Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр международных программ"

Қаулы · № 301 · қабылданған 04.04.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23449/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр международных программ" Қолданыста Қаулы ·№ 301 ·04.04.2005
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр международных программ"

Қолданыста Қаулы ·№ 301 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр международных программ"
Атауы (қаз.)
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
301
Қабылданған күні
04.04.2005
Көрсетілген редакция
19.08.2022 23449_591806.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000301_
ЭКБ идентификаторы
23449
Редакция идентификаторы
23449_591806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:56

0 "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2 2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыру болып белгiленсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 120000000 (бiр жүз жиырма миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен:

1 1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне берсiн;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоғам сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және бiлiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламаларын iске асыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы жөнiндегі қызметтердi көрсетуші болып белгіленсiн.

6 6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:

1 1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-62-жолмен толықтырылсын:

21-62 "21-62. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ";

2 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-30-жолмен толықтырылсын:

222-30 "222-30. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ";

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қолданыстағы