Атырау қаласы аумағында сауда
тізілімін жүргізу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын, 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544-ІІ «Сауда қызметін реттеу» Заңының 8 бабын басшылыққа ала отырып, көтерме және бөлшек сауда объектілерін, қаладағы қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласын оңтайлы орналастыру және объектілердің біртұтас дерекқорын құру мақсатында қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі туралы от 23.03.2005 г. № 62 (Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі туралы)
1. Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі бекітілсін (қосымша).
2. Сауда тізілімін жүргізудің жұмысшы органы болып (әрі қарай – тіркеуші орган) «Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекерттік мекемесі белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.Мырзатаевқа жүктелсін
Жобаны ұсынған:
Қалалық экономика және бюджеттік
Жоспарлау бөлімінің бастығы А.Әбдіров
Келісілді:
Қала әкімінің орынбасары В. Жұмыров
Қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары М. Мырзатаев
Қала әкімі аппаратының
жетекшісі Б. Тәтішев
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бастығы К.Ермекова
Қала әкімі аппаратының
мемелекеттік – құқықтық және
әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бастығы С. Өтепбаев
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бас маманы Қ. Аюпова
Қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Ерубаева
Атырау қаласы әкімиятының
2005 жылғы «23» наурыз
№ 62 қаулысына қосымша
Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ереже
1. Сауда тізілімі көтерме және бөлшек сауда нысандары, қаладағы қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласы тізбесін, сонымен қатар бірге олардың сауда қызметі субъектілерінің қайсысына жататындығы туралы мәліметін құрайтын біртұтас қалалық ақпараттық жүйе.
2. Сауда тізіліміне енгізуге төмендегідей сауда және қызмет көрсету саласы нысандары жатады:
1) көтерме сауда кәсіпорындары нысандары;
2) бөлшек сауда кәсіпорындары нысандары (сауда үйлері, дүкендер, дүңгіршіктер, сауда-аялдама павильондары, автолавкалар, тонарлар тағы басқалар) қоғамдық тамақтану нысандары (кафе, бар, асхана, мейрамхана және тағы басқалар);
3) ойын-сауық нысандары;
4) қызмет көрсету саласы нысандары (қонақ үй, шаштараз, ателье, сағат, киім және аяқ киім жөндеу шеберханалары, тұрмыстық және өндірістік қондырғылар мен автокөліктерді жөндеу қызметін көрсететін шеберханалар, жанар жағар май бекеттері);
5) көтерме, көтерме-бөлшек, сауда базарлары, бөлшек сауда базары;
6) жарнамалық фирмалар, ақпараттық және маркетингтік орталықтар.
Сауда тізіліміе меншік түріне қарамастан барлық сауда және қызмет көрсету саласы нысандары, сонымен бірге жалға алынған орындар да енгізіледі.
3. Сауда тізілімін есепке алуды және тіркеуді оның құрылуы мен жүргізілуін қамтамасыз ететін атқарушы орган «Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекерттік мекемесі жүргізеді (әрі қарай – тіркеуші орган).
2. Сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарын сауда тізіліміне енгізу тәртібі
1. Сауда қызметі мен қызмет көрсту жүзеге асыратын шаруашылық субъектісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) тіркелу және келісім актісін алу кезінде тіркеуші органға сауда және қызмет көрсету нысандарының орналасу орны бойынша төмендегідей құжаттарды тапсырады:
1) сауда тізіліміне енгізу жөніндегі арыз;
2) жылжымайтын мүлікті пайдалануға құқық беретін куәліктің, бағалау актісінің және жоспарының көшірмесі (ғимаратты жалға алу келісім-шарты, жеке құқығы туралы куәлік);
Арызданушыға құжаттардың түпнұсқалары оларды тапсырылған көшірмелерімен салыстырғаннан кейін қайтарылып беріледі.
