Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О таможенном декларировании и налогообложении сырьевых товаров, экспортируемых из Республики Казахстан

Қаулы · № 1461 · қабылданған 06.11.1995
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2355/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О таможенном декларировании и налогообложении сырьевых товаров, экспортируемых из Республики Казахстан Күшін жойған 12.05.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О таможенном декларировании и налогообложении сырьевых товаров, экспортируемых из Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 1461 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О таможенном декларировании и налогообложении сырьевых товаров, экспортируемых из Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасынан экспортталатын шикiзат тауарларын кедендiк жариялау және оларға салық салу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1461
Қабылданған күні
06.11.1995
Көрсетілген редакция
12.05.1998 AI2355_1.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950001461_
ЭКБ идентификаторы
2355
Редакция идентификаторы
AI2355_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасынан экспортталатын шикiзат тауарларын кедендiк жариялау және оларға салық салу туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 13.05.1998 № 431 қаулысымен.
Шикiзат тауарларын кедендiк жариялау және оларға салық салуға қатысты Қазақстан Республикасының экспорттаушы кәсiпорындарынан түсiп жатқан сұрау салуларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасынан шығарылған шикiзат тауарлары Қазақстан Республикасының қосылған құнға салынатын салық жөнiндегi есепте тұрған салық төлеушiнiң меншiгi болып табылатын қайта өңдеу өнiмдерiн (дайын өнiмдердi), кейiн оларды ТМД елдерiнен тысқары шығаратын етiп ТМД елдерiне өңдеу үшiн шығарған жағдайда, ТМД елдерiнен тысқары шығарылатын тауарлар экспорты үшiн қарастырылған Қазақстан Республикасының кедендiк режимiне жатады деп белгiленсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
N 848 қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен оның жергiлiктi мекемелерiне ТМД елдерiнен тысқары одан әрi экспортталуға жататын дайын өнiмдi өңдеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден пункттерi арқылы ТМД елдерiне өтетiн жүктердiң кеденде жариялануын жүзеге асыру тапсырылсын.

ТМД елдерiнен тысқары шығарылған жағдайда Қазақстан Республикасында өндiрiлген шикiзат тауарларынан жасалған дайын өнiм және оның тауарлық iлеспе құжаттамалары Қазақстан Республикасының "ТМД елдерiнiң аумағында оқшаулау құқығынсыз" деген тиiстi кеден белгiсiмен жабдықталуы керек деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы осы қаулының 2-тармағында қарастырылған кеден тәртiбiне жататын тауарларға ТМД елдерiнен тысқары шығарылатын тауарларды экспорттау кезiнде көзделген тәртiпке қатысты салық салу базасын белгiлеп, қосылған құн салығын алуға мiндеттелiнсiн.
Бұл тәртiптi қолдану кезiнде шикiзат тауарларын экспорттаушы кәсiпорындар, құрамында Қазақстан Республикасында өндiрiлген шикiзат тауарлары пайдаланылған, дайын өнiмнiң ТМД шегiнен тысқары шығарылған фактiсiн растайтын құжаттарды тоқсан сайын салық органдарына тапсыруы тиiс. Аталған тәртiппен қосылған құн салығын есепке алу жөнiндегi ақырғы шешiмдi салық органдары бұл құжаттар берiлген кезде қабылдайды.
Қазақстан кәсiпорындарының салық салу мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасынан тауардың экспортталған фактiсiн растауды қажеттi және жеткiлiктi шарттары мыналар болып табылады;
кәсiпорын орналасқан жердегi салық органына қазақстандық кәсiпорынның шетелдiк фирмамен немесе Қазақстан Республикасының резидентi және ТМД елдерiнiң резидентi болып табылмайтын өзге де тұлғамен (бұдан әрi - шетелдiк сатып алушы) экспорттық контрактiнi толық көлемде беруi, онда соңғысының сатып алатын қайта өңдеу өнiмдерi (дайын өнiм) ТМД елдерiнен тысқары шығаруға арналғандығы, көрсетiлуi тиiс;
Қазақстан Республикасының қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есепте тұрған салық төлеушiнiң өңделетiн өнiмдердi (дайын өнiмдердi) ТМД елдерiнен тысқары шығару жөнiндегi кедендiк жариялауының көшiрмесi;
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығының 161-бабының 2-тармағына сәйкес салық органдары есептеме жүргiзу немесе Қазақстан Республикасының қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есебiнде тұрған салық төлеушi тiлегi мен қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы шешiм қабылдайды. Мұнда қосылған құн салығының сомасын қайтару бюджетке салықтың осы түрi бойынша жалпы түсiмнiң есебiнен жүзеге асырылады.
Осы қаулының күшi 1995 жылғы 11 қазаннан кейiн қалыптасқан құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгiленсiн.
📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң
1996.01.31. N 130 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармақ өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
N 848 қаулысымен.