Құжат мәтініне өту

О Правилах оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан

Ереже · № 127-17-III · қабылданған 29.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23778/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О Правилах оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан Күшін жойған Ереже ·№ 127-17-III ·29.03.2005
11.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Правилах оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан

Күшін жойған Ереже ·№ 127-17-III · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілетін науқастардың жол жүру құнын өтеу Қағидасы туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127-17-III
Қабылданған күні
29.03.2005
Көрсетілген редакция
11.03.2011 AI23778_8.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05A000387_
ЭКБ идентификаторы
23778
Редакция идентификаторы
AI23778_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:58

0 Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілетін науқастардың жол жүру құнын өтеу Қағидасы туралы

Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
қоса беріліп отырған Медициналық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге емделуге жіберілетін науқас адамдардың жол жүру құнына ақы төлеу ережесі бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрайымы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Келісілген:
Астана қаласы денсаулық сақтау
департаментінің бастығы
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 29 наурыздағы
N 127/17-III шешімімен
бекітілген
Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілетін науқастардың жол жүру құнын өтеу ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да), Астана қаласының Денсаулық сақтау Басқармамен (бұдан әрі - Басқарма) берілген, белгіленген үлгідегі жолдамасы бар болғанда жүргізіледі.

2 2. "Тұрғылықты жерінен тысқары емделетін азаматтарды тегін немесе жеңілдіктермен қамтамасыз ету" 016 бағдарламасының әкімгері  Басқарма болып табылады.

3 3. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) жылына бір рет жүргізіледі.

Онкологиялық, урологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын науқастардың және олардың жолсерік адамы (бір адамнан көп емес) жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) олардың өтініштері бойынша жүргізіледі.

4 4. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) қаржылық жылға сәйкес Астана қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүргізіледі.

2 2. Емделетін науқастардың және олардың жолсерік адамының жол жүру құнын өтеу тәртібі

5 5. Басқарма Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жол серік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеуді (екі жаққа да) мына құжаттар (көшірмелері мен түпнұсқалары) негізінде жүзеге асырады:

1 1) СТН мен Астана қаласы банкілері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоты көрсетілген өтініш;

2 2) жеке куәлігі;

3 3) Басқармамен берілген, белгіленген үлгідегі емделу жолдамасы;

4 4) тұрғындарды тіркеу кітапшасы;

5 5) жол жүріп барғанын растайтын билеттер.

6 6. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) темір жол көлігі, жедел поезының купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, әуе, темір жол және қала аралық автомобиль көлігінде жүруіне жүргізіледі.

7 7. Науқастардың және оның жолсерік адамының емделуге жол жүріп барғанын растайтын құжаттар емделу орнынан келген күннен екі ай мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуы қажет.

8 8. Емделуші науқас пен оның жолсерік адамының емделуге жол жүру билеттері жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және қайтар жолының жүріп барғанын растайтын анықтама тапсырылуы керек.

9 9. Басқарма емделуші науқастардың және олардың жолсерік адамының жол жүру құнын өтеу науқастар мен олардың жолсерік адамының Астана қаласының жекелеген банктері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы