О продаже периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического содержания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О продаже периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического содержания
- Атауы (қаз.)
- Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 31.03.2005
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.06.2005
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2015 23703_186218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05G0001612
- ЭКБ идентификаторы
- 23703
- Редакция идентификаторы
- 23703_186218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:57
0 Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы
Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы 14-бабының 2-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың Тұрпатты ережелері бекітілсін (қосымша).
2 2. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері:
эротикалық сипаттағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережелерін бекітсін;
эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуға арналған арнайы стационарлық ғимараттар анықтасын;
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.
4 Жамбыл облысы әкімиятының
2005 жылғы 31 наурыздағы
"Эротикалық мазмұндағы
материалдар жариялайтын
мерзімді басылымдардың
сатылуы туралы"»N 94
қаулысына қосымша
Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Тұрпатты ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1 1) Осы Тұрпатты ережелер Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ", "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңдарына сәйкес жасалынған.
2 2) Осы Тұрпатты ережелер заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасын реттейді.
3 3) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы 1-бабының 14-тармағына сәйкес тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радиобағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.
2 2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату
4 4) Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар тек қана жергілікті атқарушы органдардың арнайы шешімімен анықталған әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатылады.
5 5) Эротикалық басылымның әр данасы мөлдір ораммен буып-түйілген болуы керек.
6 6) алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25
№ 390
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
7 7) алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25
№ 390
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
3 3. Осы тәртіптің сақталуына бақылау
8 8) алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25
№ 390
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.