Об улучшении организации торговли хлебом и хлебобулочными изделиями по территории Алматинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об улучшении организации торговли хлебом и хлебобулочными изделиями по территории Алматинской области
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысының аумағында нан және нан ұнімдері саудасын ұйымдастыруды жақсарту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-53
- Қабылданған күні
- 03.03.1997
- Көрсетілген редакция
- 03.03.1997 2339_258653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97D000047_
- ЭКБ идентификаторы
- 2339
- Редакция идентификаторы
- 2339_258653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:11
0 Алматы облысының аумағында нан және нан ұнімдері саудасын ұйымдастыруды жақсарту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 04.01.2000 № 1-2 шешімімен.
Соңғы кездері облыс бойынша нан және нан өнімдерінің саудасы жүйесіз сипат алып барады. Нан санитария нормалары мен сауда ережесі бұзылып, антисанитария жағдайында сатылады, мұның өзі халықтың түрлі жұқпалы ауруына әкеп соғуы мүмкін.
Алматы қаласының кәсiпкерлерi қала маңындағы аудандардан мол ақша қаражатын алып шығады, ол қаражатқа салық салынбайды.
Осыған байланысты, сондай-ақ нан және нан өнiмдерi саудасын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында облыс Әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
1. Аудандардың және Қапшағай қаласының әкiмдерiне:
- нан өнiмдерiн сататын тұрақты дүкендер мен киоскiлер жүйесi, сондай-ақ қоғамдық базарларда арнайы орындар анықтау;
- арнайы белгiленбеген орындарда, автомашиналардан тиiстi рұқсат құжатынсыз нан және нан өнiмдерiн сату фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шара қолдану тапсырылсын.
2. Қаскелең, Iле, Талғар аудандарының әкiмдерi Алматы қаласынан
жеткiзiлген нан және нан өнiмдерiнiң саудасын тәртiпке келтiрсiн.
3. Өнеркәсiп және сауда басқармасы, санитария-эпидемиология
станциясы, салық полициясы:
- сауда ережесiнiң, санитария нормаларының сақталуын, нан және нан
өнiмдерiнiң сатылу санасын және салық заңының сақталуын бақылауды
күшейтсiн.
4. Осы шешiмнiң атқарылуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
В.Н. Татаркинге, өнеркәсiп және сауда басқармасына жүктелсiн.