Қолданыстағы ред. 28.12.2004 (Редакция 23809_339537.kaz)

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы от 28.12.2004 г. № 130 (Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы)

0

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын. (№1 жалғама)

2

2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жоғы материалдық көмек беру туралы Ережесі бекітілсін. (№2 жалғама)

3

3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (М.Ермеғали) және аудандық қаржы бөліміне (Б.Нұрмағанбетов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төлеуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

4

4. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
Кеісілді:
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің меңгерушісі – М.Ермеғали
Келісілді:
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі – Б.Нұрмағамбетов

5. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы

Аудан әкімдігінің «28» желтоқсан
2004 жылғы №130 Қаулысына
№1 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Балғайшиев Арман Байзақұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Ермеғали Мақсот Иісұлы
аудандық еңбек.жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы
Нұрмағанбетов Берік Базарұлы
мүшелері:
аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Тулегенова Сания Саматқызы
аудандық әділет бөлімінің бастығы (өз келісімімен)
Құспанова Зүлфия Алиахметқызы
аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы
Мұхамедрахимова Альфия Қарайқызы
аудандық мұрағат директоры
Мұхитов Абай Шыныбекұлы
аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы
аумақтық дәрігерлік бірлестігінің терапевті

6. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Е Р Е Ж Е

Аудан әкімдігінің «28» желтоқсан
2004 жылғы №130 қаулысына
№ 2 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген
азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Е Р Е Ж Е

7. І. Жалпы Ереже.

І. Жалпы Ереже.

1

1. Жекелеген азаматтарға жергілікті бюджет қаражатынан арнайы бөлінген қаржы есебінен материалдық көмек берілу немесе берілмеу мәселесін аудандық маслихат беркітілген бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясы өзінің айына бір рет ететін отырысында аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі ұсынған арыздар мен оған жалғанған құжаттарды қарап, зерттей келе шешім және хаттама толтырады.

2

2. Бір жолғы материалдық көмек жылына бір рет беріледі.

3

3. Жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру негізі болып азаматтардың аудан әкіміне, селолық округ әкіміне, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты қорғау бөліміне материалдық көмек сұрап берген арызы немесе өтініштері табылады. Арыз немесе өтініш беруші азаматтар көмек алуы үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын толық көрсетуі тиіс және оған қоса арызда көрсетілген жағдайларды айқындайтын табысы, жәрдемақылары мен зейнетақылары, өрт немесе табиғи залал жөнінде анықтамалар, денсаулығы жөнінде дәрігерлердің қорытындысы, туысқаны қаза балғандығы жөнінде акт және ресми құжаттар жалғап жіберуге міндетті.

4

4. Берілген арыздар мен өтініштерге сәйкес селолық округі әкімшілігі арыз немесе өтініш азаматтар отбасыларының материалдық жағдайы жөнінде зерттеу актісін толтырлып, оған қоса отбасына мемлекет және жергілікті уәкілетті орындар арқылы көмек түрлері берілді, уақытша жасаған жұмыстары туралы, ақылы қоғамдық тартылғандығы немесе балаларына міндетті оқу қорынан көмек көрсетілгендігі мәліметтерді толық көрсете отырып анықтама жазылады.Осы анықтамада міндетті осы жыл ішіндегі дерекпен қоса өткен жылдағы деректер жазылуы қажет және құжаттарды мерзімінен кешіктірмей аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне жолдайды.

5

5. Арыз немесе өтініш толық зерттеліп, онда көрсетілген әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы құжаттары түгел жинақталғаннан кейін, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі құжаттамаларды бір жолғы материалдық көмек беру комиссия отырысына ұсынады.

6

6. Хаттамаға сәйкес аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бір жолғы материалдық көмек алушының атағына тиісті реквизиттеріне сәйкес көмек қаржысын аударады.

7

7. Егер арыз қанағаттандырылмаған жағдайда комиссия төрағасының қолымен арыз берушіге берілмеу себептері көрсетіле отырып жауап хат жолданады.

8

8. Қажет болған жағдайда арыз немесе өтініш берушінің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жергілікті жерге барып зерттеулер жүргізуі мүмкін.

9

9. Егер арыз немесе өтінішке қоса жалғанған құжаттар ішінде отбасына немесе арыз берушіге қатысты тиісті анықтама болмаған жағдайда, ол толық зерттелмеген болып есептелінеді және комиссия қарамай, қайта зерттеуге жолдайды.

17. ІІ. Материалдық көмек беру шарты

ІІ. Материалдық көмек беру шарты
Бір жолғы материалдық көмек жекелеген азаматтарға олардың немесе отбасының материалдық -тұрмыстық қиын жағдайында беріледі:

1

1) Арыз немесе өтініш берген уақытында аз қамтылған отбасылар есебінде тіркеуде тұрып атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы, арыз немесе өтініш берген уақытында ақылы қызметте жүрген адамның үйінде бірге тұратын жанұясындағы жақын туыстары (ата-анасы, аға қарындасы, баласы, әйелі, ері) қайтыс болғанда, өзіне немесе өзі болған жағдайда отбасына;

2

2) Емделу үшін, егер емделу мерзімі 15 күннен артық және қосымша қаржы қажет ететін жағдайда;

3

3) Үй мүлікке, жеке шаруашылыққа, қора жайға табиғи апат залалдары (өрт, су тасқыны, нөсер-жауын, дауыл, жер сілкінісі т.б.) келген жағдайда;

4

4) Әлеуметтік -тұрмыстық жағдайлары төмен, жанұясында жұмыс жасайтын еш бір адам жоқ отбасыларына, аз қамтылғандар есебінде тіркелген атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына, егер олардың үйі немесе қора жайы тозығы жетіп құлап қалған жағдайда;

5

5) Егер осы II бөлімнің бірінші пункітінде көрсетілген жағдайлармен мемлекет және жергілікті орындар арқылы тиісті көмектер мен жәрдемақылар, зейнетақылар, жеңілдіктер алып отырған, тұрақты жұмыс жасайтын, жеке шаруашылықтары бар, қолданыстағы жылжымалы мүлкі бар, шаруа қожалықтар мүшелері, жеке кәсіпкерлікпен кәсіпкерлікпен шұғылданатын және бұрын бір жолғы көмек алған, арыз немесе өтініш білдірген азаматтарға (азаматшаларға) әлеуметтік -тұрмыстық жағдайларын зерттеу қорытындысына сәйкес өтінішін қанағаттандыруды немесе қанағаттандырудан бас тартуды комиссия отырысы шешеді.

23. ІІІ. Материалдық көмектің мөлшері.

ІІІ. Материалдық көмектің мөлшері.

1

1. Жақын туыстары қайтыс болғанда:
10 айлық есептік көрсеткіш

2

2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына:
8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

3

3. Емделуі үшін:
9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

4

4. Залал келгенде:
11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.