Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования перечней приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ)

Қаулы · № 247 · қабылданған 18.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23231/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования перечней приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ) Күшін жойған Қаулы ·№ 247 ·18.03.2005
17.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования перечней приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ)

Күшін жойған Қаулы ·№ 247 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования перечней приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ)
Атауы (қаз.)
Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
247
Қабылданған күні
18.03.2005
Көрсетілген редакция
17.04.2009 AI23231_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000247_
ЭКБ идентификаторы
23231
Редакция идентификаторы
AI23231_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:01

0 Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 151-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiліп отырған Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 18 наурыздағы
N 247 қаулысымен
бекiтiлген
Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi.

2 2. Ереже басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн дайындау, сондай-ақ басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн келiсу тәртiбiн айқындайды.

3 3. Ереженiң мақсаты бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) (бұдан әрi - жоба(лар) iске асыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау жүйесiнiң тиiмділігiн арттыру болып табылады.

4 4. Жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi немесе екiншi жылы iске асырыла бастайтын басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру белгiленген тәртiппен бекiтілген жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесi бар iрiктелген жобалар негiзiнде жүзеге асырылады.

5 5. Жоспарланатын кезеңнiң екiншi немесе үшiншi жылы iске асырыла бастайтын жоспарланатын жобалар ретiнде басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру iрiктелген инвестициялық ұсыныстар негiзiнде жүзеге асырылады.

6 6. Басым жобалардың тiзбелерi басым жобалар бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң өтiнiмдерi (бұдан әрi - өтiнiмдер) негiзiнде қалыптастырылады.

7 7. Өтiнiмдер мынадай құжаттармен қоса енгiзiледi:

1 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк және салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлiнiсiнде басымдылық тәртiбiмен ранжирленген басым жобалардың тiзбелерi;

2 2) функционалдық топтар мен бюджеттiк бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым жобалардың тiзбелерi;

3 3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиiстi құжаттардың көшiрмелерi қоса берілген басым жобалардың тiзбелерiне енгiзу үшiн ұсынылатын жобалар бойынша құжаттама құрамы;

4 4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны iске асырудың жоспар-кестесi;

5 5) жоспарланатын кезеңнiң әрбiр жылы аяқталғаннан кейiн жобаларды iске асырудан күтілетiн нәтижелердiң сандық индикаторларын көрсете отырып, жоба бойынша қажеттi құжаттар мен есептер қоса берілген жоспарланатын кезеңнiң әрбiр жылына арналған жоба бойынша қаржыландыру көлемiнiң негiздемесi.

8

8. Өтiнiмдердi, оның iшiнде жергiлiктi жобалар бойынша өтiнiмдердi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн заңнамада белгіленген мерзiмдерге сәйкес экономикалық жоспарлау жөнiндегi тиiсті уәкiлеттi органға тапсырады.
Белгiленген мерзiмнен кеш тапсырылған өтiнiмдер басым жобалардың тiзбелерiне қосу тұрғысынан қаралмайды.

2 2-тарау. Басым жергiлікті жобалардың тiзбелерiн келісу

9 9. Басым жергiлiктi жобалардың тiзбелерiн қалыптастырған кезде экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілеттi органдар экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларын тапсырады.

10 10. Басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларына талдамалық анықтама қоса беріледi, онда:

1 1) бюджеттiк инвестициялардың өткен орта мерзiмдi кезеңде жүзеге асырылуын талдау;

2 2) алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған бюджеттiк инвестициялар саясаты;

3 3) сандық индикаторларды келтiре отырып, жоспарланатын орта мерзiмдi кезеңнiң әрбiр жылы бойынша күтiлетiн нәтижелер көрсетіледi.

11 11. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілеттi орган басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң бюджеттiк инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.

12

12. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларын қарағаннан кейiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергілiктi уәкiлеттi органдар экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ұсынымдарын қабылдау жөнiндегi (мұндай ұсынымдар болған жағдайда) салыстырма кестемен қоса, оларды мақұлдау үшiн жергілiктi бюджет комиссияларының қарауына тапсырады.

