Құжат мәтініне өту

Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан

Бұйрық · № 50-I · қабылданған 26.01.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23401/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 50-I ·26.01.2005
26.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 50-I · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50-I
Қабылданған күні
26.01.2005
Көрсетілген редакция
26.07.2013 AI23401_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003508_
ЭКБ идентификаторы
23401
Редакция идентификаторы
AI23401_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:14

0 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы

"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасымен
Келісілді
2005 жылғы 26 ақпан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық министрімен
Келісілді
2005 жылғы 23 ақпан

0 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2005 жылғы 24 ақпандағы
N 130 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
2005 жылғы 24 ақпандағы
N 08-1/64б бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
2005 жылғы 26 қаңтардағы
N 50-І бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
2005 жылғы 24 ақпандағы
N 52-ө бұйрығымен бекітілген
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары
Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін мынадай шарттарды сақтай отырып тарту мен пайдалану мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес жүзеге асырылады:

1 1) кеме экипажының құрамына кіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик және радио мамандары қызметіне тағайындалмайды;

2 2) кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау бос жұмыс орындары бар болғанда және ішкі еңбек рыногында жекелеген мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемедегі жұмысқа сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік болмаған кезде жүзеге асырылады;

3

3) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына еңбек ету үшін тартылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіби дайындығы) мен жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі су көлігі саласы мамандарының қызметтеріне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс;

4 4) кемеге жұмысқа қабылданатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кәсіби дайындығы мен құзыреттілігінің деңгейі мыналармен:

жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы танитын білімі туралы құжатының нотариалды расталған аудармасымен немесе білімі туралы құжатпен;
жұмыс беруші куәландырған қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттармен расталады;

5 5) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мынадай құжаттары:

денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы;
шетелдіктер үшін - нақты ұлттық шетелдік төлқұжат пен тұру рұқсаты;
азаматтығы жоқ адамдар үшін - азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Қолданыстағы