Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Өзге акт · № 174 · қабылданған 17.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23424/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған Өзге акт ·№ 174 ·17.03.2005
02.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Күшін жойған Өзге акт ·№ 174 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
174
Қабылданған күні
17.03.2005
Көрсетілген редакция
02.03.2012 23424_198818.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05K0001754
ЭКБ идентификаторы
23424
Редакция идентификаторы
23424_198818
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:01

0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 23 бабын орындау барысында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету қамтамасыз етілсін.

2 2. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалды қамтамасыз етуге тоқсан сайын әр мүгедек балаға 5198 теңге мөлшерінде материалдық көмек қамтамасыз етілсін.

3 3. Мына жағдайлар анықталсын:

1

1) материалдық қамтамасыз ету туған, асырап алынған, сонымен қатар бағуға алынған 18 жасқа дейінгі (толық мемлекеттік қараудағы мүгедек балалар және ата-аналары ата-аналық құқығынан айрылған мүгедек балалардан басқалары) ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының кірісі есепке алынбай берілсін;

2 2) Материалдық қамтамасыз ету оны алу құқығына ие болған кезден пайда болады, бірақ өтінген айдан бұрын 6 айдан артық емес облыстық білім департаментінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның қорытындысы белгілеген мерзімде ұсынылады;

3

3) материалдық қамтамасыз етуді ұсыну өткен айға қаржыландырудың түсуіне байланысты жүргізіледі. Үстемеақыны төлеуді тоқтататын жағдай бола қалса (мүгедек бала 18 толған, мүгедек бала қайтыс болған, мүгедектігін алу жағдайларында) үстемеақыны төлеу тиісті жағдай болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

4 4. Облыс әкімиятына:

1

1) материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеуді уәкілеттік органның құрылымдық бөлімшелері мүгедек балалардың тұрғылықты жерлерінде ата-анасының біреуінің немесе оның орнындағы адамның өтінішінің негізімен материалды қамтамасыз етуді төлеу жөніндегі ұйымдарда ашылған есеп-шоты (екінші деңгейдегі банктердің немесе басқа ұйымдардың операцияның осы түрін жүзеге асыруға рұқсат қағазы бар филиалдары) көрсетіліп және мынандай құжаттар қамтамасыз етілсін:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатта, оның ішінде оралмандар үшін - тұруға ыхтияр хат немесе оралманның куәлігі;
мүгедек баланың тууы туралы куәлік;
мүгедектігінің анықталғаны туралы (белгіленген үлгідегі) медициналық-әлеуметтік экспертті комиссияның анықтамалары;
тұрғындардың есеп кітабы (пәтер кәртішкесі, үй кітапшасы);
облыстық департамент жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның мүгедек баланы үйде оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігі туралы қорытындысы.
Материалды қамтамасыз етуді тағайындау туралы шешім уәкілеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшысымен бекітіледі;

2 2) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалды қамтамасыз етуді қаржыландыру жөніндегі мәселе облыстық бюджетте қарастырылған қаражатының төңірегіндегі төлем мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес рұқсат етіледі.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-мәдени дамуы және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға (Әдекенов С.М.) жүктелсін.

6 6. Осы шешім 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Қолданыстағы