Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии

Қаулы · № 233 · қабылданған 15.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23189/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии Күшін жойған Қаулы ·№ 233 ·15.03.2005
08.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии

Күшін жойған Қаулы ·№ 233 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии
Атауы (қаз.)
Жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
233
Қабылданған күні
15.03.2005
Көрсетілген редакция
08.11.2010 AI23189_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000233_
ЭКБ идентификаторы
23189
Редакция идентификаторы
AI23189_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:02

0 Жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау ережесiн бекiту туралы

"Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жағалау жиегінiң нақты орналасқан жерiн айқындау ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау ЕРЕЖЕСI

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 15 наурыздағы
N 233 қаулысымен
бекiтiлген
Жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау ЕРЕЖЕСI

1 1. Осы Жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау ережесi Қазақстан Республикасы аумағындағы су объектiлерiнiң жағалау жиегiн айқындау тәртiбiн регламенттейдi.

2 2. Су объектiсi (теңiздер, көлдер, өзендер, тоғандар және су қоймалары) бетiнiң құрғақ жер бетiмен белгiлi бiр уақыт аралығында қиылысу сызығы жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерi болып табылады.

3 3. Жағалау жиегi су объектiсi деңгейiнiң орташа көпжылдық жай-күйiне қатысты қолданылатын шартты түсiнiктi танытады.

4 4. Теңiздер, көлдер, өзендер мен су қоймаларының жағалау жиегi тұрақты және айқындалған; тұрақсыз және айқындалмаған (орташа көпжылдық, теңiздердiң су басып қалатын ойпаң жағалаулары, кеуiп бара жатқан көлдер мен су қоймаларының, батпақтардағы, жүзбелердегi көлдердiң жағалаулары) болуы мүмкiн.

5 5. Теңiздiң жағалау жиегi судың көтерiлу уақытындағы деңгейi неғұрлым жоғары кезiндегi қию сызығы, ал көтерiлу-қайту құбылысы болмаған кезде толқынның жағаға соғу сызығы болып табылады.

6 6. Каспий теңiзiнiң жағалау жиегi оның орташа көпжылдық деңгейi бойынша немесе Каспий жағалауындағы мемлекет ресми түрде таныған iрi масштабты карталарда көрсетiлген құрлықта немесе аралдарда толығымен немесе жартылай орналасқан бастапқы сызығы бойынша айқындалады.

7 7. Жағалау жиегi терең жырымдалған және иiрленген немесе жағалаудың бойында және оған тiкелей жақын жерде аралдар тiзбегi болған жерлерде аумақтық теңiздiң енi өлшенетiн бастапқы сызық тиiстi нүктелердi қосатын бастапқы тура сызықтар әдiсiмен айқындалады.

Аумақтық теңiздiң енiн өлшеу үшiн қабылданған бастапқы сызықтан жағалау жаққа қарай орналасқан теңiз сулары iшкi теңiз суларына жатады.

8 8. Өзендердiң және оларға теңестiрiлген арналардың, көлдердiң, тоғандардың жағалау жиектерi судың төменгi сабасын (судың неғұрлым төмен күйiндегi мезгiлдегi су деңгейi) қию сызығы болып табылады.

9

9. Iрi су қоймаларының жағалау жиегi су қоймасын пайдалануға қажетті су деңгейiне сәйкес болатын қалыпты сүйеу көкжиегiнiң сызығы болып табылады. Егер су қоймасы қалыпты сүйеу көкжиегiнiң деңгейiне дейiн толмаған болса, онда оның жағалау жиегi су қоймасының суға толған сәтiндегi су деңгейiнiң жай-күйi бойынша көрсетiледi және картографиялық материалдарда тұрақсыз және айқындалмаған жағалау жиегiнiң шартты белгiсiмен бейнеленедi.

Қолданыстағы