Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций

Заң · № 347-I · қабылданған 12.03.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2328/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций Қолданыста 12.03.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций

Қолданыста Заң № 347-I 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
347-I
Қабылданған күні
12.03.1999
Көрсетілген редакция
12.03.1999 AI2328_0.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000347_
ЭКБ идентификаторы
2328
Редакция идентификаторы
AI2328_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:18
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. "Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы" 1993 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 17, 408-құжат):

14-баптың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат.";

2) 5-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

"Ұйымдар сондай-ақ Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мен жергілікті атқарушы органдарға өздерінің қарауындағы өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп пен нысан бойынша табыс етіп отырады.
Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясында келтірілген мәліметтер тізбесі мен оларды ресімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы белгілейді.";

3) 11-баптың екінші бөлігінің он бірінші абзацындағы "және авариялық-қалпына келтіру" деген сөздер алып тасталсын.

3. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы

Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат):
14-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы
мүгедектерден, жүкті әйелдерден, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери
міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер
алынады.".