Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов

Бұйрық · № 72-I · қабылданған 10.02.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23218/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов Күшін жойған Бұйрық ·№ 72-I ·10.02.2005
06.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 72-I · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов
Атауы (қаз.)
Кеме құжаттарын беру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72-I
Қабылданған күні
10.02.2005
Көрсетілген редакция
06.08.2011 AI23218_4.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003479_
ЭКБ идентификаторы
23218
Редакция идентификаторы
AI23218_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:11

0 Кеме құжаттарын беру және жүргізу ережесін бекіту туралы

"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Кеме журналын беру және жүргізу ережесі;

2 2) Машина журналын беру және жүргізу ережесі;

3 3) Кемені тексерудің бірыңғай кітабын беру және жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Кеме журналын беру және жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2005 жылғы 10 ақпандағы
N 72-І бұйрығымен
бекітілген
Кеме журналын беру және жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Кеме журналын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже кеме журналын беру және жүргізу тәртібін белгілейді.

3 3. Кеме журналы осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан (КЖ-1 нысаны) бойынша кеме жүргізушісі мен механик қызметін қоса атқаратын және ішкі су жолдарында, сондай-ақ жағалау жүзуіне шыға отырып жұмыс істейтін экипажы бар әрбір өздігінен жүретін ішкі жүзу кемесінде жүргізіледі.

2 2. Кеме журналын жүргізу тәртібі

4 4. Кеме журналы, кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап, құқығы сақталған бүкіл уақыт кезеңі бойы жүргізіледі.

5 5. Кемені тұраққа жауапты сақталуға немесе жөндеуге тапсырған кезде, кеме журналы кемеде қалады, бірақ оны толтыру экипаждың кемеде болмауы уақытына тоқтатылады.

6 6. Кеме журналындағы барлық беттер нөмірленуі, тігілуі және кеме иесінің мөрімен бекітілуі тиіс.

7 7. Кеме журналын кезек бастығы (капитанның кезектегі көмекшісі) жүргізеді.

8 8. Мәтінді енгізген кезек бастығы оны өзгертеді және толықтырады, ал капитан тек толықтырады.

9 9. Кеме журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде анық және ұқыпты түрде көк немесе қара түсті пастамен (немесе сиямен) жазылады.

10 10. Кеме журналы оқиға болған сәтте немесе одан кейін кезек процесінде толтырылады. Жүрдек кемелердің ішкі су жолдарында жүзуі кезінде Кеме журналы аялдамада толтырылады.

11 11. Кеме журналының уақыты кеме сағаты бойынша 0 ден 24 сағатқа дейін 1 минут аралықпен жазылады. Сағаттар минуттардан нүктемен бөлінеді.

12 12. Әр тәуліктің жазбасы Кеме журналының жаңа бетіне жазылады. Тәулік соңына дейін толтырылмаған кестелер, бағандар және жолдар "Z" белгісімен сызылады.

13

13. Навигациялық сипаттағы жазбалардың көлемін, навигациялық картадағы төсеммен және тіркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бірге кеме бағытын қалпына келтіруге болатынын ескере отырып капитан белгілейді. Осы орайда, картадағы төсем, картаны қайталап пайдаланғанға дейін сақталады, ал өздігінен жазу таспалары - курсограмма, реверсограмма, эхограмма және басқалар - екі жыл бойы сақталады.

14 14. Кеме орны жүру кезегі соңында, сондай-ақ, капитанның немесе кезек бастығының пікірі бойынша қажетті барлық жағдайларда Кеме журналында тіркеледі.

15 15. Жүзудің ерекше шарттары бар ауданға жақындаған кезде қалыпты іс-шаралардың орындалуын тіркеу қажет емес.

16 16. Кезек бастығы өз жазбаларына лауазымын көрсете отырып қол қояды. Қол қойғаннан кейін кезек бастығы өзінің тегін көрсетеді.

17 17. Капитан кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әр беттің соңына қолын қойып куәландырады. Кемеге қатер төнген жағдайда кеме капитаны Кеме журналын сақтап қалуға барлық шараны қолданады.

