Құжат мәтініне өту

О границах оценочных зон и поправочных коэффициентах к базовым ставкам платы за земельные участки города Уральска

Өзге акт · № 17-2 · қабылданған 19.04.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23759/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О границах оценочных зон и поправочных коэффициентах к базовым ставкам платы за земельные участки города Уральска Қолданыста Өзге акт ·№ 17-2 ·19.04.2005
01.06.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О границах оценочных зон и поправочных коэффициентах к базовым ставкам платы за земельные участки города Уральска

Қолданыста Өзге акт ·№ 17-2 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О границах оценочных зон и поправочных коэффициентах к базовым ставкам платы за земельные участки города Уральска
Атауы (қаз.)
Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17-2
Қабылданған күні
19.04.2005
Көрсетілген редакция
01.06.2017 23759_201547.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05Z0002927
ЭКБ идентификаторы
23759
Редакция идентификаторы
23759_201547
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:50

0 Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер
Кодексінің 11-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мемлекеттің жекенің иелігіне беруге ұсынатын жер учаскелерінің орналасқан жеріне, инженерлік құрылғылардың орналасуына, абаттандырылуына, жер бедерінің бағалануына, қоршаған ортаның жағдайы мен қосымшаға сәйкес өзге де факторларға байланысты жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау үшін Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.

2 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2005 жылғы 19 сәуірдегі №17–2
шешімімен бекітілген
Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы
Аймақтар
Шекаралардың сипаттамасы
Базалық ставкаларға түзету коэффициенттері
1.
Солтүстік-батыстан Жайық өзенінен өтетін теміржол көпірінен теміржол жері шекарасы бойынша Деповская көшесі бойымен теміржол арқылы өтетін бұрынғы 1-автокөлік кәсіпорны шекарасына дейін, оның батыс шекарасы бойымен өтпелі тоғанға дейін, Жайық өзенінің ескі арнасы бойымен Жайық өзеніне дейін және оның жағалауы бойымен Горький тоғанына дейін, тоған бойымен Шаған өзеніне дейін, Шаған өзені бойымен Шаған өзенінен өтетін теміржол көпіріне дейін
2,0
2.
Солтүстік-батыстан Шаған өзенінен өтетін теміржол көпірі арқылы жағалау бойымен Орал қаласының солтүстік шекарасы бойынша Орал-Самара жолына дейін, осы жолмен Шолохов көшесіне дейін, Шолохов көшесі бойымен Циолковский көшесіне дейін, Циолковский көшесі бойымен теміржол жеріне дейін, теміржол жері бойымен батыста Магистральная, Локомотивная көшелері, Шаған өзенінен өтетін теміржол көпіріне дейін
1,75
3.
Солтүстіктен теміржол шекарасы бойынша С.Датұлы көшесіне дейін, одан әрі С.Датұлы көшесі бойымен оңтүстікке қарай батыс шекарасы бойынша Жайық өзеніне дейін, Жайық өзенінің жағалауымен оның ескі арнасына дейін, оның батыс шекарасындағы бұрынғы 1-автокөлік кәсіпорны бойымен Деповская көшесіне дейін, Деповская көшесімен теміржол Депосы ауданына дейін
1,6
4.
Солтүстіктен Циолковский көшесінің бұрышынан Шолохов көшесі бойымен шығысқа қарай Московская көшесінің бойымен, одан әрі жеке құрылыстар шекарасы бойымен оңтүстікке қарай теміржол жеріне дейін, Циолковский көшесіне дейін. Циолковский көшесі бойымен Шолохов көшесіне дейін
2,0
5.
Орал-Самара жолынан солтүстікке қаланың солтүстігі бойынша Солтүстік шығыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді қоса және Желаев өндірістік торабымен қаланың шығыс шекарасы (Желаев ауылын қоспағанда) теміржол жері бойымен солтүстік-шығыс ауданындағы жеке құрылыстар шекарасына дейін және осы шекара бойымен Московский көшесі бойымен Орал-Самара тас жолына дейін
1,75
6.
Солтүстіктен С.Датұлы көшесінен теміржол жері шекарасы бойымен Жайық өзенінің аңғарына дейін, оның жағалауындағы оңтүстік және батыс шекараларындағы Жайық өзені көпірінен С.Датұлы көшесінің бойымен солтүстікке қарай теміржол жеріне дейін
1,4
7.
Зашаған кентінің жерлері, солтүстіктен қоса алғанда Деркөл кенті аумағындағы жол торабынан темір жол бойымен Шаған өзеніне дейін, оның оңтүстігіне оң жағалауымен сағасына дейін, Анискино көлі бойымен Жайық өзеніне дейін, Жайық өзені бойымен «Ізденіс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жерінің шекарасына дейін, Меловые горки ауылын қоса одан әрі қала жерінің оңтүстік шекарасы бойымен Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының жеріне дейін, одан әрі Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы жерінің шекарасы бойымен жол торабына дейін
1,75
8.
Деркөл кентінің жерлері, 2-газ тарату стансасын қоса,
«Үміт» ауылы, «Белая казарма» аймағы, Деркөл, Шаған өзендері аңғарындағы жерді қоса алғанда, Шаған өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейін
1,4
9.
Серебряков ауылы, Круглоозерное кенті, Меловые горки ауылы, Желаев ауылының жерлері және басқа да елді мекендері
0,75

Қолданыстағы