Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан

Бұйрық · № 173 · қабылданған 07.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23855/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 173 ·07.04.2005
11.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 173 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
173
Қабылданған күні
07.04.2005
Көрсетілген редакция
11.07.2012 AI23855_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003599_
ЭКБ идентификаторы
23855
Редакция идентификаторы
AI23855_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:55

0 Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Нормативтік-құқықтық кесімдер тізбесінің 26-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Л.Ю.Пак) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. "Бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау, есепке алу, жазып беру, босату, пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы N 428 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1604 болып тіркелген).

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану Ережесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 7 сәуірдегі N 173
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолданудың осы Ережелері (бұдан әрі - Ереже), "Есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы тұру шаралары туралы" 1998 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және құрамында есірткілік заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар, сондай-ақ Заңмен бекітіліп Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар Тізіміне енгізілген (бұдан әрі - Тізім) прекурсорлар айналымын; құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға рецепттер жазып беру тәртібін белгілейді.

2 2. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсаттарда қолдану есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлерінің біріне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.

3 3. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды науқастардың амбулаториялық емделу кезінде қолдануы жазып берген рецептке сәйкес дәрігердің тағайындауы бойынша жүзеге асырылады.

4 4. Арнайы рецептуралық бланк құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепт жазып беруге арналған.

5 5. Сигнатура - құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды сатып алудың заңдылығын растайтын құжат.

2 2. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау

6 6. Денсаулық сақтау ұйымында амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындауды денсаулық сақтау ұйымының емдеуші дәрігері жүзеге асырады.

7

7. Жедел және кезек күттірмес медициналық жәрдем көрсетілген кезде құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды шақыруларға шығатын жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері немесе денсаулық сақтау ұйымындағы кезек күттірмес жәрдем (үйдегі жәрдем) бөлімінің дәрігері тағайындайды.
Құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер мен психотроптық заттар бар дәрілік заттардың қолданылғанын ресімдеуді науқасқа шұғыл медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін жүргізуге болады.

8 8. Стационарлық емдеуде жатқан науқастарға құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау аурудың ауырлығы мен сипатына қарай ауруды диагностикалау мен емдеудің кезеңдік хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

9

9. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың тағайындалуы бір реттік мөлшері, қабылдау (енгізу) тәсілі мен дүркіндігі, емдеу курсының ұзақтығы, сондай-ақ дәрілік заттарды тағайындаудың негіздемесі көрсетіле отырып, науқастың медициналық құжаттарында (ауру тарихында, амбулаториялық картасында, консультациялық тексерулерді жазу парағында) жазылып көрсетіледі және бөлімше меңгерушісінің немесе денсаулық сақтау ұйымы басшысының қолымен расталады.

10 10. Демалыс пен мереке күндері науқастарға құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жазып беруді кезекші дәрігер жүзеге асыруы мүмкін.

11

11. Бір дәрігер жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарында, операциядан кейінгі науқастарға, сондай-ақ ауыру, кардиогендік, гемотрансфузиондық, геморрагиялықтан кейінгі немесе басқа да шоктық жай-күйіндегі, ануриясы және өзге де жедел өршитін жай-күйі бар науқастарға (соның ішінде азаматтық мақсаттағы санитарлық көлікте) жедел медициналық жәрдем көрсеткенде құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарды тағайындауды дәрігер жеке өзі жүзеге асырады.
Тағайындау фактісі науқастың медициналық құжатында көрсетіледі және дәріні тағайындаған дәрігердің қолымен расталады.

12

12. Стационарлық медициналық жәрдем көрсететін медицина ұйымдарында құрамында Тізімнің ІІ, ІІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды науқастарға босату басқа дәрілік заттардан бөлек жүргізіледі. Ішу арқылы қабылдау тек медбикенің қатысуымен, ал инъекция түрінде қабылдау - дәрігердің қатысуымен жүргізіледі.

3 3. Рецепттер жазып беру және құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды босату

13

13. Науқастарға құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға рецепттерді тиісті медициналық көрсетілімдері болғанда науқастың жасын ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымы емдеуші дәрігерлері, жеке емдік практиканы жүргізуші дәрігерлер жазып беріп, қолын қояды, жеке мөрімен және денсаулық сақтау ұйымының мөртабанымен және мөрімен растайды.

14

14. Құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттар осы Ережелерге 1 қосымшаға сәйкес бланктің коды, нөмірі мен қорғаныстық дәрежелері болатын, А 6 форматында баспаханалық тәсілмен дайындалған қызғылт түсті арнайы рецептуралық бланкіде амбулаториялық науқастарға жазылып беріледі. Код осы Ережелерге 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шартты сандық белгілерін қамтиды.

15

15. Арнайы рецептуралық бланкке денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен расталады. Бұл орайда мөрді кесу сызығына басады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау ұйымының мөртабаны басылады, медициналық құжаттаманың нөмірі, рецепті жазып берген дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты мен оның қолы, сондай-ақ науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы мен тұрғылықты мекен-жайы көрсетіледі.
Арнайы рецептуралық бланкке жазылып берілген рецепттің түбіртегі олардың сақталуы үшін жауапты адамда сақталады.

16 16. Көп компонентті дәрілік нысанның құрамына енетін құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар атауы рецептте бірінші болып жазылады, одан кейін қалған барлық ингредиенттер көрсетіледі.

17 17. Рецепттің мазмұны, арнайы рецептуралық бланктің коды мен нөмірі науқастың медициналық құжаттамасына түсіріледі.