18 18. Толтырылған Кеме журналдары жалпы негізде қызметтік құжаттармен бірге екі жыл сақталады да, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.

19 19. Кеме журналын жүргізу ережесі Капитан мен кезек бастығының Кеме журналына, кемеге қатысты және олардың пікірінше кеменің, кеме иесінің, жолаушылардың және жүктің мүдделерін қорғау үшін маңызы бар қандай да болмасын жазбаны енгізу құқығын шектемейді.

Басқа тұлғалардың кеме журналындағы осы жайлы қандай да болмасын жазбалары мен талаптары жоққа шығарылады.

20 20. Күні (күні, айы, жылы) Кеме журналы айналымының әрбір сол жақ бетінде жазылады. Күнінен оңға қарай апта күні көрсетілуі мүмкін, сонымен қатар кеме уақытын санау жүйесі (журналға ең алғаш жазба және өзгерту жазылғанда).

21 21. Екінші жолда кеме тұрағының орны, рейд, порт, жағалау атауы көрсетіледі, ал жүрістегі кеменің - жүзу аймағы (өзен, канал, су қоймасы, көл, теңіз, олардың шығанағы немесе бөлігінің атаулары). Оңға қарай сол бойынша жүзу жүргізілетін немесе кеме тұрағының орны көрсетілген карта нөмірі қойылады.

22 22. "Тәулік бойғы кеме жұмысы" деген 1-кестеде жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүкті қабылдау және өткізу, жетекке алу, технологиялық және басқа жұмыстарды орындау үшін кеменің аялдамалары белгіленеді.

23 23. 1.1-бағанға - рейс нөмірі өзгерген кезде жазылады.

24 24. 1.2-бағанда - кеме аялдамаларының пункттері олардың іс жүзіндегі дәйектілігімен көрсетіледі, 1.3-бағанда - аялдаманың осы пунктіне кеменің келу уақыты, 1.4-бағанда - осы пункттен шығу уақыты көрсетіледі.

25 25. 1.5-бағанда жолаушылар саны (экипажды есепке алу немесе жағалау мәліметтері бойынша) және осы аялдау пунктінен жөнелтілген сәттегі кемедегі жүктің саны мен атауы көрсетіледі.

26 26. 1.6-бағанда осы пункттен жіберілген сәттегі кеменің (құрамның) ең үлкен шөгуі көрсетілуі мүмкін.

27 27. "Гидрометеорологиялық деректер" деген 2-кестеде ауа-райы және теңіз жағдайы жайлы деректер 2.1-бағанда көрсетілген мерзімде жазылады.

28 28. 2.2-бағанда желдің шынайы бағыты (10 градус аралықпен) және оның жылдамдығы метр секундпен жазылады.

29 29. 2.3-бағанда толқынның бағыты (толқындану келетін бағыт) 10 градус аралықпен және баллмен көрсетілген теңіз бетінің жағдайы (көл, су қоймасы) жазылады. Өзенде және порт суларында тиісінше "өзен", "порт" деп жазылады.

Егер су бетінде мұз болса, онда "М" белгісі жазылады және мұздың тығыздығы баллмен көрсетіледі.

30 30. 2.4-бағанда шартты белгімен ауа райының жағдайы (А-ашық, Б-бұлтты, Тү-түтін, Қғ-қараңғы, Т-тұман, Ж-жаңбыр, Қ-қар, Бұ-бұршақ, Н-найзағай) және көріну ұзақтығы километрмен жазылады.

31 31. 2.5-бағанда мм-гі атмосфералық қысым, ал 2.6-бағанда - сыртқы ауаның температурасы жазылады.

32 32. "Өткен қашықтық" деген 3-кестеде арақашықтық 3.1-(километр) бағанда, кеменің әрбір 4 сағатта нақты өткен (немесе уақыттың басқа аралықтарында) және тұтастай тәулік ішінде өткен қашықтығы 3.2-бағанда көрсетіледі.

33 33. "Навигациялық мәліметтер, оқиғалар, әрекеттер" деген 4-кестеде 4.1-бағанда көрсетілген мерзімдегі навигациялық ахуалдың жай-күйі туралы деректер жазылады.

34 34. 4.2-бағанда жүріп өткен қашықтық жазылады.

. 35. 4.3-бағанда навигациялық ахуалдың жай-күйі туралы мәліметтер жазылады.
Мұздарда жүзуі кезінде мұзға кіруі және одан шығуы, мұздың сипаты мен тығыздығы, алынған өкімдер мен метеожағдайы жазылады.
Кемеде көлік оқиғасы болған жағдайда: көлік оқиғасының орны, мән-жайы және сипаты, оның салдары, кеме мен механизмдердің көлік оқиғасынан кейінгі жағдайы; экипаждың көлік оқиғасын болдырмау және оның салдарын жою жөніндегі іс-әрекеті толық жазылады. Басқа кемемен соқтығысқан кезде, сондай-ақ, жақындасу жағдайы, бұрылып кету үшін алдын ала жасаған маневрлері, соқтығысқан кеменің атауы және тіркелген бекеті, шыққан және баратын бекеті, зақымдану сипаты жазылады. Кеме мұздан зақымданған кезде - мұз жағдайының сипаты қосымша жазылады.
Дабыл (жаттығу) кезінде оның түрі, жариялану уақыты мен аяқталуы жазылады.

36 36. "Бас қозғалтқыштардың жұмысы" деген 5-кестеде бас қозғалтқышты іске қосудың және тоқтатудың сәттері, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі. Қозғалтқыштардың қысқа уақытқа тоқтауы тіркелмейді.

37 37. 5.1 және 5.4-бағандарда қозғалтқыштарды іске қосудың сәттері, 5.2 және 5.5-бағандарда - тоқтатудың сәттері, ал 5.3 және 5.6-бағандарда - жұмыстың ұзақтығы көрсетіледі.

38 38. 5.3 және 5.6-бағандардағы соңғы жолдың алдындағы жолға қозғалтқыштардың осы тәуліктегі, ал соңғы жолға - осы күнтізбелік айдағы (өсу қорытындысымен) жалпы жұмысының уақыты көрсетіледі.

39 39. "Бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі" деген 6-кестеде кеменің бас қозғалтқыштарының бақылау аспаптарының көрсетулері жазылады. 6.2-бағанға жазылатын бүтін сағатқа еселенген жазба әрбір төрт сағаттан сиретпей орындалады.

6.3-бағанда қозғалтқыштардың айналу жиілігі (айн/мин) жазылады.

40 40. Сүзгіге дейінгі майдың қысымы (аспаптарды бөліктеу бірлігінде) 6.4-бағанда көрсетіледі, ал сүзгіден кейінгісі - 6.5-бағанда көрсетіледі.

41 41. 6.6-бағанда қозғалтқыштан кейінгі майдың, 6.7-бағанда - шығудағы судың, 6.8-бағанда - шығатын газдардың (жалпы) температурасы (С 0 ) жазылады.

42 42. "Көмекші қозғалтқыштардың жұмысы" деген 7-кестеде көмекші қозғалтқыштарды іске қосудың және тоқтатудың жағдайлары, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі.

43 43. 7-кестенің бірінші жолында дизель генераторларының нөмірі көрсетіледі (осы жолдың соңғы екі бағанында төртінші және бесінші дизель генераторларының нөмірлері жазылуы немесе осы тәулікте қайтадан іске қосылған дизель генераторларының нөмірлері қайталануы мүмкін).

44 44. 7-кестенің екінші жолда дизель генераторларын іске қосудың сәттері, ал үшінші жолда - оларды тоқтатудың сәттері (дизель генераторларының қысқа уақытқа қосылулары тіркелмейді) белгіленеді.

45 45. 7-кестенің соңғысының алдындағы жолда осы тәуліктегі әрбір дизель генераторының жұмыс уақыты, ал соңғы жолында тапсырма берілген күнтізбелік ай (өсу қорытындысымен) көрсетіледі.

