Об утверждении инструкции по организации и финансированию профессиональной подготовки, повышения квалификации и переподготовки безработных Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі нұсқауды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағы, 14-бабының 2)-тармақшасы негізінде аудандык әкімді ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және кайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқауы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Нөгербековке жүктелсін.
Басқа 3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі нұсқауы
Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 28 акпандағы № 75 каулысымен бекітілді Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі нұсқауы Осы Нұсқау білім беру ұйымдарда немесе білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарды жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және кайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыссыздардьі әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және осы мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлау (бастауыш кәсіби білім беру);
Тармақша 2
2) кәсіби шеберлігін жетілдіру, аса жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу және өндірістік қажеттілікті ескере отырып алға басушы техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында жұмыссыздардың біліктілігін арттыру (қосымша білім);
Тармақша 3
3) егер жұмыссыздарға кәсіптері бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олармен белгіленген кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындауға қабілетін жоғалтқан болса жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында оларды қайта даярлау (қайта оқыту).
Тарау 2. 2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен өткізу
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен өткізу
Тармақ 3
3. Халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасына сәйкес «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, біліктіліктерін арттыруға және қайта даярлауға бағыттауды жұзеге асырыда және жұмыссыздарға кәсіби бағдарлануда теғін қызметтерді көрсетеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда (бұдан әрі - ұйымдар) жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау жұмыспен камту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды жүргізу үшін ұйымдарды іріктеуді уәкілетті органымен жүзеге асырылады. Ұйымдарды іріктеу кезінде уәкілетті орган жұмыссыздарды кәсіби даярлауда, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшін мыналар жасалады:
Тармақша 1
1) ұйымдардың білім беру қызметін мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жұмыс берушінің жұмыс күшінің сапасына, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлауға қоятын талаптарына сәйкес болуы;
Тармақша 3
3) өндірістік іс-тәжірибенің ұйымдастыруда қатысу;
Тармақша 4
4) білім беру қызметіне лиңензиясының болуы.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауы, біліктіліктерін арттыруы және кайта даярлауы келісім-шарт негізінде, мемлекеттік білім беру мекемелеріне уәкілетті органымен жібірілетін жұмыссыздарды даярлау жагдайларын қоспағанда жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, біліктіліктерін арттыруға және қайта даярлауға жолдау, егер оларда кажетті кәсіби біліктілігі болмағанда керекті жұмысты таңдауға мүмкіндігі жок жағдайда жүзеге асырылады. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, біліктіліктерін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін уәкілетті орган жұмыссыздармен түрпатты шарттың нысаны жұмыспен қамту мәселелері бойынша орталық атқару органымен бекітіледі.
Тармақ 8
8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздар басым тәртіпте кәсіби даярлауды, біліктіліктерін арттыруды және кайта даярлауды өтуге құқығы бар.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктіліктерін арттыру, қайта даярлаудың үзақтығы, шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері шарттарға сәйкес оқу бағдарламасына байланысты белгіленеді және:
Тармақша 1
1) жұмыссыздарды бастауыш даярлау мен қайта даярлау ұзақтығы - алты айдан;
Тармақша 2
2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру - үш айдан аспауға тиіс.
Тармақ 10
10. Ұйым жұмыссыздарды мынадай жағдайларда шығару күқықтары бар: себепсіз калу; үлгірімі төмен; оку орынның ішкі тәртібін бұзу; заңнамамен қарастырылған басқа да бүзушылықтар.
Тармақ 11
11. Кәсіби даярлау, біліктіліктерін арттыруды, қайта даярлауды өтетін жұмыссыздарды шығарған жағдайда үйым уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді. Жұмыссызды шығарған кезде үйым көрсетілген қызметтердің нақты орындалған қызмет көлеміне ғана жататын төлемі бойынша қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 12
12. Жұмыссыз кәсіби даярлығын, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлығын себепсіз тоқтаткан кезде, сондай-ақ ұйымдардан шығарған кезде жұмыссыз тек ғана уәкілетті органда қайта тіркеу күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қайта оқуға жіберіледі.
Тармақ 13
13. Жұмыс беруші біліктілік кадрлармен жұмыс орындарын (бос орындар) жасақтау және қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру мақсатында оз қаражаттар есебінен қызметкерлердің кәсіби даярлық пен ішкі өндірістік оқытудың жүйесін дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру
Тармақ 14
14. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыссыздардың кәсіби даярлығы, біліктіліктерін арттыруы және қайта даярлығы жергілікті бюджет есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыссыздардың кәсіби даярлығына, біліктіліктерін арттыруға және қайта даярлығына жергілікті бюджет есебінен қаражаттардың бөлуі жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасы негізінде жұзеге асырылады. Жұмыссызды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар кіреді.
Тармақ 15
15. Уәкілетті органдарымен білім беру ұйымдарға немесе кәсіпорындарға жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктіліғін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіпте жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады. Уәкілетті органдарымен мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастауыш кәсіби даярлаумен байланысты шығындар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға қаралған шығындар сметасында ескеріледі.
Тарау 4. 4. Бақылау және есептілік
4. Бақылау және есептілік
Тармақ 16
16. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар ұйымдарымен оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарының сақталуын бақылау жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жасайды және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
Тармақ 17
17. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган мыналарды жасайды:
Тармақша 1
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және кайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүргізеді;
Тармақша 2
2) белгіленген нысан бойынша айлык, тоқсандык, жарты жылдық, жылдық статистикалык есептілікті жүргізеді.