18 18. Құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға тегін немесе жеңілдікті жағдайларда рецепттер жазып бергенде арнайы рецептуралық бланкке қосымша жеңілдікті рецепт жазылып беріледі.

Құрамында Тізімнің ІІІ, ІV Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар рецептуралық бланктерге жазылып беріледі.

19 19. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға ең жоғарғы бір реттік қабылдаудан асатын мөлшерде рецепт жазып бергенде дәрілік заттың мөлшері жазбаша жазылады және леп белгісі қойылады.

Дәрігер бұл талапты сақтамаған кезде фармацевтика қызметкері жазылып берілген дәрілік зат бір реттік жоғары мөлшерінің жартысын босатады.

20 20. Инкурабельдік онкологиялық науқастарды емдеу үшін құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың бір рецептте жазылып берілетін мөлшері, дәрілік заттарды бір рецептке жазып беруге арналған жол берілетін шекті нормалардан екі есе асырылуы мүмкін.

Көзге арналған дәрілік нысандарда бір рецепттегі этилморфин гидрохлоридінің мөлшері бес есе арттырылуы мүмкін.

21 21. Құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепттер 7 күн ішінде жарамды.

22 22. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға жазылып берілген рецепттер осы ережелерге 3 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша журналда тіркеледі.

23 23. Рецепттер бланкіде қарастырылған барлық графалар міндетті түрде толтырыла отырып, анық жазылады. Рецептте түзетулерге жол берілмейді.

24 24. Мөлшері, қабылдау жиілігі мен ұзақтығы көрсетіле отырып, дәрілік затты қолдану тәсілі мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленеді. Жалпылама ("Белгілі", "Ішуге", "Сыртқа" сияқты) нұсқаулармен шектелуге жол берілмейді.

25 25. Арнайы рецептуралық бланкте бір дәрі жазылып беріледі.

26 26. Мыналарға:

1 1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецепт жазып беруге;

2 2) Нашақорлықтан зардап шегетін науқастарға құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепттер жазып беруге;

3 3) Амбулаториялық науқастарға этил спиртіне, фентанилге рецепт жазып беруге және оларды босатуға;

4 4) Бір рецептуралық бланкте құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды осы Ережелерге 4 қосымшада көрсетілген мөлшерден көп жазып беруге және босатуға;

5 5) Рецептте жазылып берілген есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындалған нысанның құрамынан тыс босатуға жол берілмейді.

27

27. Созылмалы аурулары бар науқастарға құрамында Тізімнің ІІІ, ІV Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға рецепттер бір айға дейінгі мерзімдегі емдеу курсына жазылып беріле алады. Бұл жағдайларда рецептуралық бланкте "Арнайы тағайындау бойынша" деген жазу көрсетіледі.

28 28. Жоғарыда аталған талаптарға жауап бермейтін рецепт жарамсыз болып есептеледі. Рецепт жазып берген адам науқас қаралған сәтте оның тиісінше ресімделуін қамтамасыз етеді.

29 29. Жарамсыз рецепттер "Жарамсыз рецепт" мөртабанымен жабылады, дұрыс жазылып берілмеген рецепттерді есепке алатын арнайы журналға тіркеледі.

30 30. Науқасқа құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды босатқанда фармацевтика қызметкері рецепттің келесі бетінде босатылған дәрілік заттың атауын, мөлшерін, күнін көрсетеді және босатушының қолын қояды.

31

31. Құрамында Тізімнің ІІ, ІІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды босатқанда науқасқа рецепттің орнына осы Ережелерге 5 қосымшаға сәйкес, рецептке және зауыттық таңбалануына (өндіруші-зауыт, ел, серия (топ) нөміріне) толық сәйкес келетін деректері бар диагоналы бойынша (солдан оңға қарай) сары жолақты "Сигнатура" беріледі. Сигнатура дәріні босатқан фармацевтік қызметкердің қолымен, сондай-ақ дәріханалық ұйымның мөрімен расталады.

32 32. Құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепттер республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде, құрамында Тізімнің ІІІ, ІV Кестесіндегі дәрілік заттарға - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.

33 33. Денсаулық сақтау ұйымының есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды алуға талаптары осы Ережелерге 6 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша латын тілінде жазылып, ұйым басшысының немесе оның орынбасарының қолымен және ұйымның мөрімен расталады.

4 4. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау және есепке алу ерекшеліктері

34 34. Прекурсорлармен, құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың тізімі жыл сайын денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

35 35. Денсаулық сақтау ұйымдарында, дәрілерді сақтау орындарында және кезекші дәрігерлер мен медбикелер постыларында есірткілік дәрілердің, психотроптық заттардың жоғарғы бір реттік және тәуліктік мөлшерлерінің кестесі, сондай-ақ олармен уланғанда қолданылатын у қайтарғыларының кестесі ілінеді.

36 36. Прекурсорларды, құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау бөлмесіне (әрі қарай - сақтау бөлмесіне) тікелей олармен жұмыс істейтін адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі.

37 37. Үй-жайлар, сейфтер мен шкафтар жұмыс күні аяқталғаннан кейін мөрленеді және (немесе) пломбаланады. Кілттер, мөр және (немесе) пломбир жауапты адамда сақталады.

38

38. Прекурсорлар, құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың, реактивтердің кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар (есеп-фактуралар, тауар құжаттары, сенімхаттар, рецепттердің түбіртектері, талаптар) айлар және жылдар бойынша тігілген, мөрленген күйінде сақтау бөлмесіндегі сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.
Құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар ағымдағысын есептемегенде бес жыл, Тізімнің ІІІ, ІV Кестесіндегілер бір жыл сақталады.