1 Кеме журналын беру және

жүргізу ережесіне қосымша
КЖ-1 нысаны
Мұқабасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі Кеме журналы
_____________________________
(кеме атауы)
20____ жылғы_________________
Бетпарақ
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі Кеме журналы
N _____
1. Кеме атауы ______________________________________________________
2. Кеме түрі________________________________________________________
3. Кеме иесі________________________________________________________
4. Кеменің шақыру сигналы___________________________________________
5. Кеменің тізімге алыну пункті_____________________________________
6. Сәйкестендіру нөмірі_____________________________________________
7. Кеме капитаны ___________________________________________________
20___жылғы _________ басталды
20___жылғы _________ аяқталды
20__жылғы "___"__________ __________________________________
Аудан, орны:__________________________________________________
Тәу­лік бой­ғы ке­ме жұ­мысы (1-кесте)
Гид­ро-
ме­тео-
ро­ло-
ги­я­лық
де­рек-
тер
(2-кес-
те)
Рейс
Аял­дау
пунк­ті
Уа­қы­ты
Жо­ла­у­шы­лар са­ны, жүк­тің мөл­ше­рі мен ата­уы
Шө­гуі
Са­ғат
ке­лу
ке­ту
1.1
1.2
1.3
1.4
1.5
1.6
2.1
таблицаның жалғасы
Гид­ро­ме­тео­ро­ло­ги­я­лық де­ректер (2-кесте)
Жү­ріп өт­кен
қа­шық­тық
(3-кесте)
Жел
Су ай-
ды­ны
(те­ңіз)
Ауа­райы,
кө­рі­нім
Атм.
қы­сым, мм сы.
нап ба.
ға­на­сы
Тем­пе-
ра­ту­ра, С 0
Са­ғат
Тәу­лік
2.2
2.3
2.4
2.5
2.6
3.1
3.2
На­ви­га­ци­я­лық мә­лі­мет­тер, оқи­ға­лар, әре­кет­тер (4-кесте)
уа­қы­ты
км
Бас­қа да мә­лі­мет­тер
4.1
4.2
4.3
Бас қоз­ғалт­қы­штар­дың жұ­мысы (5-кесте)
Сол жақ
Оң жақ
іс­ке
қо­су
тоқ­та­ту
жұ­мысы
іс­ке
қо­су
тоқ­та­ту
жұ­мысы
5.1
5.2
5.3
5.4
5.5
5.6
Тәу­лі­гін­де
Тәу­лі­гін­де
Ай­ын­да
Ай­ын­да
Бас қоз­ғалт­қы­штар­дың жұ­мыс тәр­ті­бі (6-кесте)
қоз­ғалт-
қыш
са­ға­ты
ай­на­лу
жи­і­лі­гі
(айн/
мин)
Май­дың қы­сы­мы
Шы­ғу ке­зін­де­гі
тем­пе­ра­ту­ра (С 0 )
сүз­гі­ге
дей­ін­гі
сүз­гі­ден
кей­ін­гі
май
су
га­з­дар
(жал-
пы)
6.1
6.2
6.3
6.4
6.5
6.6
6.7
6.8
сол жақ
оң жақ
Кө­мек­ші қоз­ғалт­қы­штар­дың жұ­мысы(7-кесте)
Ди­зель
ге­не­ра­тор­ла­ры
N 1
N 2
N 3
Іс­ке қо­су
Тоқ­та­ту
Тәу­лі­гін­де
Ай­ын­да
Соңғы парақ
Журналда ___________ парақ тігілген және нөмірленген
____________________________________________________________________
Журналды бекіткен адамның лауазымы, тегі және қолы
М.О. 20___ жылғы "____"_________

2 Машина журналын беру және жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2005 жылғы 10 ақпандағы
N 72-І бұйрығымен
бекітілген
Машина журналын беру және жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Машина журналын беру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже Машина журналын беру және жүргізу тәртібін белгілейді.

3 3. Қазақстан Республикасының бір немесе екі бас қозғалтқышы бар барлық өздігінен жүретін кемелерінде Машина журналын жүргізу қажет және осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда (МЖ-1 нысаны) толтырылады.

2 2. Машина журналын беру және жүргізу тәртібі

4 4. Кемедегі Машина журналы ресми кеме құжаты болып табылады, онда кемені, оның механизмдерін пайдалану және экипаж қызметі көрсетілген мәліметтер хронологиялық ретпен жазылады.

