Об утверждении текста присяги лиц рядового и начальствующего состава уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении текста присяги лиц рядового и начальствующего состава уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1547
- Қабылданған күні
- 07.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2011 AI23495_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U050001547_
- ЭКБ идентификаторы
- 23495
- Редакция идентификаторы
- AI23495_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:55
0 Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтіні бекітілсін.
2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының анты
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 7 сәуірдегі
N 1547 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының анты
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кіре отырып:
Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық және әділдік қағидаттарын ұстануға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеуге;
өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі кәсіби шеберлікпен атқаруға, Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің абыройын қастерлеуге;
мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға серт беріп, салтанатты түрде ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болуға дайынмын.
20 жылғы __________ _______________
(қолы)