Қолданыстағы ред. 15.02.2005

Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы от 15.02.2005 г. № 12-5 (Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы)

0

Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабы және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихаттың кезекті XІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі (№ 1 қосымша) бекітілсін.

2

2. Осы шешім облыстық Әділет Департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

3

3. Осы шешім аудандық ресми басылымда жариялансын.

4

Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы
15 ақпандағы № 12-5 шешімімен бекітілген
1 қосымша
Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды
күтіп ұстаудың Е р е ж е с і

1. 1. Жалпы ережелер.

1. Жалпы ережелер.

1

1. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық тұралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы болып табылады.

2

2. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін 2 аптаның ішінде міндетті тіркеліп, бірдейлендіруге, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп, жоспарлы жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралардан өткізіліп, жергілікті ветеринариялық қызметке паразиттік ауруларға қарсы алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеуден өтуге тиіс.

3

3. Тіркеу куәлігі болмаса көрмеге, басқа да байқауларға қатысуға тиым салынады.

4

4. Үй жануарларын сатып әкелу және әкету белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлігі болған жағдайда ғана ұлықсат етіледі.

5

5. Үй жануарлары жұқпалы ауруға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса Мемлекеттік ветеринариялық қызметінің ұсынысымен иесінен алынып, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жойылады.

6

6. Байланбаған, еркін жүрген ит иесіз бұралқы деп танылады және ол жойылуға жатады.

7

7. Барлық елді мекендерде иесіз иттерді, мысықтарды ұстап жою үшін арнаулы топтар жасақталып, олардың көлікпен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылады.

8

8. Бұл Ереже ауданның барлық үй жануарлары иелеріне, сондай-ақ нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.

2. 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері

2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері

9

9. Үй жануарларын (ит, мысық) жайлы орындарда санитарлық жағдайда ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалса ветеринарлық маманға көрсетуге.

10

10. Мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын (ит, мысық) байкау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апару.

11

11. Үй жануарларын (ит, мысық) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға, байлаудан босатып қыдыртқанда «тұмсыққап» кигізіп, жетектейтін жібі қысқа болуға, аулада ескертпе белгілері болуды қамтамасыз етуге.

12

12. Адамды, малды ит қауіп алған жағдайда таяудағы медициналық, ветеринариялық мекемелерге хабарлап, иттерді ветеринариялық дәрігерге қаратуға, бақылауға қойған жағдайда байлап ұстауға.

13

13. Үй жануарларының мүрдесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, тек қана мал моласына апарылуы керек. Көлік жалдау шығындары мал иесінің есебінен өтеледі.

14

14. Азаматтардың денсаулығына, мүлкіне үй жануарларының (ит,мысық) келтірген шығыны мен зияны заңдарда белгіленген тәртіп бойынша үй жануарларының (ит, мысық) иелерінің есебінен өтеледі.

3. 3. Үй жануарларын (ит, мысық) ұстау Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік.

3. Үй жануарларын (ит, мысық) ұстау Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік.

15

15. Үй жануарларын (ит, мысық күтіп ұстау Ережесінің бұзылуына кінәлі үй жануарларының (ит, мысық) иелері Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.