Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование безработным, а также и незанятым гражданам из целевых групп, направленным на профессиональное обучение

Қаулы · № 756 · қабылданған 24.02.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23286/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование безработным, а также и незанятым гражданам из целевых групп, направленным на профессиональное обучение Күшін жойған Қаулы ·№ 756 ·24.02.2005
14.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование безработным, а также и незанятым гражданам из целевых групп, направленным на профессиональное обучение

Күшін жойған Қаулы ·№ 756 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование безработным, а также и незанятым гражданам из целевых групп, направленным на профессиональное обучение
Атауы (қаз.)
Жұмыссыздардың және кәсіптік оқуға жіберілген жұмыспен қамтылмаған азаматтардың мақсатты топтарының жол ақысын, тамағын, тұруын және дәрігерлік қараудан өтуінің шығынын төлеудің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
756
Қабылданған күні
24.02.2005
Көрсетілген редакция
14.04.2009 23286_195044.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05VO002240
ЭКБ идентификаторы
23286
Редакция идентификаторы
23286_195044
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:07

0 Жұмыссыздардың және кәсіптік оқуға жіберілген жұмыспен қамтылмаған азаматтардың мақсатты топтарының жол ақысын, тамағын, тұруын және дәрігерлік қараудан өтуінің шығынын төлеудің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149-II Заңының
5 бабының
2 тармағына және
7 бабының
6 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836
қаулысына
сәйкес, халықтың мақсатты топтарын қорғаудың қосымша шараларын қолдану мақсатымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңының
31 бабы
1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа ала отырып Көкпекті ауданының әкімдігі
қаулы етеді
:

1 1. Келтіріліп отырған "Жұмыссыздардың және кәсіптік оқуға жіберілген жұмыспен қамтылмаған азаматтардың мақсаты топтарының жол ақысын, тамағын, тұруын және дәрігерлік қараудан өтуінің шығынын төлеудің Ережесі" бекітілсін (қосымша).

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары А.Ж. Әбеновке жүктелсін.

3 Жұмыссыздардың және кәсіптік оқуға жіберілген жұмыспен қамтылмаған азаматтардың мақсатты топтарының жол ақысын, тамағын, тұруын және дәрігерлік қараудан өтуінің шығынын төлеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 24 ақпандағы
N 756 қаулысына
қосымша
Жұмыссыздардың және кәсіптік оқуға жіберілген жұмыспен
қамтылмаған азаматтардың мақсатты топтарының жол ақысын,
тамағын, тұруын және дәрігерлік қараудан өтуінің шығынын
төлеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.

1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1 1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) өтініш беруші-кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;

2 2) шығындарды өтеу-өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және дәрігерлік қараудан өтуіне ішінара немесе толық төлеу;

3 3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың қатарына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.

2 2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу өзі тұрмайтын жерде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.

3 3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

4 4. Дәрігерлік қараудан өту шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге нәтижесіне қарамастан төленеді.

5 5. Өтініш берушілер дәрігерлік қараудан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің жолдамасы бойынша өтеді.

6 6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірілмей жүргізіледі.

7 7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.

2 2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

8 8. Өтініш беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.

9 9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш беруші жауап береді.

3 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

10 10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:

1 1) тұратын жеріндегі банкте жеке есебінің нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;

2 2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;

3 3) дәрігерлік қараудан өткені жөніндегі төлем құжаты.

4 4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ

11 11. Шығындардың толық өтелуі:

1 1) дәрігерлік қараудан өтудің құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;

2 2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына құжаттармен расталған жол жүру құны үшін.

12 12. Тұру шығындарының ішінара өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:

1 1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айына үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда.

2 2) өзге жерден келген өтініш берушілерге басқа елді мекендерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айында екі айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда.

13 13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

5 5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ

14 14. Шығындарды өтеудің төлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындау үшін қарастырылған облыстық бюджет қаржысының есебінен жүргізіледі.

15 15. Тұру шығындарын ішінара өтеудің төлемі оқу мерзімінің аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.

16 16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.

17 17. Дәрігерлік қараудан өту мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

18 18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе ішінара төлемі ақшалай түрде жеке есепке аудару жолымен жүзеге асырылады.

Көкпекті ауданының, жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарлама
бөлімінің бастығы

Қолданыстағы