Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня сотрудников органов государственной противопожарной службы, которым выплачивается денежная компенсация на содержание жилища и оплату коммунальных услуг

Қаулы · № 302 · қабылданған 04.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23450/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении перечня сотрудников органов государственной противопожарной службы, которым выплачивается денежная компенсация на содержание жилища и оплату коммунальных услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 302 ·04.04.2005
02.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня сотрудников органов государственной противопожарной службы, которым выплачивается денежная компенсация на содержание жилища и оплату коммунальных услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 302 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня сотрудников органов государственной противопожарной службы, которым выплачивается денежная компенсация на содержание жилища и оплату коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тiзбесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
302
Қабылданған күні
04.04.2005
Көрсетілген редакция
02.04.2015 AI23450_10.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000302_
ЭКБ идентификаторы
23450
Редакция идентификаторы
AI23450_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:56

0 Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тiзбесiн бекiту туралы

"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тізбесі бекiтiлсiн.

2

2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң әскери қызметшілері мен өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлері лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 43 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 14-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 сәуiрдегi
N 302 қаулысымен
бекiтiлген
Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесi

1

1. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары, департаменттердің, "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттік мекемелерінің, басқармалардың, мамандандырылған жасақтардың, жасақтардың, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтарының, өрт сөндiру байланысы орталық пункттерiнiң, қарауылдардың, "ұсталмайтын қорлар" қоймаларының, бекеттердiң (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтары.

2

2. Департаменттер, "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттік мекемелері, басқармалар, мамандандырылған жасақтар, жасақтар, бөлiмдер, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерi, өрт сөндiру бөлiмдерi, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерi, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтарының орынбасарлары.

3 3. Ерекше тапсырмалар жөнiндегi аға инспекторлар, инженерлер, анықтаушылар, ерекше маңызды iстер жөнiндегi анықтаушылар, инспекторлар, диспетчерлер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң көмекшiлерi (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда).

4

4. Бас инспекторлар, бас мамандар, өрт сөндiру жетекшілерiнiң орынбасарлары, өрт сөндiру жетекшiлерiнiң көмекшiлерi, мамандандырылған жасақтар бастықтарының, бастықтарының көмекшілерi (жедел кезекшiлер), инженерлер, инспекторлар, анықтаушылар (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда).

5 5. Газ-түтiннен қорғау қызметтерiнiң, құтқарушылардың, өрт сөндiру машиналарын жүргізу жөнiндегі аға нұсқаушылар (жүргiзушiлер).

6 6. Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң, байланыстың аға шеберлерi.

7 7. Аға механиктер, жүргізушiлер, техниктер, радиотелефоншылар, өрт сөндiрушiлер, өрт сөндiрушi-құтқарушылар, бақылаушылар, прожекторшылар.

8 8. Радиостанциялардың бастықтары, бөлiмшелердiң командирлерi, сүңгуiрлер, жүргiзушiлер, диспетчерлер, шеберлер, кiшi инспекторлар, мотористер, радиотелефоншылар, өрт сөндiрушiлер, өрт сөндiрушi-құтқарушылар, прожекторшылар, барлық атаудағы техниктер, бақылаушылар, механиктер.

Қолданыстағы