Қолданыстағы ред. 14.04.2005 (Редакция 23617_348730.kaz)

Шұбарши кентінің Башенкөл елді мекенінде құтыру ауруы шығуына байланысты қойылған шектеуді тоқтату туралы от 14.04.2005 г. № 85 (Шұбарши кентінің Башенкөл елді мекенінде құтыру ауруы шығуына байланысты қойылған шектеуді тоқтату туралы)

0

Шұбарши кентінің Башенкөл елді мекенінде құтыру ауруы шығуына байланысты қойылған шектеуді тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңы және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария
туралы» Заңы негізінде аудандық аумақтық басқармасының Бас мемлкеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша Шұбарши кентінің Башенкол елді мекенінде құтыру ауруының жойылуына байланысты аудан әкімияты қаулы етеді:

1

1. Аудан әкімиятының 17 ақпан 2005 жылғы № 33 қаулысымен Шұбаршы кентінің Башенкол елді мекенінде құтыру ауруы шығуына байланысты қойылған шектеу тоқтатылсын.

2

2. Аудандық аумақтық басқармасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына (Е. Дошмағанбетов) алдағы уақытта жануарлар арасында жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын қамтамасыз ету тапсырылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық басқармасының
Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Е. Дошмаганбетовке тапсырылсын.