Егер кәсіпорын жаңадан салынған құрылыс нысаны болып табылса, оны сауда тізіліміне енгізу, нысанды тиісті қабылдау актісін рәсімдей отырып, комиссиямен қабылдап алғаннан немесе басқа да құжаттармен заңдастырылғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Сауда тізіліміне «сауда нысанының» аумағында орналасқан сауда қызметі мен қызмет көрсету саласының барлық субъектілері енгізіледі. Бұл жағдайда, сауда нысанының меншікті иесі немесе негізгі жалдаушы жалдау, қосалқы жалдау келісім-шарттарының көшірмелерімен бірге жалдаушыларға, қосалқы жалдаушыларға келісім акті оны алуға белгіленген шарттар негізінде беріледі.
3. Егер шаруашылық субъектісінің аумақтық оқшау тұрған бірнеше нысаны болса, сауда тізіліміне енгізу жөніндегі арыз әрбір нысанға бөлек беріледі. Бұл жағдайда, әрбір нысан сауда тізіліміне жеке айқындамада енгізіледі.
4. Тіркеуші орган сауда нысаны мен қызмет көрсету саласы нысандарының сауда тізіліміне енгендігі жөніндегі ақпарды 10 жұмыс күні ішінде береді, ал шаруашылық субъектілеріне сауда тізіліміне енгендігі жөнінде тіркеу куәлігі (келісім актісі) беріледі.
5. Келісім актісінде сауда нысанының санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі жөніндегі қортындысы енгізіліп, мемелекеттік мекемелермен тұжырымдалады.
6. Нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігі мемлекеттік мекемелер мен әрбір жыл сайын, ал өртке қарсы нормаларға сәйкестігі үш жылда бір рет рәсімделеді.
7. Тіркеу жөніндегі акт (келісім актісі) 1 данада рәсімделеді де, арызданушыға қол қойдырылыпберіледі, тіркеуші орган сауда тізіліміне енгізіледі.
8. 1, 2 тармақшаларда көрсетілген құжаттар бойынша толық емес немесе жеткіліксіз мәлімет берілсе, сауда нысаны сауда тізіліміне енгізілмейді, бұл туралы тіркеуші орган құжаттар қабылданған күннен кейінгі 10 күн ішінде арызданушыға жазбаша ескертеді.
9. Сауда тізіліміне енгізілгені үшін төленбейді.
10. Жалға берілген нысан тіркеу актісінің қызмет ету мерзімі жалға алу келісім-шартының мерзімімен белгіленеді.
11. Сауда нысандарының меншік иелері мен ұзақ мерзімді жалға алу келісім-шартын жасаған тұлғалар үшін тіркеу актісі (келісім актісі) 1 жыл сайын рәсімделеді, егер бір жыл ішінде өзгерістер болған болса, онда күнтізбелік жыл басында актіні қайта рәсімдеу жүргізіледі.
12. Тіркеу актісі (келісім актісі) жоғалып қалған жағдайда жаңа акт оны алуға белгіленген шарттар негізінде беріледі.
13. Сауда нысаны сауда тізіліміне енгізілген шаруашылық субъектісінің тіркеу ісінде осы тәртіпке сәйкес тіркеуші органға тапсырылған құжаттардың барлығы да болуы қажет.
Шаруашылық субъектілерінің тіркеу ісі сауда тізіліміне тіркелмей қызметін жүргізуі мүмкін болмайтын сауда тізілімінің бір бөлігі болып табылады.
3. Сауда тізіліміне ақпарат алу
1. Мемлекеттік басқару органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдық бөлімшелеріне сауда тізілімінен ақпарат алу ақысыз, жазбаша сұраулар бойынша беріледі.
2. Сауда тізіліміндегі нақты сауда нысаны туралы мәлімет:
1) сауда тізілімінен көшірме;
2) тіркеу ісіндегі құжаттардан көшірме;
3) сұралған ақпараттың жоқтығы туралы анықтама түрлерінде беріледі.
3. Сауда тізілімінде бар мәліметтер тиісті сұрау салу тіркеуші органмен қабылданғаннан кейін 10 күннен аспайтын мерзім ішінде берілуі керек.
Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.