Құжат мәтініне өту

Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы

Өзге акт · № 3 · қабылданған 10.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23644/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 ·10.03.2005
23.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
10.03.2005
Көрсетілген редакция
23.05.2012 · қолданыстағы 23644_198884.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05KA001760
ЭКБ идентификаторы
23644
Редакция идентификаторы
23644_198884
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:03

0 Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы бекітілсін (әрі қарай - Қағида) (қосымшаға сәйкес).

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, тұрғындарға коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Әбдіров Қадырбек Сағашұлы).

3 3. Осы шешім ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

4 Бекітілген

2005 жылғы 10 наурыздағы
кезекті сессияның N 3 шешімі
Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жасалды.
Қағида жеке және заңды тұлғалардың Қарағанды қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы қатынастарын реттейді және жауапкершіліктерін белгілейді.
Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

1 1. Жалпы ереже

1 1. Осы қағида қала аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

2 2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) бақ - функционалдық аймаққа бөлінген және ұзақ мерзімді демалысқа арналған жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақ;

2 2) газон - көгалдандырылған аймақтың ашық учаскелерінде арнайы таңдап алынған шөптердің тұқымын себу арқылы жасалған шөптесін жабынды;

3 3) жасыл желектер - шығу тегi табиғи және жасанды, азаматтық заңға сәйкес мүлiкке жататын және қала меншiгi болып табылатын сүректi-бұта және шөптесiн өсiмдiктер;

4 4) жасыл алап - бақ ландшафтының ең ірі бірлігі. Шудан, шаңнан қорғайтын, сондай-ақ визуальды изоляция құрайтын ені 100-150 метр;

5 5) жасыл желектердi қорғау - жасыл желектердi, көгалдандырылған аймақтарды жасыл алаптарды жасауға, сақтауға және қайта өндiруге бағытталған, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесi;

6 6) жасыл желектердi жою - жасыл желектердiң өсу процесiнiң тоқтауына әкелiп соғатын зақымдану;

7

7) жасыл желектердiң зақымдануы - ағаштың ұшар басына, дiңiне, сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң бұтақтарына, олардың тамыр жүйесiне, өсу процесiнiң тоқтауына, шөптесiн өсiмдiктердiң тамыр жүйесiне және жер бетiндегi бөлiгiнiң зақымдануына зиянды әсерiн тигiзедi. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң, қабық тұтастығының бұзылуы, топырақтың тiршiлiк қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл желектердiң ластануы, не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы - механикалық зақымдану болып табылады;

8

8) көгалдандырылған аймақтар - табиғи және жасанды жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орын тепкен, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бақтар, гүл бақтары, гүлбақшалар орналасқан жерлер, мекен-жайлар, қоғамдық, iскерлiк, коммуналдық, өндiрiстiк жерлерге арналған құрылысы шағын аймақтар;

9 9) көгалдандырылған жалпы пайдалану аймағы - тұрғындар үшiн пайдаланылатын аймақ: бақшалар, бақтар, мәдени және демалыс бақтары, мемориалдық кешендер, скверлер, бульварлар, көшелер мен көлік магистралдары, жағалаулық орман-бақтар, лугобақтар, гидробақтар;

10 10) көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы - тұрғын-жай құрылысы, азаматтық, өндірістік құрылыстар, халыққа қызмет көрсету мекемелері, емдiк, оқу және ғылыми мекемелер, халықтың жекелеген топтарының пайдалануына арналған санитарлық-қорғау аймақтары;

11 11) көгалдандырылған арнайы аймақ - тәлiмбақтар, гүлдiк-оранжереялық шаруашылық аймақтары, көрмелер, ботаникалық, дендрологиялық және зоологиялық бақтар, зираттар;

12 12) өтемдiк көгалдандыру - жойылған немесе зақымданған жасыл желектердiң қайта өндiрiсi;

13

13) өтемдiк құн - жасыл желектердiң зақымдануы немесе жойылуы кезiндегi олардың құндылығын есепке алу үшiн тағайындалған, жасыл желектердi күтiп-баптауға және тұрғызуға жұмсалған шығындарды қосқандағы құндық бағалануы. Өтемдiк құнға, екпелердi қайта өндiру (отырғызу), оларды ұзақ уақыт күту шығындары, сонымен қатар жасыл желектердiң тұрған орны және сапалылығы, құндылығына байланысты анықталған экологиялық шығынның орнын толтыру енедi;

14 14) санитарлық-қорғаныс белдеуi - көгалдандырылған арнайы, қаланы өндiрiстiк кәсiпорындардан бөлiп тұрған қала тектес мекендер бөлiгi, көлемi және ұйымдастырылуы, қоршаған ортаға өндiрiстiк зиянды әсерiнiң сипатына байланысты болатын аймағы;

15 15) селитеб аумақ - қалалардағы жалпы пайдаланыстағы тұрғын үй, қоғамдық құрылыстар, көшелер, алаңдар мен жасыл көшеттер орналасқан жер учаскелері;

16 16) сквер - алаңды, қоғамдық орталықты, магистралды безендіру элементі болып табылатын, қысқа мерзімді демалуға және жүргіншілердің жүруіне арналған шағын көлемді жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақ;

17 17) уәкiлеттi орган - жасыл желектердi қорғау және күтiп-баптау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша атқару органы.

