Құжат мәтініне өту

Об организации движения транспортных средств в период весеннего паводка на автодорогах местной сети

Қаулы · № А-4/65 · қабылданған 03.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23191/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации движения транспортных средств в период весеннего паводка на автодорогах местной сети Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/65 ·03.03.2005
02.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации движения транспортных средств в период весеннего паводка на автодорогах местной сети

Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/65 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации движения транспортных средств в период весеннего паводка на автодорогах местной сети
Атауы (қаз.)
Жергіліктік автомобиль жолдарында көктемгі су тасқыны кезінде көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-4/65
Қабылданған күні
03.03.2005
Көрсетілген редакция
02.04.2009 23191_174300.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05B0003065
ЭКБ идентификаторы
23191
Редакция идентификаторы
23191_174300
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:05

0 Жергіліктік автомобиль жолдарында көктемгі су тасқыны кезінде көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы , 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 "Автомобиль жолдары туралы"№ Заңы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" қаулысына сәйкес және жердің жібуі кезінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары мен жол қондырғыларының сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жыл сайынғы 28 наурызынан 20 мамырына дейін жергілікті маңызды, қиыршық тас, қара және асфальт-бетон төселген жолдарда осьіне түсетін салмағы 6 тоннадан асатын шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар мен тіркелмелі К-700, Т-150 тракторлардың жалпы қолданыстағы жолдармен жүруіне шектеу бойынша шаралар қолдансын.

2 2. Құрылыс, өнеркәсіп, көлік және басқа да мүдделі кәсіпорындарға, қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, көктемде жер жібігенге дейін қажетті жүктерін, әсіресе ауыр салмақты мен ірі көлемділерін ертерек тасып алу ұсынылсын.

3 3. Көлік бақылау басқармасы, ІІББ жол полициясы басқармасы, Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасы, РММ "Қазақавтодор" Ақмола облыстық филиалы, "Көкшетау жолдары" ашық акционерлік қоғамы белгіленген шектеулердің сақталуы мен уақытша жол белгілері орнатылуына бақылауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.

6 6. Ақмола облыс әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы N А-3/79(2382) "Көктемгі су тасқыны кезінде көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылсын.

Қолданыстағы