Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в городе Щучинске, поселке Боровое и в сельских населенных пунктах Щучинского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучинск қаласында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 «Қазахстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 489 бабының 2 тармағының 1,2 тармақшалары, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучинск халасында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жөніндегі ұсынып отырылған ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Щучье аудандық қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру бойынша өкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Щучье аудандық қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (А.Г. Афанасьев) Щучинск қаласында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерін басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.А. Паницкийге жүктелсін.
Басқа 5
Щучье ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы № а-3/182 «Щучинск қаласында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына қосымша Щучинск қаласында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңы негізінде дайындалған және плакаттар, стендтер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де обьектілері түрінде Щучинск қаласында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы объектілерін орналастыруға рұқсат беру, келісу тәртібін, орналастыру шартын белгілейді.
Тарау 1. 1. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Сырткы (көрнекі) жарнама - жарнама адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін плакаттар, стендтер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де обьектілері түрінде таратылатын акпарат.
Тармақ 2
2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға мүдделі тұлғалар - сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ниетті заңды және жеке тұлғалар (өтініш берушілер).
Тармақ 3
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру - жарнамалық ақпаратты кеңістіктікте қозғалмауымен сипатталатын жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінің көмегімен жарнамаларды тұтынушылардың назарына жеткізу.
Тармақ 4
4. Жарнаманы мемлекетгік реттеу - бұл Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес белгіленетін, жарнаманы жасау, тарату және орналастыруды бақылау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді тиісті өкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Сыртқы жарнамаға (көрнекі) талап
2. Сыртқы жарнамаға (көрнекі) талап
Тармақ 5
5. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру, эстетикалық, сәулеттік, дизайнерлік сапаларын есепке ала отырылып, көлік қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары мен стандарттарды сақтаған жағдайда іске асырылады. Жарнама таратылу, орналастыру нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс.
Тармақ 7
7. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көлік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілерімен және сілтемелерімен ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көзін қарықтырмауға тиіс.
Тармақ 8
8. Сыртқы (көрнекі) жарнама көлік қозғалысы мен жаяу жүруге және жүргінші бөлік пен көшелердің аяқжолдарын тазалауға кедергі тудырмауы тиіс.
Тармақ 9
9. Сыртқы (көрнекі) жарнама мемлекеттік және ресми тілдерде қажет болған жағдайда басқа да тілдерде таратылады. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні келесі тәртіппен орналасады: сол жағында немесе үстінде мемлекеттік тілде; оң жағында немесе астында орыс тілінде, мөлшері бірдей әріптермен жазылады. Жарнаманың бір тілден екінші тілге аудармасының мазмұны оның негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.
Тармақ 10
10. Осы, Щучинск қаласында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы ережелерге сәйкес берілетін рұқсат болған жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға болады.
Тармақ 11
11. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлем алынады.
Тармақ 12
12. Өкілетті орган салық қызметі органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат ету құжаттары туралы мәлімет беруге міндетті. Жеке меншік объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру бойынша қызмет көрсетуге бекітілген мемлекеттік баға (тариф) қоюға тиым салынады.
Тармақ 13
13. Өкілетті орган өтініш түскеннен кейінгі он күн ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беруге немесе негізделген бас тартуымен жазбаша жауап беруге міндетті.
Тармақ 14
14. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру объектісінің меншік иесімен немесе сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру объектісіне басқа да мүліктік құқыққа ие тұлғалармен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады, егер заңнамамен немесе шартпен басқасы көзделмесе.
Тармақ 15
15. Жарнамалық-ақпараттық өнімнің мәтіндік мазмұны мағыналық, граматикалық, стилистикалық қателерге жол бермеу және оның мазмұнда бұрмалау болмауы үшін «Щучье ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен міндетті түрде келісуге жатады.
Тармақ 16
16. Сыртқы (көрнекі) жарнамада адамдардың діни, философиялық, саяси жөне өзге де нанымына, жасына, жынысына, тіліне, кәсіби немесе әлеуметтік санатына, ұлтына, нәсіліне қатысты қорлайтын сөздерді, теңеулерді, бейнелерді қолданумен қоғамдық ізгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтіндік және көріністік ақпарат болмауы тиіс.
Тармақ 17
17. Ұлттық немесе әлемдік мәдени игілік болып табылатын өнер объектілеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына (елтаңба, жалау, әнұран), ұлттық валютасына, діни нышандарына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Тармақ 18
18. Тарих пен мәдениет ескерткіштері мен табыну объектілерінің аумақтарында, ерекше қорғалатын аумақтарда және тарихи, мәдени және сәулеттік құндылықтарға жататын ғимараттарда, құрылыстарда, обелискілерде, ескерткіштерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастаруға тиым салынады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен діни оқу мекемелерін жарнамалауға тиым салынады.
Тармақ 20
20. Жарнама Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды. Порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.
Тармақ 21
21. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, азаматтарды агрессияға бастамауға, сондай ақ құқыққа қарсы өзге де әрекетті (әрекетсіздікті) қоздырмауға тиіс.
Тарау 3. 3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат алу тәртібі
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат алу тәртібі
Тармақ 22
22. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру шарты мен тәртібіне белгіленген талаптарға сәйкес берілетін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат алу үшін өтінушілер орналастыру орнын көрсетіп өкілетті орган «Щучье ауданының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш береді. Өтініште көрсетіледі: а) тегі, аты, әкесінің аты, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТТН), өтінушінің пошталық мекен жайы және телефоны (жеке тұлғалар үшін); б) кәсіпорынның, ұйымның атауы, тегі, аты, әкесінің аты, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТТН), өтінушінің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), банкілік реквизиттер, пошталық мекен жайы және телефоны.
Тармақ 24
24. Өтінішпен бірге көлемімен және түстік шешімімен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің нобайлық жобасы беріледі.
Тармақ 25
25. Өкілетті орган өтінуші берген құжаттарды қарағаннан кейінгі он күн ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі СЖТ) және сәулеттік жобаны (бұдан әрі паспорт) әзірлеуге қажетті мәліметтер беру немесе оларды беруден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 26
26. Өтінуші СЖТ және қажетті бастапқы деректер негізінде мемлекеттік лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің паспорттарын әзірлеуге тапсырыс береді. Паспортты келісу мен бекіту Щучье ауданының бас сәулетшісімен және басқа мүдделі қызметтермен жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Сыртқы (көрнекі) жарнама жобасын бекіткеннен кейін өкілетті орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат береді.
Тармақ 28
28. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру мерзімі бір жылдан аспайтын уақытты құрайды, мерзімі аяқталуына қарай өтінушінің өтініші негізінде мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 29
29. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің өтінушісі өкілетті орган сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат берген сәттен бастап үш күн ішінде Шучье аудандық жер ресурстарын басқару комитетіне өтініш беруте және уақытша ақылы жер пайдалану құқығына шарт жасауға (жалға алу) міндетті.
Тарау 4. 4. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
4. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
Тармақ 30
30. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ұлттық мүдделерді қорғау;
Тармақша 2
2) жөнсіз жарнамаларды, сондай ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бірдей қабылданған мораль және адамгершілік нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;
Тармақша 3
3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.
Тарау 5. 5. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
5. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшін, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кінәсінен болғаны дәлелденбесе жарнама беруші жауапты болады.
Тармақ 32
32. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресімдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.
Тармақ 33
33. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсіліне қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.