Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам приравненным к ним по льготам и гарантиям

Қаулы · № 82 · қабылданған 02.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23244/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам приравненным к ним по льготам и гарантиям Күшін жойған Қаулы ·№ 82 ·02.03.2005
26.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам приравненным к ним по льготам и гарантиям

Күшін жойған Қаулы ·№ 82 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам приравненным к ним по льготам и гарантиям
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
02.03.2005
Көрсетілген редакция
26.09.2024 23244_724765.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05SD001526
ЭКБ идентификаторы
23244
Редакция идентификаторы
23244_724765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:05

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктері туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республика Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашасындағы «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойын өткізу және дайындау іс шара жоспарларын бекіту туралы» қауылысын орындау бойынша, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойын өткізу іс шараларын ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.

3 БЕКІТІЛГЕН

Аудан әкімдігінің «Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне және жеңілдіктер
мен кепілдіктер бойынша оларға
теңестірілген тұлғаларға
әлеуметтік көмек көрсету Ережесін
бекіту туралы»
2005 жылғы «2» наурыз № 82 қаулысымен
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мугедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелері

1

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашасындағы «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу іс шара жоспарларын бекіту туралы» қауылысын орындау бойынша, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойын өткізу үшін жасалған.

2 2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:

1 1) Өкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

2 2) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

3

3) Әлеуметтік көмек ұсынылатын тұлғалары - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар, қаза тапқан жауынгерлердің жесір қалған, қайта некеге тұрмаған әйелдер, Ұлы Отан соғыс жылдарында жау тылындағы әскери қызметін мінсіз атқарғаны және қажырлы еңбегі үшін, бұрыңғы Социалистік Кеңес Одағы Республикасының орден және медальдармен марапатталған Ақжар ауданында тұрақты тұратын тұлғалар.

2 2. Төлем тәртібі

3 3. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде тағайындалады.

4 4. Әлеуметтік көмек төлемін тагайындау үшін жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары өкілетті органына келесі құжаттарды тапсырады:

1 1) жасалған үлгі бойынша өтініш;

2 2) Осы санатка жататының растайтын кұжаттар көшірмесі;

3 3) жеке куәлігінің көшірмесі;

5 5. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар түскеннен кейін 10 күн мерзім ішінде өтінішті қарау.

6 6. Әлеуметтік көмек көрсетіле алмайтын жағдайда, өкілетті орган себебін жазбаша түрде айқындайды және құжаттарды өтініш иесіне қайтарады.

7 7. Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы және толық болмауы, әлеуметтік көмектің тағайындала алмайтынына негіз болып табылады.

3 3. Қаржыландыру және төлем тәртібі

8 8. Әлеуметтік төлем тәртібі жәрдемақы төлеу өкілетті органымен Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған алушылардың жеке есеп-шоттарына ауыстыру жолымен, алушылардың тізімі негізінде жүргізіледі.

9 9. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан, функционалдық шығыс классификациясы «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-00 коды бойынша беріледі.

10 10. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан беріледі. Бюджеттік бағдарлама әкімшісінен қаржы және экономика бөліміне тізімге сәйкес, қаржыландыру үшін өтінім ұсынылады.

4 4. Жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі

11 11. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек тағайындауда үміткерлер, Ақжар аудандық ардагерлер кеңесімен ұсынылады.

2.3 тармақта көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек өкілетті орган шешімімен ұсынылады.

12 12. Әлеуметтік көмек заңсыз түрде тағайындалған кезде, кінәлі лауазымды тұлғалар заңды түрде жауапкершілікке тартылады.

13 13. Қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылау, қаржы және экономика бөліміне жүктелсін.

14 14. Қаражаттың заңсыз тағайындалған соммасы, кінәлі болып саналған тұлғалардың есебінен, белгіленген қолданыстағы заңға сәйкес орнына қайтарылады.

Қолданыстағы