Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы Маңғыстау аудандық мәслихатының “2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы” №9/57 шешіміне (облыстық өділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда №1815 тіркелген) сәйкес және азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы от 24.03.2005 г. № 50 (Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы)
1. Қоса беріліп отырған “Аудандық бюджет қаражатынан атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу туралы Ереже” бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі (С.Каимова) азаматтардың жоғарыда көрсетілген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті уақытылы тағайындауды және төлеуді уйымдастырсын.
3. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесіне (Д.Нұғыманова) (келісім бойынша) азаматтардың жекелеген санаттағы бір жолғы материалдық көмек алушылардың тізімін, тиісті төлемдерін қаржыландыруға арналған өтінімдерін жасау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне уақытында табыс етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Аудандық экономика және қаржы бөліміне (С.Ж.Ерғалиев) аудандық бюджетте көрсетілген мақсаттарға қаралған қаражатты уақытылы қаржыландыру тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Маңғыстау ауданы әкімиятынының
2005 жылғы 24 ақпандағы
«Азаматтардың жекелеген санаттарына
бір жолғы материалдық көмек туралы»
№ 50 қаулысымен бекітілген
қосымша
Аудандық бюджет қаражатынан атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу туралы
ЕРЕЖЕ
Осы атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу Ережесі /бұдан әрі - Ереже/ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №9/57 шешіміне (облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда №1815 тіркелген) сәйкес әзірленіп жасалды.
1. Жалпы Ереже
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1)атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уөкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады бұдан әрі - уәкілетті орган;
2)бір жолғы материалдық көмекті беру “Қазақстан Халық банкі” АҚ Маңғыстау аудандық филиалы /бұдан әрі - банк/ және “Казпочта” АҚ Маңғыстау аудандық филиалы (бұдан әрі - почта) арқылы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен банк жене почта арасында жасалған Агенттік келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті төлеу жыл сайын аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті органның, қажет жағдайда, өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын органдардан (зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесі және басқалардан) мәліметтерді сұратуға құқы бар.
2. Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау төртібі
4. Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек аудандық мәслихаттың алдағы жылға арналған аудандық бюджет жөніндегі шешімімен белгіленген мөлшерінде тағайындалады.
5. Азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті тағайындау уәкілетті орган мен басқа органдардағы (зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесі және басқалар) құжаттар мен азаматтар санаттарының мәліметтерін тіркеу журналдарының (жеке және зейнетақылық істерінің) негізінде жүзеге асырылады және банкі мен почта арқылы ақшалай сомаларды төлеу жөніндегі жұмыс кезінде қабылданған қалыпқа сәйкес тізім түрінде рәсімделеді.
6. Бір жолғы материалдық көмекті тағайындауға тізімдер, оған осы кезеңде есепте тұрған, талап етілген санаттағы, оның ішінде оларға әлеуметтік қолдаудың әлде бір түрлерін төлеу уақытша тоқтатылған адамдардың шекті құрамын енгізе отырып, талап ету датасына жасалады. Қайтыс болған азаматтар мен толықтай мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған адамдар тізімдерге енгізілмейді.
3. Бір жолғы көмекті төлеуге тізімдерді жасау тәртібі
7. Бір жолғы көмекті төлеуге тізімдерді қалыптастыру елді мекендер айырымында банкі мен почтаға сомаларды қабылдау және алушылардың үйіне жеткізіп беру үшін жеке дара жүргізіледі.
8. Өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша бір жолғы материалдық көмекті көрсетуге жататын азаматтар санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесі арқылы банкіге алушылардың жеке есеп шоттарына сомаларды қабылдау үшін тізімдер құжаттық түрде 2 данада және транспорттық файл түрінде жасалады және елді мекендер бойынша почта арқылы алушыларға сомаларды төлеу үшін тізім - ведомостылар құжаттық түрде 2 данада, үйге өкеліп беруді қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі алушының үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін тізім - ведомостылар құжаттық түрде 2 данада жасалады.
9. Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы көмекті тағайындауды және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган арқылы банкіге алушылардың жеке есеп шоттарына сомаларды қабылдау үшін тізімдер құжаттық түрде 2 данада және транспорттық файл түрінде жасалады және елді мекендер бойынша почта арқылы алушыларға сомаларды төлеу үшін тізім - ведомостылар құжаттық түрде 2 данада үйге әкеліп беруді қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі алушының үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін тізім - ведомостылар құжаттық түрде 2 данада жасалады.
10. Бір жолғы материалдық көмекті төлеудің тізімінде алушының төмендегідей мәліметтері болуға тиіс:
1)азаматтардың /отбасыларының/ осы санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын орган арқылы берілген жеті сандық тіркеу нөмері;
2)салық төлеушінің тіркеу нөмері /СТН/;
3)өлеуметтік қолдаудың басқа түрлерін алатын адамдардың банкідегі жинағы бойынша арнаулы есепшот нөмері;
4)банкідегі жинағы бойынша арнаулы есепшот нөмері жоқ адамдарда “жаңа” сөзі қойылады;
5)жеке куәлігінің нөмері;
6)тегі, аты, әкесінің аты;
7)тұрғылықты орнының мекен жәйі;
11. Бір жолғы материалдық көмекті төлеуге тізімдер жасаған органдардың басшылары оларға қол қояды, елтаңбалық мөрмен куәландырады және оларда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауапкершілік артады.
12. Өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша бір жолғы материалдық көмекгі көрсетуге жататын азаматтар санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесі тізімдерді құжаттық түрде жасағаннан кейін бір данасын өзіне қалдырады.
Транспорттық файлмен қоса қалған даналарын уәкілетті органға береді.
13. Уркілетті орган басқа органдар арқылы жасалған тізімдерді олардың белгіленген қалыпқа сәйкестігі мен жиынтығын шығару дұрыстығын тексереді.
4. Бір жолғы көмекті төлеуге қаржыландыру тәртібі
14. Уәкілетті орган атаулы және мерекелік даталарға дейін 10 күн бұрын көмекті төлеуге жасалған тізімдер мен олардың жиынтық сомаларына толық сәйкестігі негізінде ақшалай қаражат сұранысына арналған өтінімді банкіге және почтаға комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөліп көрсете отырып аудандық экономика және қаржы бөліміне жібереді.
15. Осы Ережеге сәйкес, қаржыландыру жоспарына сай және өтінімдердің негізінде аудандық экономика және қаржы бөлімі уәкілеттік органға кешіктірмей бір жолғы материалдық көмекті төлеуге қаржылар бөледі.
16. Ақшалай қаржылардың түсуі бойынша уәкілетті орган оларды банкінің және почтаның аудандық филиалының есепшотына аударуды жүзеге асырады. Осымен бір мезгілде, банкі және почтамен келісілген Агенттік келісімдерге сәйкес төленетін сомалардың 0,6 пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақының сомалары аударылады.
5. Бір жолғы материалдық көмекгі төлөу төртібі
17. Уәкілетті орган ақшалай қаржыларды банкінің жөне почтаның аудандық филиалдарына аударғаннан кейін, банкідегі есепшотқа алушылардың сомаларын қабылдау үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файлын банкіге және почта арқылы алушыларға сомаларды төлеу үшін құжаттық түрде тізім ведомостылардың бір данасы мен үйге әкеліп беруді қажет ететін қозғалуы мүмкіндігі шектеулі алушының үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін тізім - ведомостылардың құжаттық түрде бір данасын почтаға береді.
18. Алушыларға бір жолғы материалдық көмекті беру банкі және почта арқылы Агенттік келісімдерге сәйкес жүргізіледі.
6. Есеп берушілер
19. Ай сайын, төлем жүргізілгеннен кейін келесі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкі және почтамен салыстыру кесімін жасайды.
20. Уәкілетті орган жасалған қаржыландыруға сәйкес банкі жене почтамен салыстыру кесімінің негізінде бір жолғы материалдық көмекті төлеу жөніндегі есепті дайындайды және оны есепті айдан кейінгі айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей облыстық жүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департамент! мен аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
7. Бақылау
21. Ақшалай қаржылардың мақсатты жүмсалуына, бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органда алушылардың тізімдерінің болуына және тізімдер бойынша жиынтық сомалардың, төлем тапсырмаларындағы сомалардың теңдігіне бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және облыстық қаржы департаменттері мен аудандық экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.