5 5. Машина журналының барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады. Машина журналын кеме иесі кеме капитанына қолхатпен береді.

6 6. Механиктің кезектегі көмекшісі барлық кезектің бастығы болып табылады және Машина журналында жазба жүргізеді.

Механиктен және оның көмекшілерінен басқа, кеме экипажының мүшелері мен кемеге отырған адамдарға, олардың лауазымдық дәрежесіне және кемеге келу мақсатына қарамастан, Машина журналына қандай да бір жазбалар немесе түзетулер енгізуге рұқсат етілмейді.

7 7. Кезек уақытында кезек механигі механизмдерді пайдалану мен жұмысы туралы барлық мәліметтерді жазады, жұмыс арасындағы үзілістерде және кезек аяқталғаннан кейін журналға кезек туралы қажетті мәліметтерді енгізеді және онда лауазымын және тегін көрсете отырып, өз қолын қояды.

8 8. Машина журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.

9 9. Жазғанды өшіруге, жолдардың арасына және одан тыс қыстырып жазуға, сондай-ақ кейіннен жазу үшін орын қалдыруға рұқсат етілмейді.

10

10. Машина журналындағы мәтінді тек негізгі мәтінді жазған адам және кеменің капитаны-механигі түзете және толықтыра алады. Қате жазылған мәтін жеңіл оқылатындай етіп жіңішке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Соңғы жақшадан кейін сандық түсіндірме белгісі жазылады. Кезектегі барлық жазбадан кейін немесе беттің соңында (бірақ капитан мен механиктің қолынан жоғарыда), сол түсіндірме белгіден кейін дұрыс мәтін жазылады немесе сызылған мәтінді алмастыру қажет болмаса "Қате жазылған" деп жазылады. Қажетті қосымша мәтін сондай-ақ түсіндірмеде жазылады, бұл ретте негізгі мәтіндегі түсіндірме белгісі одан кейін толықтыру оқылатын сөзден соң қыстырылып жазылады. Әрбір түсіндірменің мәтініне түзетуді орындаған адамның қолы қойылады.

11 11. Машина журналындағы жазбаларды кеме механигі тексереді, әрбір оң беті оның қолымен куәландырылады. Журналды жүргізу бойынша барлық ескертулерді механик өзінің көмекшілеріне ауызша хабарлайды. Кезек механигі жазбаларды парақтың соңында өз қолымен куәландырады.

12 12. Толтырылған Машина журналы кемеде 2 жыл сақталады, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.

13

13. 1-кестеде уақыт мезетіне ("Уақыт, сағат" бағанына жазылатын әдетте бүтін сағатқа еселік) әрбір төрт сағаттан сиретпей және қалыпты көрсеткіштерден ауытқулар болған кезде айналымдағы винттің айналу жиілігі минутпен, бас қозғалтқыштары және қысым мен температура жүйесінің бақылау аспаптарының көрсеткіштері жазылады.

14 14. 2-кестеде кеме сағаты бойынша (1 минутқа дейінгі дәлдікпен) бас қозғалтқышты іске қосудың және тоқтатудың уақыт мезеті жазылады. Уақыт мезеттері төрт таңбалы санмен жазылады, сағаттар минуттан нүктемен ажыратылады;

Кестенің соңында бас қозғалтқыштардың бір тәуліктегі жұмысы айдың басынан бастап өсу қорытындысымен (0,1 сағатқа дейінгі дәлдікпен) жазылады.

15 15. 3-кестеде кемеге жанармай мен майды қабылдау, оның шығысы мен бар болуы туралы мәліметтер жазылады. Жанармай мен майға арналған бағандардың басында олардың маркасы жазылады. "0 сағатта бар болу" жолы алдыңғы тәуліктің 24 сағат қалдық туралы жазбаға сәйкес толтырылады.

16 16. 4-кестеде 00.00 сағат уақыт мезетіне танкілердегі жанармай мен майдың деңгейін өлшеу нәтижелері сантиметрмен жазылады.

17 17. 5-кестеде 00.00 сағат уақыт мезетіне танкілердегі жанармай мен майдың және судың деңгейін өлшеу нәтижелері сантиметрмен жазылады.

