О социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/146-III
- Қабылданған күні
- 11.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2009 23241_125218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05V0002231
- ЭКБ идентификаторы
- 23241
- Редакция идентификаторы
- 23241_125218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:02
0 Әлеуметтік көмек туралы
2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңының 44-бабына, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-2 Заңының 51-бабына , сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса ұсынылып отырған Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері (бұдан әрі - Ережелер) бекітілсін.
2 2. "Біржолғы әлеуметтік көмек туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3 шілдедегі N 6/79-ІІІ шешімінің (тіркеу нөмірі 1884, N 77-78 "Дидар", N 110 "Рудный Алтай" газеттерінде 2004 жылғы 22 шілдеде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енгізіледі.
4 Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттың
2005 жылғы 11 наурыздағы N 10/146-Ш
шешімімен бекітілді
Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін , "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының Заңын, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындауда әзірленді.
2
2. Ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына, денсаулық сақтаудың мемлекеттік саласы мекемелерінің селолық жерлерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін денсаулық сақтаудың мемлекеттік саласы мекемелерінің медициналық және фармацевт қызметкерлеріне (бұдан әрі қарай - әлеуметтік саладағы мамандарға) отын сатып алуға (бұдан әрі қарай - әлеуметтік көмек) біржолғы ақшалай төлем жылына бір рет тағайындалып төленеді.
Әлеуметтік көмек жыл сайын біржолғы ақшалай төлем түрінде 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.