13

13. Жергiлiктi бюджет комиссиялары мақұлдаған басым жергiлiктi жобалардың тiзбелерi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ұсынымдарын ескере отырып пысықталған талдамалық жазбамен қоса, қабылданбаған ұсынымдар (мұндай ұсынымдар болған жағдайда) жөнiндегi себептердiң негiздемесiмен бiрге экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiберiледi.

1 Ұсынылатын республикалық (жергілiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi

Басым бюджеттiк инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың)
тізбелерін қалыптастыру
ережесіне 1-қосымша
Ұсынылатын республикалық (жергілiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi
Бюджеттiк бағдарламалардың
әкiмшiсi бойынша _______________
(мың. теңге)
Р/с
N
Бюд­жет­тік
ин­ве­сти-
ци­я­лық
жо­ба­ның
(бағ­дар-
ла­ма­ның)
ата­уы
Іс­ке
асы­ру ке­зе­ңі
Жал­пы
құ­ны
Жыл­дар бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мi:
Жос­пар­ла­нып отыр­ған ке­зең­ге
дей­iн, оның iшiн­де
Бар­лы­ғы
жос­пар­ла­нып
отыр­ған­ның
ал­дын­да­ғы
жы­л­ға (факт)
ағым­да­ғы
жы­л­ға
(жос­пар)
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Жыл­дар бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мi:
Жос­пар­ла­нып отыр­ған ке­зең­ге
ар­нал­ған (бо­лжам)
Жос­пар­ла­нып
отыр­ған
ке­зең­нен
кей­ін
жос­пар­ла­нып
отыр­ған
ке­зең­нiң
1-жы­лы
жос­пар­ла­нып
отыр­ған
ке­зең­нiң
2-жы­лы
жос­пар­ла­нып
отыр­ған
ке­зең­нiң
3-жы­лы
8
9
10
11
Толтырылған күнi ________________
_______________________________________________
(Бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсi жетекшiсiнiң
қолы және аты-жөнi)
Ескертпе: 1) 4, 8-11-бағандарда ақпарат бөлшек түрінде - бекітілген
басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне сәйкес алымында, бөлімінде ББӘ-нің
ұсынысы көрсетіледі;

2 2) 4-бағанда барлық қаржыландыру көздерін есепке ала

отырып, жобаның жалпы құны көрсетіледі (2-бағанда
қаржыландыру көздері көрсетіледі);

3 3) 6-бағанда қаржы жылындағы жоба бойынша кассалық

атқарылу көрсетіледі;

4 4) 7-бағанда бекітілген бюджетке сәйкес жоба бойынша сома

көрсетіледі.