39 39. Сейф, шкаф есіктерінің ішкі бетінде жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшерлері көрсетіле отырып, сақтаулы тұрған дәрілік заттардың тізбесі ілінеді.

40 40. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау бөлмесінен беруді тек жауапты адам жүзеге асырады.

41

41. Дәріханалардың ассистенттік бөлмелеріндегі Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілердің, психотроптық заттардың қоры бес күндік қажеттіліктен, денсаулық сақтау ұйымының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) - үш күндік қажеттіліктен, дәріханалардың сақтау бөлмелерінде - мереке және демалыс күндерін есептемегенде отыз күндік қажеттіліктен асырылмайды.

42

42. Денсаулық сақтау ұйымының қабылдау бөлмелерінде кешкі және түнгі уақыттарда өмірлік көрсеткіштер бойынша шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың бес күндік қорын жасауға жол беріледі. Аталған қор кезекші дәрігердің рұқсатымен қолданылуы мүмкін.

43

43. Медициналық сараптамалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында сынақтардан (талдамалардан) кейін қалған құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттар үш ай ішінде сақталады, одан кейін тапсырысшыға қайтарылады. Қабылдау өткізу фактісі актімен ресімделеді.
Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар ақаулы дәрілік заттар, сондай-ақ сынақтардан (талдамалардан) кейінгі қалдықтар жойылуға жатқызылады.

44

44. Денсаулық сақтау ұйымдарында прекурсорлар, құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар, сондай-ақ реактивтер осы Ережелерге 7, 8, 9, 10, 11, 12 қосымшаларға сәйкес үлгі бойынша нөмірленген, жіппен тігілген, денсаулық сақтау ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті аумақтық бөлімшелерінің мөрімен және басшысының қолымен расталған арнайы журналда заттық-сандық есепке алуға жатқызылады.

45

45. Аталған дәрілерді сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының барлық бөлімшелерінде есепке алу журналы жүргізіледі. Бірінші бетінде заттық-сандық есепке алуға жатқызылатын прекурсорлар, құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар, реактивтер тізбесі көрсетіледі. Әрбір атау үшін өлшем бірлігі көрсетіле отырып, бөлек бет (айқарма бет) беріледі. Келіп түсуі нөмірі мен күні көрсетіле отырып, әрбір кіріс құжаты бойынша көрсетіледі. Шығындары күндізгі қорытындылар (күнделікті жазбалар) бойынша жазылады.

46 46. Жауапты адам әр айдың бірінші жұлдызында құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың, сондай-ақ прекурсорлардың нақты барын кітап қалдығымен салыстырып, осы Ережелерге 22 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша салыстыру актісін жасайды.

Аталған дәрілерді мүкәммалдағанда жеке мүкәммалдық тізім бойынша нақ қалдығы анықталады.

47

47. Нақты қалдықты кітаптағы қалдықтармен салыстырғанда алшақтықтар анықталған жағдайда денсаулық сақтау ұйымының басшысы есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қаперіне жеткізу үшін бұл туралы Комитеттің аумақтық бөлімшесіне бір тәулік ішінде хабардар етеді.

5 5. Арнайы рецептуралық бланктер мен талаптарды сақтау, бөлу, босату, есепке алу және жою

48 48. Мемлекеттік жергілікті денсаулық сақтау органдары денсаулық сақтау ұйымдарын арнайы рецептуралық бланктермен қамтамасыз етеді.

49 49. Арнайы рецептуралық бланктерді беру оларда саны (жазбаша), бланктің коды мен нөмірі көрсетіле отырып, сенімхат бойынша жүзеге асырылады.

50 50. Арнайы рецептуралық бланкілерді алуға арналған сенімхаттың қолданылу мерзімі 10 күн (алыс аудандардағы денсаулық сақтау ұйымдары үшін - бір ай).

51 51. Денсаулық сақтау ұйымдарының арнайы рецептуралық бланктерге талаптары осы Ережелерге 15 қосымшаға сәйкес үлгіде ресімделеді.

52 52. Денсаулық сақтау ұйымына түскен кезде арнайы рецептуралық бланктерді сол ұйымның басшысы тағайындаған комиссия қабылдайды. Арнайы рецептуралық бланкілерді кіріске алу, оларды комиссия қабылдауынан кейін кіріс жөніндегі құжат бойынша жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе оның орынбасары алынған мөлшердің ілеспе құжаттарға сәйкестігін жеке тексереді.
Денсаулық сақтау ұйымының басшысы арнайы рецептуралық бланктерді алу, сақтау мен беру үшін жауапты адамды тағайындайды.

53 53. Арнайы рецептуралық бланктер, талаптар, сондай-ақ кіріс пен шығыс жөніндегі құжаттар сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.

Арнайы рецептуралық бланктер, талаптар, сондай-ақ кіріс пен шығыс жөніндегі құжаттар сақталатын бөлме жұмыс аяқталғаннан кейін мөрленеді және (немесе) пломбыланады. Бөлменің кілті, мөр және (немесе) пломбир денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты адамда сақталады.
Денсаулық сақтау ұйымындағы арнайы рецептуралық бланктердің қоры орташа айлық қажеттіліктен аспайды.

54 54. Емдеуші дәрігерге арнайы рецептуралық бланкілер нақты науқас үшін денсаулық сақтау ұйымы басшысы орынбасарының рұқсатымен беріледі.

55 55. Арнайы рецептуралық бланкілер заттық-сандық есепке алынуға жатады.

