Об утверждении Правил предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере портов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере портов
- Атауы (қаз.)
- Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 105-ОД
- Қабылданған күні
- 25.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2012 AI23542_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003538_
- ЭКБ идентификаторы
- 23542
- Редакция идентификаторы
- AI23542_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:59
0 Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық ресми жария етілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушы
2005 жылғы 31 наурыз
0 Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2005 жылғы 25 наурыздағы
N 105-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және порттар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.
2 2. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар барлық тұтынушылардың осы қызметтерге кемсітілмейтін қол жеткізуін білдіреді.
3 3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайына қолданылмайды.
4 4. Қазақстан Республикасында теңіз көлігімен қызмет көрсетуді ұйымдастыруды өз құзыретінің шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды, сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайды.
5 5. Теңіз кемесіне қызмет көрсету "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
6 6. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1 1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
2 2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3
3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасында айқындалған мәндерде қолданылады.
2 2. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары
7 7. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайларды қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
1 1) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділік;
2 2) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
3 3) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесінің ақпараттық ашықтығы.
3 3. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі
8
8. Порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен шарттарды "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекітілген Үлгі шартқа сәйкес жасайды.