О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и надзора финансового рынка и финансовых организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и надзора финансового рынка и финансовых организаций
- Атауы (қаз.)
- Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 116
- Қабылданған күні
- 26.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2011 AI23770_10.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003571_
- ЭКБ идентификаторы
- 23770
- Редакция идентификаторы
- AI23770_10
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:59
0 Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 323 қаулысымен .
2 2) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 318 қаулысымен .
3 3) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз ).
4
4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыстарды орындауға жеке тұлғаларға рұқсат беру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20-сәуірдегі N 30 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" журналында 1999 жылы жарияланған, N 8, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2397 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3400 тіркелген Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 қаулысымен енгізілген өзгерістері бар):
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;