56 56. Арнайы рецептуралық бланктерді есепке алу кітабы осы Ережелерге 13 қосымшаға сәйкес бір күнтізбелік жылға жүргізіледі. Кітап нөмірленеді, жіппен тігіледі, ұйымның мөрімен және басшысының қолымен расталады.

57 57. Әрбір айдың бірінші жұлдызында материалдық жауапты адам нақты бар арнайы рецептуралық бланктерді кітаптағы қалдықпен салыстырады, ол туралы осы Ережелерге 14 қосымшаға сәйкес салыстыру актісі жасалады.

Тексеру нәтижесі бойынша алшақтық анықталған жағдайда, денсаулық сақтау ұйымы Комитеттің аумақтық бөлімшесін бір тәулік ішінде хабардар етеді.

58 58. Арнайы рецептуралық бланкілерді есепке алу кітабы оған барлық кіріс-шығыс құжаттарымен бірге ағымдағы жылды есептемегенде бес жыл бойы сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.

59 59. Арнайы рецептуралық бланкілердің кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар (есеп-фактуралар, тауар құжаттары, талаптар, сенімхаттар) олардың сақталуына кепілдік берілетін жағдайларда сақталады. Құжаттар айлар мен жылдар бойынша тігіледі.

60 60. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы үйінде қайтыс болған науқастардан қалған пайдаланылмаған арнайы рецепттерді қабылдау мен есепке алуды ұйымдастырады.

61 61. Үйінде қайтыс болған онкологиялық (гематологиялық) науқастардың туыстарынан пайдаланылмаған арнайы рецептуралық бланктерді қабылдау осы Ережелерге 16 қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.

62 62. Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген пайдаланылмаған арнайы рецепттердің саны осы Ережелерге 17 қосымшаға сәйкес нөмірленген, жіппен тігілген, денсаулық сақтау ұйымының дөңгелек мөрімен және басшысының қолымен расталған арнайы журналда тіркеледі.

63

63. Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген пайдаланылмаған арнайы рецепттер сақталуға кейіннен жойылуға жатқызылады. Рецепттердің жойылуы рецепттердің жиналуына қарай, бірақ кемінде айына 1 рет құрамына ішкі істер органының өкілі кіретін тұрақты қызмет ететін комиссияның қатысуы арқылы өртеу жолымен жүргізіледі. Жойылу фактісі тиісті актімен ресімделеді.

6 6. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды, сондай-ақ прекурсорларды жою

64 64. Стационарлық медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында бос ампулалар мен ішіндегісі ішінара пайдаланылған, құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттардан босаған ампулалар жиналуға және жойылуға жатқызылады.

65 65. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы үйінде қайтыс болған науқастардан кейін пайдаланылмай қалған құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды қабылдау мен есепке алуды ұйымдастырады.

66

66. Қайтыс болуы туралы куәлікті ресімдеу үшін жауапты қызметкерге қайтыс болған онкологиялық науқастың туыстарынан үйінде қайтыс болған науқастардан қалған дәрілік заттардың пайдаланылмаған қалдығын қабылдау денсаулық сақтау ұйымы бойынша бұйрықпен жүктеледі. Пайдаланылмаған қалдықтарды қабылдау осы Ережелерге 18 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша актімен ресімделеді.

67

67. Бұл қызметкер қабылданған дәрілік зат шығынын амбулаториялық картада жазылған кезекті рецепттің алыну сәтінен бастап салыстыруын жүргізеді. Өткізілген дәрілік препараттардың саны, олардың атаулары мен дәрілік нысандары (ампулалар, таблеткалар, ұнтақтар) осы Ережелерге 19 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша нөмірленген, жіппен тігілген, ұйым мөрімен және басшының қолымен расталған арнайы есепке алу журналында тіркеледі.

68 68. Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар пайдаланылмаған дәрілік заттарды есепке алу журналында мөлшері мен оларды жою тәсілі туралы белгі қойылады.

69 69. Өткізілген дәрілік заттар оларды жойғанға дейін сейфте сақталады.

70

70. Жарамдылық мерзімі өткен, қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген, құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды, сондай-ақ сынған, ақаулы, бос ампулалар мен ішінде ішінара пайдаланылған дәрі бар ампулаларды жою үшін денсаулық сақтау ұйымы бойынша бұйрықпен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамына ішкі істер органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері енгізіледі.

71

71. Құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар жинақталу дәрежесіне қарай әр айдың отызыншы жұлдызынан кешіктірілмей, денсаулық сақтау ұйымының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қатысуымен: ұнтақтар мен таблеткалар өртеу жолымен, ампуладағы препараттар жаншу жолымен жойылады.

72 72. Жою фактісі осы Ережелерге 20 және 21 қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.

