Об утверждении текста присяги лиц рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении текста присяги лиц рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1559
- Қабылданған күні
- 23.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2022 23746_611127.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U050001559_
- ЭКБ идентификаторы
- 23746
- Редакция идентификаторы
- 23746_611127
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:49
0 Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы
"Президент пен Үкімет
актілері жинағында"
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының АНТЫ
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 23 сәуiрдегi
N 1559 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының АНТЫ
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты)
iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана отырып:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң
сақтауға, бастықтардың, командирлердiң бұйрықтары мен нұсқауларын
және өзiме жүктелген қызметтiк мiндеттердi адал атқаруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын
және бостандықтарын шектеуге жол бермеуге, оларды құқыққа қарсы
әрекеттерден қорғауға;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында
белгiленген қоғамдық тәртiптi өз өмiрiмдi аямастан қорғауға;
қызметке байланысты қиындықтарға шыдамдылықпен төзе бiлуге,
адал, батыл, қырағы қызметкер болуға;
мемлекеттiк және қызметтiк құпияны сақтауға салтанатты түрде
ант етемiн.
Егер де мен осы антты бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiктi көтеруге әзiрмiн.
200__ жылғы "___" ________ __________
(қолы)