2 қосуға ұсынылатын бюджеттiк инвестициялық

Басым бюджеттiк инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың)
тізбелерін қалыптастыру
ережесіне 2-қосымша
______________________ жылдарға арналған Басым бюджеттiк
(кезеңi көрсетілсiн) инвестициялық жобалардың тiзбесiне
қосуға ұсынылатын бюджеттiк инвестициялық
жобалар (бағдарламалар) бойынша
құжаттаманың құрамы
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшісi
бойынша ______________________________
P/c
N
Бюд­жет-
тік
ин­вес-
ти­ция-
лық
жо­ба­ның
(бағ-
дар­ла-
ма­ның)
ата­уы
ТЭН
ТЭН
бой­ын­ша
Мем-
са­рап-
та­ма­ның
қо­ры-
тындысы
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли-
ка­сы
Ин­ду­стрия
және са­уда
ми­нистр-
лi­гi
Құ­ры­лыс
және
тұр­ғын
үй-ком­му-
нал­дық
ша­ру­а­шы­лық
ко­ми­тетi-
нiң TЭH-дi
бе­кі­ту
ту­ра­лы
бұй­ры­ғы
Эко­но­ми-
ка­лық
са­рап­та-
ма­ның
қо­ры­тын-
дысы
ТЭН бе­кі­ту ту­ра­лы
бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма
әкім­шiсi­нің бұй­ры­ғы
N және күнi
(келiс­кен/
келiс­пе­ген)
Бұй­рық­қа
сәй­кес
жо­ба­ның
жал­пы
құ­ны
(мың
тең­ге)
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
ЖСҚ
ЖСҚ
бой­ын­ша
Мем­са-
рап­та­ма-
ның
қо­ры­тын-
дысы
ЖСҚ-ны
бе­кі­ту
ту­ра­лы
бұй­рық
Бекiтіл-
ген
ЖСҚ-ға
cәй­кec
жо­ба­ның
жал­пы
құ­ны
(мың
тең­ге)
Та­у­ар­лар­ды
(жұ­мыстар­ды
және қыз­мет-
тер­ді)
мем­ле­кет­тiк
са­тып алу
ту­ра­лы
шар­ттар­ға
сәй­кес
жо­ба­ның
жал­пы құ­ны
(мың тең­ге)
Жо­ба
бой­ын­ша
мем­ле-
кет­тік
са­тып алу­ды
жүр­гі­зу
ту­ра­лы
ақ­па­рат
Ес­керт­пе
9
10
11
12
13
14
15
Толтырылған күнi ________________
_______________________________________________
(Бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсi жетекшiсiнiң
қолы және аты-жөнi)
4-6, 10, 11-бағандарда құжаттың күні және нөмiрi көрсетіледi
3, 9-бағандарда құжаттаманың болуы туралы ақпарат
көрсетіледі, болмаған жағдайда әзiрлену сатысын немесе болмау
себебiн көрсету қажет
14-бағанда жобаны iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды және
қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың
өткiзiлетін күнiн, жеңімпаздардың атауын және шарттың сомасын
көрсету қажет.

3 Жобаны iске асырудың жоспар-кестесi

Басым бюджеттiк инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың)
тізбелерін қалыптастыру
ережесіне 3-қосымша
Жобаны iске асырудың жоспар-кестесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi: ____________________
____________________
Жобаның атауы ____________________
Жобаның мақсаты ____________________
Мемлекеттiк, салалық (секторалдық)
немесе өңiрлiк бағдарламаның атауы
(Бағдарламаның немесе оны
iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар
жоспарының тармағы
көрсетiлсiн)
___________________________
Iске асыру кезеңi 200_ 200 _
Жобаның жалпы
құны _____ _____________________________ сәйкес айқындалған
құжаттың атауы, N және күні көрсетілсін
Р/с
N
Құ­рау-
ыштар
ата­уы
Орын­да­лу/
қар­жы­лан-
ды­ру кө­ле­мi
(жо­ба
бой­ын­ша
бар­лы­ғы)
Iс-ша­ра-
лар­дың
ата­уы
Орын­да­лу/қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мi
Жо­ба
бой­ын­ша
бар­лы­ғы
Заттай
көр­сет­кi­штiң
өл­шем бiр­лі­гі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Орын­да­лу/қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мi
оның iшiн­де жыл­дар бой­ын­ша:
жос­пар-
ла­нып
отыр­ған
ке­зең­ге
дей­iн
Жос­пар­ла­нып отыр­ған
ке­зең­нiң 1-жы­лы
Жос­пар-
ла­нып отыр­ған
ке­зең­нiң
2-жы­лы
Жос­пар-
ла­нып
отыр­ған
ке­зең­нің
3-жы­лы
Одан
кей­iн­гі
жыл-
дар­ға
1-
тоқ­сан
2-
тоқ­сан
3-
тоқ­сан
4-
тоқ­сан
7
8
9
10
11
Ескертпе: 2-бағанда жобаның бекiтiлген ТЭН-iне сәйкес айқындалған
құрауыштар көрсетiледi;
3, 5, 7-10-бағандарда ақпарат бөлшек түрiнде көрсетiледi
(алымында - заттай көрсеткiш, бөлiмiнде - мың теңге).

Қолданыстағы