1 Арнайы рецептуралық бланктің үлгісі

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
1 қосымша
А6 форматы
Арнайы рецептуралық бланктің үлгісі
РЕ­ЦЕПТ N______
РЕ­ЦЕПТ N _______
Код __________
Код _____
Ден­са­улық сақ­тау
ұй­ы­мы­ның мөр­та­ба­ны
Ден­са­улық сақ­тау
ұй­ы­мы­ның мөр­та­ба­ны
Ре­цепт­тің жа­зы­лып бе­рі­л­ген кү­ні
200 __ ж. "____" _____________
На­у­қа­стың Т.А.Ә
Жа­сы _________________________
Ме­кен-жайы ___________________
Уча­сток N ____________________
На­у­қа­стың ме­ди­ци­на­лық құ­жа­ты­ның
N _______________
Дә­рі­гер­дің Т.А.Ә
Rp:
Ре­цепт­тің жа­зы­лып бе­рі­л­ген кү­ні
200 __ ж. "____" ______________
На­у­қа­стың Т.А.Ә,
Жа­сы __________________________
Ме­кен-жайы ____________________
Уча­сток N _____________________
На­у­қа­стың ме­ди­ци­на­лық құ­жа­ты­ның
N _______________
Дә­рі­гер­дің Т.А.Ә ______________
Rp:
Дә­рі­гер­дің қо­лы мен же­ке мө­рі
М.
Дә­рі­гер­дің қо­лы мен же­ке мө­рі
О.
Тү­зе­ту­лер­ге жол бе­ріл­мей­ді
Тү­бір­тек ден­са­улық сақ­тау
ұй­ы­мын­да қа­ла­ды
Бланк нө­мі­рі
Тү­зе­ту­лер­ге жол бе­ріл­мей­ді
Бланк нө­мі­рі

2 Республика әкімшілік-аумақтық бірлігінің шарттық сандық белгісі (коды)

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
2 қосымша
Республика әкімшілік-аумақтық бірлігінің шарттық сандық белгісі (коды)
Р/к N
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лі­гі
Шар­ттық сан­дық
бел­гі­сі (ко­ды)
1.
Аста­на қа­ла­сы
658
2.
Ақ­мо­ла об­лы­сы
652
3.
Ақ­тө­бе об­лы­сы
645
4.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
646
5.
Ал­ма­ты ол­бысы
660
6.
Аты­рау об­лы­сы
648
7.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
647
8.
Жам­был об­лы­сы
649
9.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
657
10.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
650
11.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
651
12.
Қо­ста­най об­лы­сы
653
13.
Маң­ғы­стау об­лы­сы
663
14.
Пав­ло­дар об­лы­сы
654
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
655
16.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
659

3 Дәрілік затты тегін (немесе жеңілдікті жағдайда) алуға жазылған рецепттерді тіркеу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
3 қосымша
Дәрілік затты тегін (немесе жеңілдікті жағдайда) алуға жазылған рецепттерді тіркеу журналы
Шы­ға-
ры­л­ған
кү­ні
Ре­цепт
тің
N,
ко­ды
На­у­қа­стың
Т.А.Ә
ам­бу­ла­то-
рия кар-
та­сы­ның N
Ау­ру-
дың
тү­рі
(шифр)
Нау-
қа­стың
ме­кен-
жайы
Дә­рі­лік
заттың
ата­уы,
мөл­ше­рі,
буып-
түй­і­луі
Орам­ның
са­ны
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ре­цепт­ті жа­зып
бер­ген дә­рі-
гер­дің Т.А.Ә
және қо­лы
Ре­цепт­ті
қа­был­дап
ал­ған
на­у­қа­стың
қо­лы
Қай­та­ры­л­ған
ре­цеп­ті
бел­гі­леу
8
9
10
Журнал нөмірленуі, жіппен тігілуі, денсаулық сақтау ұйымының
мөрімен және басшының қолымен расталуы тиіс.

4 Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды бір рецептке жазып беру және босатудың шекті жол берілетін нормалары

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
4 қосымша
Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды бір рецептке жазып беру және босатудың шекті жол берілетін нормалары
Ата­уы
Өл­шем
бір­лі­гі
Мөл­ше­рі
Бу­пре­нор­фин (нор­фин) (0,2 мг)
тіл асты таб­лет­ка­ла­ры
таб­лет­ка­лар
20
Бу­пре­нор­фин 1 мл-де 0,6 мг
ам­пу­ла­лар
10
Бу­пре­нор­фин 1 мл-де 0,3 мг
ам­пу­ла­лар
20
Ко­де­ин
грамм
0,2
Құ­ра­мын­да ко­де­ин бар жөтел­ге қар­сы
таб­лет­ка­лар (код­тер­мопс, код­тер­пин)
таб­лет­ка­лар
20
Мор­фин
грамм
0,3
Ом­но­пон
грамм
0,1
Три­ме­пе­ри­дин
грамм
0,25
Про­си­дол
грамм
0,25
Этил­мор­фин (ди­о­нин)
грамм
0,2
Эфед­рин гид­ро­хло­ри­ді, Псев­до­эфед­рин
грамм
0,6
На­трий эта­ми­на­лы
грамм
1,0
Ті­зім­нің ІІІ Кесте­сін­де­гі
пси­хо­троп­тық заттар (бар­би­тур
қыш­қы­лы туын­ды­ла­ры­ның ұй­ық­та­та­тын
пре­па­рат­та­ры­нан бас­қа)
таб­лет­ка
ам­пу­ла­лар
50-ден
асыр­май
20-ден
асыр­май
Ұй­ық­та­та­тын дә­рі­лер - бар­би­тур
қыш­қы­лы туын­ды­ла­ры
таб­лет­ка­лар
12-ден
асыр­май

5 СИГНАТУРА

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
5 қосымша
СИГНАТУРА
Дәріхана ұйымының атауы __________________________________________
КОДЫ _________ Рецепт N ________, шығарылған күні _______________
Науқастың Т.А.Ә мен жасы _________________________________________
Rp: ____________________________________
____________________________________
____________________________________
____________________________________
Қолдану тәсілі
Дәрігердің Т.А.Ә ______________________
Дайындаған ___________________________
Тексерген ______________________________
Босатқан _______________________________
Күні __________________________________

6 200 ___ж. "___" __________ есірткілік дәрілерге, психотроптық заттар мен прекурсорларға талап

