Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг

Ереже · № 75 · қабылданған 23.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23595/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған Ереже ·№ 75 ·23.03.2005
15.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг

Күшін жойған Ереже ·№ 75 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
23.03.2005
Көрсетілген редакция
15.04.2010 23595_253579.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05VQ002276
ЭКБ идентификаторы
23595
Редакция идентификаторы
23595_253579
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:00

0 Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардағы № 148-II Заңының 6- бабының, «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңының 97- бабының негізінде ¥лан ауданық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Ұсынылып отырған тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй коммуналдық қызметке ақы төлеу ушін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелері бекітілсін.

2 2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

3 3. Осы шешім 2005 жыдғы 1 ақпанынан іске енгізіледі.

4 Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

¥лан аудандық мәслихатының
2005 жылғы 24 наурыздағы № 75
шешіміне қосымша
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және
үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру
тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Тұрғын үй көмегі

1 1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республиқасының 1997 жылғы

16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.

3

3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шөгінде жалдайтын адам, осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.

4 4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасынын нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.

5 5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін

шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

6

6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету. газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтерді қамту) Қазақстаи Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.

7 7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық

қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.

2 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

8 8. Жеке меншігінде 1 бірілктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан аиырылады.

9

9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа
дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызмерттегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.

10 10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.

11

11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге еәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрыңғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады.

12 12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы айықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.

13

13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.

14

14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларынй белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.

15 15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының

тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жалудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.

16 16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылу мен ыстық су

қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады Электқуатының төлемі жылтумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентты есептелсін.

17 17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:

1

1) үміткер заңы некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмерен зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтьшын дәлелдеу керек;

2 2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;

3 3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата- анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;

4 4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата- анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.

18

18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестациясына дейін) немесе, отбасы құрамы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясыңа дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімімен анықтама (Тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).

19 19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт- өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі еңгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.

20 20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып

табылады (1 қосымша).

21 21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифтерді қамту, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.

22

22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациядан белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).

23

23. Тұрғын үй көмегің алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша қайта аттестациядан өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.

24 24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.

25

25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін
жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркіқіен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде.

3 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

26 26. Тұрғын ұй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік

шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және
коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол
берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:
П=МСПЖ-(t х д)
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері
МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем
t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20%)
д - отбасының жиынтық табыстары

4 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

27 27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.

28

28. Отбасының жиынтық табысуарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынды. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.

29

29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.

30

30. Қалалық үйгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау- бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау- бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептіқ көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.

31 31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.

32 32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан,

жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:

1 1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілеіті

органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);

2 2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);

3 3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);

4 4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.

33

33. Ішкі істер органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын кұжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мұшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.

34 34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда,

жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиынын есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.

35 35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық

жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.

36 36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген

тәртіпте жауапты.

5 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

37 37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұргын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт золғанда беріледі.

38 38. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метіріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.

39 39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есейтелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (желтоқсан, наурыз, маусым, кыркүйек).

40 40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.

41 41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.

42 42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есепт керек.

43 43. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй қөмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.

44 44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсаннын алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.

6 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

45 45. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарынын есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.

46

46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) аркылы жүргізіледі Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық (қалалық) еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімеді белгіленеді.

47 47. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.

¥лан аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің менғерушісінің
міндетін атқарушы А. Ибраимова

66 2005 жылғы 24 наурыздағы

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға
және үй-коммуналдық қызметке ақы
төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын
беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕГЕ
1 қосымша

1 1. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері жөніндегі №______ ШЕШІМ (көшірмесі) 2005 жылғы “______" істің №______

1 1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу

үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережеге сәйкес тағайындалсын
ТЕГІ _____________________________________
АТЫ______________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ___________________________
Отбасы мүшелерінің саны__________________
Тұған күні______________________
Жынысы ___________________
(күні, айы, жылы)
(ер әйел)
Тұрғылықты жердің мекен жайы (нақты)____________________________
Жеке куәлігінің__________________ № 2005 жылғы "___"_____________
Берген жері_______________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)________________________
Өтініш жасаған уақыты_______________________________
Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 200_ жылғы "___"_______________
"___"_________________________
___________________________________________________________________сомада
(санмен және жазбаша сома)
Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың №__________________________

2 2. Тұрғын үй көмегін көрсетуғе бас тартылсын___________________________

___________________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
Бөлім басшасы
_______________________(А.Ж.Т)
Бөлім маманы _______________________(А.Ж.Т)
¥лан аудандық
жұмыспен қамту
және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
А. Ибраимова

70 Өнімді пайдалану үшін үйдегі мал мен құстың жасы

2005 жылғы 24 наурыздағы Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға
және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын
беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕГЕ 2 қосымша
Өнімді пайдалану үшін үйдегі
мал мен құстың жасы
Малдардың түрі
Өнімді жағдайға жеткен жас мал мен / құстың жасы
Ірі қара мал
25
Қой және ешкі
12
Шошқа
10
Жылқы
16
Түйе
18
Құс
8
¥лан аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы А. Ибраимова

Қолданыстағы