3 3. Көгалдандырылған аумақтар мынадай негізгі үш санатқа бөлінеді:

1 1) жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақтар;

2 2) шектеулі пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақтар;

3 3) арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар.

4 4. Көркейту объектілері мен элементтерінің, инженерлік инфрақұрылымның, жасыл қордың сақталуын қадағалауды, қоршаған ортаны қорғауды, санитарлық жағдайды қамтамасыз етуді мемлекеттік уәкілетті орган мен Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасы жүзеге асырады.

5 5. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес уәкілетті орган қартайған жасыл көшеттерді құлату, кесу, жас ағаштар мен бұталар отырғызу бойынша жұмыс жүргізу жөнінде ашық тәсілмен конкурс өткізеді.

2 2. Жасыл желектерді күтіп ұстаудың және қорғаудың негізгі принциптері

6

6. Қарағанды қаласы аймағында орналасқан барлық жасыл желектер, кімнің иелігінде жатпасын, біртұтас қалалық жасыл қорды құрайды және қорғауға жатады. Жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жасыл желектерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, жасыл желектердің зақымдалуына немесе жойылуына әкеліп соғатын заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жібермеуге міндетті.

7 7. Барлық санаттағы көгалдандырылған аумақтағы жасыл көшеттерді қамтамасыз ету қалалық бюджеттің есебінен, жер учаскелерін иелікке, жалға алған ұйымдар мен азаматтардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

8 8. Қала аумағында орналасқан барлық санаттағы көгалдандырылған аумақтағы жасыл көшеттерді осы Қағиданың 11 және 12 тармақтарында қарастырылған жағдайлардан басқа уақытта жоюға болмайды.

9 9. Мемлекеттік сатып алу туралы заңда белгіленген тәртіпте конкурс жеңімпаздары болып анықталған жеке немесе заңды тұлғалар жасыл көшеттерді күтіп ұстау және оларды зиянкестерден, аурулардан, арам шөптерден уақытылы қорғау жөнінде жұмыстар атқарғанда мынадай негізгі іс-шаралар орындайды:

1 1) желектерді мезгілінде суару;

2 2) ағаштар, бұталар және гүлзарлар отырғызу;

3 3) топырақты мезгілінде және сапалы өңдеп, тыңайтқыштар себу;

4 4) қатар аралықтар мен дің шеңберлерін мұқият және уақытылы өңдеу;

5 5) зиян келтіретін негіздер ескеріле отырып зиянкестердің санын, аурулардың дамуын есепке алу және болжау негізінде қорғау құралдарымен биологиялық (ерекше жағдайларда химиялық) өңдеу.

10 10. Жасыл желектердің ғимараттар мен құрылыстардан ара қашықтығы 3.01-01-2002 "Қала құрылысы. Қалалық және селолық елді мекендерді жоспарлау және құрылыс салу" Қазақстан Республикасының белгіленген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес орналастырылуы тиіс.

3 3. Жасыл желектерді жою және көшіріп отырғызу

11 11. Жасыл желектерді жоюға мына жағдайда ғана рұқсат берілуі мүмкін:

1 1) қала құрылысы құжаттамаларымен келісілген және бекітілген құрылыс объектілерін немесе басқа да орналастыру жағдайымен қамтамасыз етерде;

2 2) инженерлік көріктендіру объектілерін жер үсті қатынастарына қызмет көрсетерде;

3 3) апат және төтенше жағдайларды жоюда;

4 4) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының тұжырымдамасы бойынша жарықтандыру деңгейін орнына қайта келтіргенде;

5 5) жасыл желектердің сапалылығын және түрлік құрамын жақсарту қажет болғанда.

12 12. Жасыл желектерді жою мен көшіріп отырғызу уәкілетті органның берген рұқсаты бойынша жүргізіледі.

Жасыл желектерді жою, көшіріп отырғызу, көшіріп отырғызу рұқсатын беру тәртібін уәкілетті орган анықтайды.

13 13. Сүректі-бұта өсімдіктерін жою, көшіріп отырғызу, жаңарту, жер учаскелерінде оларды азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке меншігіне өткізгеннен кейінгі, шаруашылық қызметі немесе табиғи түрде пайда болған, олардың өзінің қалауы бойынша, ресімдеу рұқсатынсыз жүзеге асырылады.

4 4. Жасыл желектерді, оларды жойғаннан кейінгі зиянды өтеу және қалпына келтіру

14 14. Азаматтардың, заңды тұлғалардың өз пайдалары нәтижесінде жүргізген (жүргізілетін) жасыл желектерді жоюдың өтем құны, осы қағиданың 13 тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда ескертіліп, қосымшаға сәйкес өтем бағалымын есептеумен өтеуге жатады.