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
6 қосымша
200 ___ж. "___" __________ есірткілік дәрілерге, психотроптық заттар мен прекурсорларға талап
__________________________________
Денсаулық сақтау ұйымының атауы
Мөртабан
Есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар
айналымымен байланысты қызмет түріне N _____ мемлекеттік лицензия
______________
Кімнен ___________________ (алушының Т.А.Ә, қызметі)
Қандай мақсаттар үшін (негіздеме) __________________
Р/к
N
Есірт­кі­лік дә­рі­лер­дің,
пси­хо­троп­тық заттар­дың,
пре­кур­сор­лар­дың ата­уы
Өл­шем
бір­лі­гі
Та­лап
еті­л­ген
мөл­шер
жа­з­ба­ша
Боса­ты­л­ған
мөл­шер
жа­з­ба­ша
1
2
3
4
5
Басшының Т.А.Ә. __________ қолы _____________
МО

7 Дәріхана қоймаларында есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
7 қосымша
Дәріхана қоймаларында есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу журналы
Ұйымның атауы ________________________________
Дәрілік заттың атауы _________________________
Өлшем бірлігі ________________________________
Айы
Ай­дың
ба­сын-
да­ғы
қал­дық
Кі­ріс
Қал­дық­пен бір­ге
кі­ріс бой­ын­ша
ай ішін­де­гі
бар­лы­ғы
Кім­нен
алын­ды
Құ­жат­тың
N мен кү­ні
Са­ны
1
2
3
4
5
6
Қаң­тар
Ақ­пан
және т.б.
кестенің жалғасы
Айы
Шы­ғыс
Ай
ішін­де­гі
шы­ғын­ның
бар­лы­ғы
Қал-
ды­ғы
Ма­те­ри­ал­дық
жа­у­ап­ты
адам­ның қо­лы
Кім­ге
боса-
тыл­ды
Құ­жат­тың
N мен кү­ні
са­ны
1
7
8
9
10
11
12
Қаң­тар
Ақ­пан
және т.б.

8 Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды бөлімшелерде және кабинеттерде есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
8 қосымша
Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды бөлімшелерде және кабинеттерде есепке алу журналы
Денсаулық сақтау ұйымының атауы _________________
Бөлімше (кабинет) _______________________________
Дәрінің атауы, мөлшерленуі, буылып-түйілуі ______
Өлшем бірлігі ___________________________________
Кі­ріс
Шы­ғы­ны
Қал-
дық
Боса-
ту­шы-
ның
Те­гі,
А.Ә.,
қо­лы
Алушы-
ның
Т.А.Ә.
Алын-
ған
кү­ні
Қай­дан
алын­ған,
құ­жат­тың
N мен
кү­ні
Са­ны
Алу-
шы­ның
Те­гі,
А.Ә.,
қо­лы
Бе-
ріл-
ген
кү­ні
Са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9

9 Дәріханада заттық-сандық есепке алуға жататын есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
9 қосымша
Дәріханада заттық-сандық есепке алуға жататын есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу журналы
______________________________________________
Заңды тұлғаның атауы
______________________________________________
Препараттың атауы, мөлшерленуі
Айы
1 жұл-
дыз­ға
қал­дық
Ай
ішін-
де­гі
қал-
дық­пен
бір­ге
бар­лық
кі­ріс
Шы­ғын­дар
тү­рі
Құ­жат-
тың N
мен
кү­ні
Са­ны
Құ­жат-
тың N
мен
кү­ні
Са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
Қаң­тар
Ам­бу­ла­то­рия-
лық ре­цепт
бой­ын­ша
ста­ци­о­нар-
лар­ға
Ақ­пан
кестенің жалғасы
Шы­ғын­дар
Әр­бір
түр
бой­ын-
ша ай
ішін-
де­гі
шы­ғын
Шы­ғын-
ның
бар­лық
түр-
ле­рі
бой­ын-
ша ай
ішін-
де­гі
бар-
лы­ғы
Ай
со-
ңын-
да­ғы
қал-
дық
Нақ-
ты
қал-
дық
1
2
3
4
5
6
7
8
және
т.с.с
31
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22

10 Талдама үшін сынақ зертханасына (орталыққа) келіп түсетін құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
10 қосымша
Талдама үшін сынақ зертханасына (орталыққа) келіп түсетін құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу журналы
____________________________________________________
Сынақ зертханасының (орталықтың) атауы
Дәрінің атауы _______________________
Өлшем бірлігі _______________________
Кі­ріс
Бе­рі­л­ген
Р/к
N,
яғ­ни
тал-
да­ма
N
Түс-
кен
кү­ні
Кім­нен
алын­ды,
құ­жат-
тың N
Се­рия
N
Алын­ған
са­ны,
өл­шем
бір­лі­гі
Сы­нақ
тү­рі
Кү­ні
Са­ны
Алу-
шы­ның
қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Шы­ғы­ны
Тал­да-
ма­ға
шы­ғын-
дал­ған
мөл­ше­рі
Сы­нақ
кә­сі­бі,
сы­нақ
са­ны
Тол­ты-
ры­л­ған
кү­ні
мен
тал­да-
ма­шы­ның
қол­ха­ты
Тал-
да­ма
нәти-
же-
ле­рі
Тал-
да­ма-
дан
қал-
ған
қал-
дық
Қал-
дық­ты
қа­был-
дап
алу-
шы­ның
қол-
ха­ты
Дә­рі­ха-
на­лық
ұй­ым­ға
бе­ру
неме­се
жою
ту­ра­лы
бел­гі,
са­ны,
акт N
Зерт-
ха­на
мең-
ге­ру-
ші­сі-
нің
қо­лы
10
11
12
13
14
15
16
17