18 18. 6-кестеде кемеге жанармайды, майды және суды қабылдау, оның шығысы және бар болуы туралы мәліметтер жазылады. Жанармай мен майға арналған бағандардың тақырыбына олардың маркасы жазылады. "0 сағатта бар болу" жолы алдыңғы тәуліктің 24 сағат қалдық туралы жазбаға сәйкес толтырылады.

19 19. Мәліметтер қысқа, түсінікті және екіұдай түсінік бермейтін нысанда жазылады.

* Ескерту : Жанармайды, майды және суды қабылдау (өткізу) туралы құжаттардың нөмірі журналдың оң жағына жазылады.

20 20. Әрбір кезектің жазбасы жаңа жолдан басталады және оларды бекітетін қол қоюды қоса алғанда, қандай да бір жол қалдырусыз жүргізіледі.

21 21. Кеме уақыты түн ортасынан - 0 сағаттан 24 сағатқа дейін саналады. Уақыт мезеті төрт таңбалы санмен жазылады және сағаттар минуттан нүктемен ажыратылады. Оң жақ бетіндегі кез келген жазба 1 минутқа дейінгі дәлдікпен кеме сағаты бойынша уақыт мезетінен басталады.

22 22. Беттің тақырыбында бірінші жолға апта күнінің атауы, күні, айы және жылы, екінші жолға - рейдтің, айлақтың немесе жүзу ауданының атауы жазылады.

23 23. Тәуліктің басында 00.00 мезетке кеменің орны, жай-күйі іс-әрекеті туралы мәліметтер жазылады.

24 24. Кезектің басында кезекке шыққан және кемеде жұмыс істейтін адамның аты-жөні, ал қажет кезде - кеменің тоқтауы және іс-әрекеті туралы қосымша мәліметтер жазылады.

25

25. Кезектің соңында кеменің орны, жағдайы, жай-күйі және іс-әрекеті туралы мәліметтер толық жазылады. Барлық жағдайларда да жазба "Ерекше белгілер" деген тақырыпшамен аяқталады, одан кейін бас қозғалтқыштар мен механизмдердің ерекше назар аудару қажет жұмысы жөнінде ескертулер немесе егер ерекше ескертулер жоқ болса "Ескертусіз" сөзі жазылады.

26 26. Барлық экипаждың немесе оның едәуір бөлігінің қатысуымен қауырт жұмыс кезінде оның тағайындалуы мен аяқталуы туралы мәліметтер жазылады.

27 27. Бас қозғалтқыштар мен көмекші механизмдердің режимі, егер олар белгіленген нормаларға сәйкес келмесе, және басқа жағдайларда қажет болғанда, себебі көрсетіле отырып жазылады.

28-30 28-30. 28-30-тармақтар алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 27.04.2006 № 103 бұйрығымен.

3 Машина журналын беру және

жүргізу ережесіне қосымша
МЖ-1 нысаны
Мұқабасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі Машина журналы
____________________________
(кеменің атауы)
20___жылғы _________________
Бетпарақ
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі Машина журналы N ______
Кеменің атауы ______________________________________________________
Қозғалтқыш _________________________________________________________
Кеме иесі __________________________________________________________
20___жылғы _________________ басталды.
20___жылғы _________________ аяқталды.
1-кесте
Уа­қыт, сағ
Винт­тің
ай­на­лу
жи­і­лі­гі
Айн/мин
Май­дың
қы­сы­мы
кгс/см
Тем­пе­ра­ту­ра С o
Май­дың
Су­дың
6-кесте
Си­патта­ма
Ди­зель оты­ны,
тон­на
Ди­зель майы,
кг
0 са­ғат­қа бар­лы­ғы
Қа­был­дан­ды
Тап­сы­рыл­ды
Тәу­лі­гін­де­гі шы­ғыс
24 са­ғат­та­ғы қал­ды­ғы
таблицаның жалғасы
2-кесте
3-кесте
Бас қоз­ғалт­қы­штар­дың жұ­мысы
Қо­сым­ша қоз­ғалт­қыш-
тың жұ­мысы
Сол жақ
Оң жақ
Іс­ке
қо­су
Тоқ­та­ту
Іс­ке қо­су
Тоқ­та­ту
Іс­ке қо­су
Тоқ­та­ту
Тәу­лік­те­гі жұ­мыс, са­ғат
Ай­дың ба­сы­нан жұ­мыс, са­ғат
4-кесте
Ме­ха­низмдер
Жұ­мыс, са­ғат
Тәу­лік­те
Ай­дың
ба­сы­нан
Өрт сөн­дір­гіш сор­ғы
Құр­ғат­қыш сор­ғы
Май сор­ғы­сы
Кө­мек­ші сор­ғы
6-кесте
5-кесте
Си­патта­ма
Танк­тер­ді өл­шеу
Су, тон­на
Танк N
Отын,
тон­на
Май, кг
Су, тон­на
Кезек механигі ______________________________________

