Об утверждении Правил предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере водохозяйственной и (или) канализационной систем
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере водохозяйственной и (или) канализационной систем
- Атауы (қаз.)
- Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95-ОД
- Қабылданған күні
- 23.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2012 AI23391_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003523_
- ЭКБ идентификаторы
- 23391
- Редакция идентификаторы
- AI23391_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:00
0 Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 7-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2005 жылғы 28 наурыз
0 Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2005 жылғы 23 наурыздағы N 95-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.
2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1 1) тұтынушы - табиғи монополия субъектілерінің және реттелетін нарықтың реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
2 2) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3 3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларына қолданылмайды.
2 2. Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары
4 4. Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) (бұдан әрі - Қызметтер) қол жеткізуге тең жағдайларды қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
1 1) Қызметтердің барлық тұтынушылары үшін тең қол жетімділік;
2 2) Қызметтердің барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
3 3) Қызметтер тізбесінің, Қызметтер тарифтерінің ақпараттық ашықтығы.
3 3. Қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі
5 5. Субъекті мен тұтынушы арасындағы өзара қатынастар уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекіткен тарифтерді ескере отырып, шарттық негізде жасалады.
6 6. Тұтынушылардың табиғи монополия субъектісінің жүйелеріне қосылуына өтінімдері мәлімделген көлемдеріне не қызметтерді тұтынудың басқа жағдайларына қарамастан тең жағдайларда қабылданады.
7
7. Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің жеткіліксіз өндірістік қуаты кезінде жүйелерге қосылу басқа тұтынушыларға қызметтерді ұсынуды нашарлатуға алып келсе, қосылуға рұқсат сұраған тұтынушыға су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қосымша қуаттарын салуға техникалық жағдайлар беріледі.