Об усилении контроля за соблюдением законности и утвержденных правил при производстве охоты и рыбной ловли на территории области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об усилении контроля за соблюдением законности и утвержденных правил при производстве охоты и рыбной ловли на территории области
- Атауы (қаз.)
- Облыс аумағында балық аулаған және аңшылық жүргізген кезде бекітілген ережелердің, және заңның сақталуын бақылауды нығайту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 13.01.1999
- Көрсетілген редакция
- 13.01.1999 2365_206316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99B000022_
- ЭКБ идентификаторы
- 2365
- Редакция идентификаторы
- 2365_206316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:22
0 Облыс аумағында балық аулаған және аңшылық жүргізген кезде бекітілген ережелердің, және заңның сақталуын бақылауды нығайту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Кейінгі кездері, әсіресе Астана қаласына орталық атқару органдарының көшіп келуіне байланысты облыс аумағында аңшылық және балық аулау ережелері дөрекі бұзылуда, жануарлар және балық соңғы техникалық құралдар қолдану арқылы бақылаусыз және лицензиясыз ауланып және атылып алынуда, осының салдарынан аймақ флорасы және фаунасына, жануарлар дүниесін тиімді пайдалануға, қорғауға, өсімін молайтуға орны толмас зиян келтірілуді, ал техника қауіпсіздігін орындамағандық қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуда.
Заңды қатаң сақтау және қоршаған ортаны қорғауды нығайту үшін облыс әкімі шешім қабылдады:
1. Ақмола облысы аумағында жануарларды жаппай әдіспен, соның ішінде авиа, автомотокөлік құралдарымен, катерлермен және мотор қайықтарымен спорттық-әуесқой аңшылық жүргізуге және балық аулауға тыйым салынсын.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы (С.Ш.Шалин):
- Ақмола облысы аумағында аң және балық аулау ережелерін қатаң сақтауға бақылауды нығайтсын;
- тиесілі рұқсатсыз және бекітілген келісім-шартсыз жануарлар дүниесін пайдалануға жол берілмесін;
- бір ай мерзім ішінде Ақмола облысында аң аулауды жаңа редакциядағы Ережелері дайындалып бекітуге ұсынылсын.