11 Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеу ұйымдары мен білім беру ұйымдарында есірткілік дәрілерді, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
11 қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеу ұйымдары мен білім беру ұйымдарында есірткілік дәрілерді, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды есепке алу журналы
___________________________________
Ұйымның атауы
Атауы _____________________________
Өлшем бірлігі _____________________
Алын-
ған
кү­ні
Кі­ріс
Шы­ғы­ны
Жет­кі­зу­ші
және
құ­жат-
тың N
Са­ны
Ма­те­ри­ал­дық
жа­у­ап­ты
адам­ның
Те­гі, А.Ә.,
қо­лы
Бе­ріл-
ген
кү­ні
Алу-
шы­ның
Те­гі,
А.Ә.
Қан­дай
мақ­сат-
тар­ға
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Шы­ғы­ны
Са­ны
Алушы­ның
қо­лы
Бе­ру­ші­нің
Те­гі, А.Ә.,
қо­лы
Қал­дық
8
9
10
11

12 Медбикелер постыларында құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
12 қосымша
Медбикелер постыларында құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды есепке алу журналы
Денсаулық сақтау ұйымының атауы __________________________
Дәрінің атауы, мөлшері, буылып-түйілуі____________________
Өлшем бірлігі ____________________________________________
КІ­РІС
ШЫ­ҒЫ­НЫ
Алын-
ған
кү­ні
Қай­дан
алын­ды
құ­жат­тың
N мен
кү­ні
Са­ны
Алушы­ның
Т.А.Ә.,
қо­лы
Бе­ріл-
ген
кү­ні
На­у­қас
ау­ру
та­ри-
хы­ның
N мен
Т.А.Ә.
Са­ны
Бе­ру-
ші­нің
Т.А.Ә.
қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8

13 Арнайы рецептуралық бланктерді есепке алу кітабы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
13 қосымша
Арнайы рецептуралық бланктерді есепке алу кітабы
Денсаулық сақтау ұйымының атауы
_____________________________________________________________
Ай­дың
ба­сын-
да­ғы
қал­дық
(жал­пы
са­ны)
Кі­ріс
Шы­ғын
Құ­жат­тың
N, кү­ні
N ___­ден
N ___­ге
дей­ін­гі
бланк,
Код ___
Са­ны
Кім­ге
дә­рі-
гер­дің
Т.А.Ә.
бе­рі­л­ген
кү­ні
N ___­ден
N ___­ге
дей­ін­гі
бланк
Са­ны
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Шы­ғын
Ай­дың
со­ңын­да­ғы
қал­дық
(бланк­тер­дің
жал­пы са­ны)
Ал­ған
Адам­ның
қо­лы
Ма­те­ри­ал­дық
жа­у­ап­ты
адам­ның
Т.А.Ә.
8
9
10

14 Арнайы рецептуралық бланкті салыстыру актісі

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
14 қосымша
Денсаулық сақтау ұйымының атауы _______________________
Арнайы рецептуралық бланкті салыстыру актісі
200 _____ ж. _________________ айына
р/к
N
N ___­ден
N ___­ге
дей­ін­гі
ар­найы
ре­цеп-
ту­ра­лық
бланк­тер
Ай
ба­сын-
да­ғы
қал­дық
Кі­ріс
Шы­ғын
Кі­тап-
та­ғы
қал­дық
Нақ­ты
қал­дық
Ай­ыр-
ма­сы
+
±
1
2
3
4
5
6
7
8
Қорытынды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жауапты адам ________________________ қызметі, қолы
Тексерген _________________________ қызметі, қолы

15 Қазақстан Республикасында

бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
15 қосымша
Денсаулық сақтау ұйымының мөртабаны
Арнайы рецептуралық бланкілерге талап
20 ___ ж. "___" __________
Кімге ________________________________________________
Кімнен _______________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы)
_______________________________________________
Есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы
саласындағы қызметке 20___ж __________ N _____ лицензия
Р/к
N
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Жа­з­ба­ша са­ны
1
2
3
4
Медицина ұйымының басшысы _____________________ қолы
Т.А.Ә.
Жауапты адам _____________________ қолы
Т.А.Ә.
МО

16 Науқас қайтыс болғаннан кейін қалған арнайы рецепттерді қабылдау-өткізу актісі

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
16 қосымша
Науқас қайтыс болғаннан кейін қалған арнайы рецепттерді қабылдау-өткізу актісі
_____________ қаласы 20 ___ ж. "___" _________
Біз төменде қол қойған: материалдық жауапты адамның, қайтыс
болған науқас туысының және мүдделі емес үшінші адамның Т.А.Ә.
___________________________________________________________________
(кемінде үш адам)
қайтыс болған науқас ________________________________________ туысы
қайтыс болған науқастың Т.А.Ә
___________________________________________________________________
қайтыс болған науқас туысының Т.А.Ә.
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
код _______ N ____________арнайы рецептуралық бланкті (терді)
бергені туралы осы актіні жасадық, онда____________________________
__________________________________________________ жазылып берілген
(дәрілік заттың атауы)
Қайтыс болған науқастың мекен-жайы:
Мыналардың: комиссия мүшелерінің, өткізуші және қабылдаушының
қолдары
Қабылдады:
Өткізді:
Күні:

