ауыстыру арқылы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізеді.

7 7. Атқарушы агенттіктер техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды іске асыруды және тізбеге сәйкес тиісті облыстық бағдарламалар шеңберінде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын қаржыландыруды жүзеге асырады.

8

8. Салалық уәкілетті органдар «Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есепті дайындау және тапсыру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2003 жылы 15 тамызда N 2448 болып тіркелген, бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жергілікті уәкілетті органға ай сайын әр айдың 5-іне дейін, жыл сайын есеп берген жылдан кейінгі келесі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде есепті ұсынуы тиіс.

Қолданыстағы