Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабы және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихаттың кезекті XІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі (№ 1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім облыстық Әділет Департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім аудандық ресми басылымда жариялансын.
Басқа 4
Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 15 ақпандағы № 12-5 шешімімен бекітілген 1 қосымша Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Е р е ж е с і
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық тұралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы болып табылады.
Тармақ 2
2. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін 2 аптаның ішінде міндетті тіркеліп, бірдейлендіруге, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп, жоспарлы жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралардан өткізіліп, жергілікті ветеринариялық қызметке паразиттік ауруларға қарсы алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеуден өтуге тиіс.
Тармақ 3
3. Тіркеу куәлігі болмаса көрмеге, басқа да байқауларға қатысуға тиым салынады.
Тармақ 4
4. Үй жануарларын сатып әкелу және әкету белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлігі болған жағдайда ғана ұлықсат етіледі.
Тармақ 5
5. Үй жануарлары жұқпалы ауруға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса Мемлекеттік ветеринариялық қызметінің ұсынысымен иесінен алынып, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жойылады.
Тармақ 6
6. Байланбаған, еркін жүрген ит иесіз бұралқы деп танылады және ол жойылуға жатады.
Тармақ 7
7. Барлық елді мекендерде иесіз иттерді, мысықтарды ұстап жою үшін арнаулы топтар жасақталып, олардың көлікпен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылады.
Тармақ 8
8. Бұл Ереже ауданның барлық үй жануарлары иелеріне, сондай-ақ нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.
Тарау 2. 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
Тармақ 9
9. Үй жануарларын (ит, мысық) жайлы орындарда санитарлық жағдайда ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалса ветеринарлық маманға көрсетуге.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын (ит, мысық) байкау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апару.
Тармақ 11
11. Үй жануарларын (ит, мысық) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға, байлаудан босатып қыдыртқанда «тұмсыққап» кигізіп, жетектейтін жібі қысқа болуға, аулада ескертпе белгілері болуды қамтамасыз етуге.
Тармақ 12
12. Адамды, малды ит қауіп алған жағдайда таяудағы медициналық, ветеринариялық мекемелерге хабарлап, иттерді ветеринариялық дәрігерге қаратуға, бақылауға қойған жағдайда байлап ұстауға.
Тармақ 13
13. Үй жануарларының мүрдесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, тек қана мал моласына апарылуы керек. Көлік жалдау шығындары мал иесінің есебінен өтеледі.
Тармақ 14
14. Азаматтардың денсаулығына, мүлкіне үй жануарларының (ит,мысық) келтірген шығыны мен зияны заңдарда белгіленген тәртіп бойынша үй жануарларының (ит, мысық) иелерінің есебінен өтеледі.
Тарау 3. 3. Үй жануарларын (ит, мысық) ұстау Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік.
3. Үй жануарларын (ит, мысық) ұстау Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік.
Тармақ 15
15. Үй жануарларын (ит, мысық күтіп ұстау Ережесінің бұзылуына кінәлі үй жануарларының (ит, мысық) иелері Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.