5 5. Жасыл желектерді қорғау және күту аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

15 15. Жасыл желектерді зақымдау немесе жою заңсыздығының әкімшілік жауапкершілігі, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдары негізінде анықталады.

16 16. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке мына жағдайда тартылады:

1 1) ағаштар мен бұталарды тиісті рұқсатсыз жою, көшіріп отырғызу;

2 2) жасыл желектерді зақымдау немесе жою;

3 3) көгалдандырылған аймақтарда алау жағу, түскен жапырақтарды және құрғақ шөптерді жағу;

4 4) гүлзарларды, гүл бақтарын, жолдарды, сутоғандарды қопсыту және жасыл желектер орналасқан аймақтарды тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен, сарқынды сулармен ластау;

5 5) ағаштардан шырын алу, тілу, жазу, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әр түрлі көрсеткіштер жапсыру, ілгектер мен шегелер қағу;

6 6) жасыл желектерді күту және көрсетілген аймақтарды пайдалануға байланысты техникалардан басқа, автокөлік жабдықтарының, құрылыс және жол техникаларының жүруіне және тұруына;

7 7) көгалдандырылған аймақтарда - арнайы бөлінген орындардан басқа, автокөлік құралдарын жуу;

8 8) гүлзарларда көліктерді аялдату;

9 9) жасыл желектер орналасқан аймақтарда мал жаю;

10 10) көгалдандырылған аймақтарда түрлі жүктерді жинау, соның ішінде құрылыс материалдарын;

11 11) өсімдік топырағын, құм алу және басқа да қазба жұмыстарын жүргізу, соның ішінде 13 тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда бақшалық;

12 12) ағаштар және бұталардың қорғанысын қамтамасыз ету шараларын қолданбай, екпелер өсіп тұрған жерлерге төбеден қар тастау;

13 13) тиісті рұқсатсыз жасыл алаптар, бақтар, саябақтар, гүл бақтарын, бульварлар, санитарлық-қорғаныс танаптарының құрылысын жүргізу;

14 14) тағайындалған өтемдік көгалдандыру жүргізу және жасыл желектердің есебі тәртібінің бұзылуы.

70 2005 жылғы 10 наурыздағы

қалалық мәслихаттың
N 3 шешімімен бекітілген
Қарағанды қаласында жасыл
желектерді күтіп ұстау мен
қорғау Қағидасына қосымша
Қарағанды қаласы бойынша жасыл желектерді жою үшін төлем алу құны (өтем бағамы)
Ағаштар мен бұталардың тұқымы
Өлшем бірлігі
Төлем алу құны
Қаланы көгалдандыруда кең пайдаланылатын жапырақты бұталарды жою
Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
1200
Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрден 1 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
2400
Діңгекшенің диаметрі 1 сантиметрден 1,5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
3600
Діңгекшенің диаметрі 1,5 сантиметрден 2 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
4900
Діңгекшенің диаметрі 2 сантиметрден және одан жоғары
бір данасы /теңге
6000
Қаланы көгалдандыруда сирек пайдаланылатын жапырақты және қылқан жапырақты бұталарды жою
Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
3700
Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрден 1 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
7300
Діңгекшенің диаметрі 1 сантиметрден 1,5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
11000
Діңгекшенің диаметрі 1,5 сантиметрден 2 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
14500
Діңгекшенің диаметрі 2 сантиметрден және одан жоғары
бір данасы /теңге
18200
Қаланы көгалдандыруда кең пайдаланылатын жапырақты ағаштарды жою
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
2400
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
4900
Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
7300
Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
9700
Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары
бір данасы /теңге
12100
Қаланы көгалдандыруда пайдаланылатын жапырақты ағаштарды жою
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
4900
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
9700
Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
14600
Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
19400
Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары
бір данасы /теңге
24300
Қаланы көгалдандыруда сирек пайдаланылатын жапырақты және кең пайдаланылатын қылқан жапырақты ағаштарды жою
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
7300
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
14500
Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
21800
Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
29100
Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары
бір данасы /теңге
36400
Қаланы көгалдандыруда сирек пайдаланылатын қылқан жапырақты ағаштарды жою
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
24300
Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
48600
Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
72800
Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін
бір данасы /теңге
97100
Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары
бір данасы /теңге
121400
1. Жеке тұрған ағаштардың өтем бағамы кейін діңгегінің диаметрі бойынша анықталады. Өйткені қала жағдайында көрсетілген биіктікте өлшеулерді тұрақты өткізу мүмкіншілігі жоқ, әсіресе желектерді заңсыз жою жағдайында, ал мұндай жағдай болмаған себепте, төмен, бірақ жер деңгейінен 30 сантиметрдегі биіктіктен кем емес. Өтем бағамын есептеу кезіңде көптеген ауытқылардан болмауы үшін оны кесте бойынша жүргізу ұсынылады, қай жерде ағаштар топтарға діңгек диаметрлерінің сатысы бойынша бөлінген - саты қадамы 5 сантиметр.

Қолданыстағы