Об утверждении Правил повышения или снижения тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на предоставляемые регулируемые услуги (товары, работы)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил повышения или снижения тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на предоставляемые регулируемые услуги (товары, работы)
- Атауы (қаз.)
- Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 91-ОД
- Қабылданған күні
- 19.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 23525_485371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003530_
- ЭКБ идентификаторы
- 23525
- Редакция идентификаторы
- 23525_485371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:00
0 Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидаларын бекіту туралы
Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) және 5-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4
4. "Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектілерінің барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2215 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірмен жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 ақпандағы N 46-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
2005 жылғы 30 наурыз
0 Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
міндетін атқарушының
2005 жылғы 19 наурыздағы
N 91-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидалары «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгертіліп, нәтижесінде табиғи монополия субъектісі шығындарының құны ұлғайған немесе барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін төмендеткен жағдайда барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
2 2-тарау. Барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету тәртібі
3
3. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көтерілетін немесе төмендетілетін тарифінің (бағасының, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің мөлшері қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажетті шығындар құнынан төмен болмауға тиіс және табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін ескеруге тиіс:
1 1) барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда жүзеге асырылады;
2 2) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін төмендету мынадай жағдайларда:
көрсетіліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері ұлғайған;
субъектiнiң нақты шығындары қысқарған;
табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъектілер жүзеге асыратын қызметтердiң өзге де түрлерінен едәуір табыстар алған;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Инвестициялық бағдарламаның есебінен тарифтік сметаның щығынды бөлігі азайған жағдайда, табиғи монополия субъектісі тарифтің немесе оның шекті деңгейін төмендеткеннен кейін инвестициялық бағдарламаны түзете алады.
4 4. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету:
1 1) инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаны орындамауға;
2 2) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын төмендетуге, сондай-ақ санын шектеуге;
3 3) тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіруге негіз болмайды.
5 5. Субъектінің ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы шешімі субъектінің бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
6
6. Субъект ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеруді енгізгенге дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей немесе төмендетуді енгізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру немесе төмендету туралы қабылданған шешімді уәкiлеттi органға жолдайды.
Бұл ретте, Субъект ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру туралы шешіммен бірге уәкiлеттi органға ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру мүмкiндiгiн растайтын есептемелер мен негiздейтiн құжаттарды, ал тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін төмендету кезінде Субъект ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін төмендету есептемесін жолдайды.
7
7. Ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы шешім уәкілетті органмен келісілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі және уәкілетті орган жалпы тәртіппен бекіткенге дейін белгілі бір мерзімге белгіленеді.
8 8. Барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету келісілген күнінен келесі айдың 1 күнінен бастап жүзеге асырылады.
9
9. Ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы уәкілетті органды субъектпен хабардар етпеген немесе уақтылы хабардар етпеген жағдайда ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы шешім келесі күнтізбелік тоқсанның екінші айының бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.