4 Кемені тексерудің бірыңғай кітабын беру және жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2005 жылғы 10 ақпандағы
N 72-І бұйрығымен
бекітілген
Кемені тексерудің бірыңғай кітабын беру және жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Кемені тексерудің бірыңғай кітабын беру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже Кемені тексерудің бірыңғай кітабын (бұдан әрі - Бірыңғай кітап) беру және жүргізу тәртібін белгілейді және ол осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан (БК-1 нысаны) бойынша толтырылады.

2 2. Бірыңғай кітапты беру және жүргізу тәртібі

3 3. Бірыңғай кітапты кеме иесі кеме капитанына қолхатпен береді.

4 4. Бірыңғай кітаптың барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі басылады.

5 5. Бірыңғай кітапты жаңасына ауыстыруға тек бақылаушы органдар оны толық пайдаланғаннан соң рұқсат етіледі, бұл ретте кеме иесі пайдаланылған Бірыңғай кітапты алып қояды. Егер бақылаушы органдардың пайдаланылған кітаптағы талаптары орындалмаған болса, онда олар жаңа кітапқа ауыстырылып жазылады.

6 6. Кемені тексерудің бірыңғай кітабы кезек бастығының рубкасында сақталады және бақылаушы органдар өкілдерінің алғашқы талабы бойынша беріледі.

7 7. Бақылаушы органдардың өкілдері кемені тексерудің нәтижесін актімен ресімдейді. Акті екі данада ресімделеді, олардың біреуі Бірыңғай кітапта, екіншісі - бақылаушы органның өкілінде қалады.

Актінің екінші данасын ресімдеу үшін астына таза ақ парақ қойылады және жазба көшірме қағаз арқылы жүргізіледі.
Актілер бақылаушы органның өкілі кемеден кемшіліктер таппаған жағдайларда да жасалады.

8 8. Бірыңғай кітапқа енгізілген ұсыныстар мен ұйғарымдар, егер олар техникалық пайдалану ережесіне және басқа да қолданыстағы ережелерге, нұсқаулықтар мен нормаларға қайшы келмесе, белгіленген мерзімде орындалуға жатады.

9 9. Кеменің капитаны Бірыңғай кітапты жүйелі түрде тексереді және ескертулерді белгіленген мерзімде жою жөніндегі шараларды қабылдайды, ол жайында әрбір жазбаның қарсысында кемшіліктерді жою күнін көрсете отырып белгілеу жүргізеді.

10 10. Кеме иесі Бірыңғай кітапты тексереді және ондағы белгіленген кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды.

5 Кемені тексерудің бірыңғай

кітабын беру және жүргізу
ережесіне қосымша
БК-1 нысаны
Мұқабасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Кемені тексерудің бірыңғай кітабы
________________________________
(кеменің атауы)
20___жылғы _____________________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі Бетпарақ
Кемені тексерудің бірыңғай кітабы
Кеменің атауы _____________________________________________________
Кеме иесі __________________________________________________________
20___жылғы _________________ басталды.
20___жылғы _________________ аяқталды.
Соңғы парақ
Журналда ______________ парақ тігілген және нөмірленген.
____________________________________________________________________
Журналды бекіткен адамның лауазымы, тегі және қолы
М.О. 20___жылғы "____"_________

Қолданыстағы