17 Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген пайдаланылмаған арнайы рецепттерді есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
17 қосымша
Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген пайдаланылмаған арнайы рецепттерді есепке алу журналы
Р/к
N
Түс-
кен
кү­ні
Нау-
қа­стың
Т.А.Ә
мен
ме­кен-
жайы
Ре­цепт-
ті
жа­зып
бер­ген
ем­ха­на
Блан-
ктың
ко­ды,
N,
өт­кі-
зі­л­ген
ре­цепт-
тің
жа­зы-
лып
бе­ріл-
ген
кү­ні
Өт­кі­зу-
ші­нің
Т.А.Ә
мен
қо­лы
Қа­был-
дап
алушы-
ның
Т.А.Ә
мен
қо­лы
Жою
тә­сі­лі
мен
жой­ыл-
ған
кү­ні
ту­ра­лы
бел­гі
1
2
3
4
5
6
7
8

18 Науқас қайтыс болғаннан кейін қалған құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік заттарды қабылдау-өткізу АКТІСІ

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
18 қосымша
Науқас қайтыс болғаннан кейін қалған құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік заттарды қабылдау-өткізу АКТІСІ
200 ___ ж. "___" __________
____________________________________________________________________
Денсаулық сақтау ұйымының атауы
____________________________________________________________________
науқастың Т.А.Ә.
Біз төменде қол қойғандар: қайтыс болған науқас туысы
____________________________________________________________________
қайтыс болған науқас туысының Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
бергені туралы (дәрілік заттың атауы, саны)
осы актіні жасадық
Қайтыс болған науқастың мекен-жайы:
Мыналардың: өткізушінің және қабылдаушының қолдары
Қабылдады:
Өткізді:
Күні:

19 Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілерді, психотроптық заттарды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
19 қосымша
Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілерді, психотроптық заттарды есепке алу журналы
Р/к
N
Түс-
кен
кү­ні
Нау-
қас-
тың
Т.А.Ә
мен
ме-
кен-
жайы
Өт­кі-
зіл-
ген
есірт-
кі­лік
дә­рі-
лер,
пси­хо-
троп-
тық
зат-
тар
мен
пре-
кур-
сор-
лар
ата­уы
Өл­шем бір-
лі­гі
Са­ны
Өт­кі-
зу­ші-
нің
Те­гі
мен
қо­лы
Қа­был-
дап
алушы-
ның
Те­гі
мен
қо­лы
Са­ны
мен жою
тә­сі­лі
ту­ра­лы
бел­гі
1
2
3
4
5
6
7
8
9

20 Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылған және ішінара пайдаланылған ампулаларды жою АКТІСІ

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
20 қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылған және ішінара пайдаланылған ампулаларды жою АКТІСІ
_________________ жыл _________________
Мына құрамдағы комиссия (3 адамнан кем емес)
1) Денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің Т.А.Ә., қызметі;
2) Ішкі істер органдары өкілінің Т.А.Ә., қызметі;
3) Санитарлық эпидемиологиялық қызмет органы өкілінің Т.А.Ә.,
қызметі
_________ден ________ дейінгі кезең ішінде __________
данада (жазбаша) есірткілік дәрілер қолданылған саны (жазбаша)
________ науқастардан (науқастардың Т.А.Ә мен ауру тарихының
N) алынған құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік
дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың
пайдаланылған және/немесе ішінара пайдаланылған ампулаларын
жоюды жүргізді.
Ампулалар жаншу жолымен жойылды.
Төраға _______________ (қолы)
Комиссия мүшелері: _________(қолдары)
_________(қолдары)
_________(қолдары)

21 Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекусорларды жою АКТІСІ

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
21 қосымша
Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекусорларды жою АКТІСІ
_________________қала _________________ нен
Мына құрамдағы комиссия (3 адамнан кем емес)
Денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің Т.А.Ә., қызметі;
Ішкі істер органдары өкілінің Т.А.Ә., қызметі;
Санитарлық эпидемиологиялық қызмет органы өкілінің Т.А.Ә., қызметі
үйінде қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген құрамында
Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткілік дәрілер, психотроптық заттар
бар дәрілік заттарды, сондай-ақ 200__ж "___"___________дан
200__ж "___"___________ дейін кезеңде сынықтарды және ақауларды
атаулары бойынша:
ампулаларда, ұнтақтарда, таблеткаларда (атауын, мөлшерін,
кімнен алынғанын, Т.А.Ә., науқастың ауру тарихының N көрсету керек)
____________________________________________________________________
____________________________________________________ жоюды жүргізді.
Дәрілік заттар: ампулалар - жаншу арқылы; ұнтақтар мен
таблеткалар өртеу жолымен (керектісін сызу қажет) жойылды.
Төраға___________ (қолы)
Комиссия мүшелері ___________ (қолдары)
___________ (қолдары)
___________ (қолдары)

22 Есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды салыстыру АКТІСІ

Қазақстан Республикасында
бақылауға жататын есірткілік
дәрілерді, психотроптық заттар
мен прекурсорларды медициналық
мақсаттарда қолдану Ережесіне
22 қосымша
Бекітемін
______________________
ұйым басшысының Т.А.Ә
200 ___ ж. "___" ________
____________________
Ұйымының атауы
Есірткілік дәрілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды салыстыру АКТІСІ
200 ___ ж. _______________айы үшін
р/к N
Ата­уы
Өл­шем  бір­лі­гі
Ай­дың ба­сын­да­ғы қал­дық
Кі­ріс
1
2
3
4
5
Шы­ғын
Кі­тап қал­ды­ғы
Нақ­ты қал­дық
Нақ­ты және
кі­тап­та­ғы
қал­дық
ара­сын­да­ғы
ай­ыр­ма­шы­лық
6
7
8
9
Қорытынды _____________________________________________
Жауапты адам _________________________ қызметі, қолы
Тексерген _____________________________ қызметі, қолы

Қолданыстағы