Өскемен қаласының экологиялық проблемалары жөнінде
ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес Өскемен қаласының аумағында халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау жөнінде бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша ұйымдар мен мекемелердің қызметін өзара үйлестіру мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
О создании межведомственной комиссии по вопросам экологии города Усть-Каменогорска от 01.03.2005 г. № 46 (Өскемен қаласының экологиялық проблемалары жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы)
1. Өскемен қаласының экологиялық проблемалары жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын (ары қарай - Комиссия).
2. Өскемен қаласының экологиялық проблемалары жөнінде ведомствоаралық комиссияның Ережесі бекітілсін (қосымша).
3. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ю.А. Кудинов қала әкіміне заңнамадағы белгіленген тәртіпте соңынан Өскемен қалалық мәслихатының сессиясында бекіту үшін Комиссияның жеке құрамын келісімге тапсырсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ш.
Тлешевке жүктелсін.
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 1 наурыздағы
N 46 қаулысымен бекітілген
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 1 наурыздағы
N 46 қаулысына қосымша
Өскемен қаласының экологиялық проблемалары жөнінде
ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Өскемен қаласының экологиялық проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (әрі қарай мәтін бойынша- Комиссия) халықтың денсаулығына сыртқа ортаның ластануының жағымсыз зардаптар әсерін төмендетуге және қаладағы ұйымдар мен мекемелердің қызметін өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық-нормативтік актілерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
3. Заңнамамен белгіленген тәртіпте Комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
2. Комиссияның негізгі міндеттері және құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері қала аумағында халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру бойынша өзара іс-әрекет болып табылады.
3. Комиссияның функциялары
5. Техногендік және антропогендік қызметтің халықтың денсаулығына әсерін зерттеу бойынша қалалық кешенді бағдарламаларды әзірлеуге және ендіруге қатысады.
6. Ақпарат тәртібінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның кешендік экологиялық мониторингісін, табиғатты қорғау бағдарламалары мен іс-шараларына инвестициялардың мониторингісін жүзеге асырады.
7. Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау саласында міндеттерді шешу бойынша ұсыныстар мен кепілдемелерді әзірлейді.
8. Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен қызмет етеді.
4. Комиссияның құқықтары
9. Өзінің құзырының шегінде кепілдемелік сипаттағы шешімдерді қабылдайды.
10. ўкімдік пен қалалық мәслихаттың қарауына халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау саласында шешуді талап ететін ұсыныстарды енгізеді.
11. Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпаратты сұрастырады.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
12. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.
13. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, мәжілістерде төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, қабылданған шешімдердің жүзеге асуына жалпы бақылау жасайды. Төрағаның болмаған уақытында оның қызметтерін орынбасары орындайды.
14. Комиссия хатшысы жұмыстарды ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және комиссия мәжілісінен кейінгі хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады.
15. Комиссия мәжілісі қажеттігіне қарай өткізіледі. Комиссия мәжілісі Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда құқықтық өкілетті деп саналады.
16. Мәжілістердің күн тәртібі, сонымен қатар өткізілетін уақыты мен орнын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің келісімімен анықтап және нақтылайды.
17. Комиссияның шешімі кепілдемелік сипатта болады және ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқықтары бар, егер ол мазмұндалса жазбаша түрде қосымша Комиссия хаттамасына берілуі қажет.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратының басшысы