Қолданыстағы ред. 04.04.2005

Коғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы от 04.04.2005 г. № 87 (Коғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы)

0

Коғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
“Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2

2. “Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы нұсқаулықты басшылыққа алсын.

3

3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Жаманшаловқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға енгізіледі.

5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулық

Әкімияттың
2005 жылғы 4 сәуірдегі № 87 қаулысымен бекітілді
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулық

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы нұсқаулық ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен есеп айырысу жүйесін және негізгі талаптарды реттейді.

2

2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) қоғамдық жұмыстар - жергілікті атқарушы органдарымен ұымдастырылатын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;

2

2) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіріп отыратын мемлекеттік орган;

3

3) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, аудан әкімі басқаратын, әкімият;

4

4) нысаналы топтар - “Халықты жұмыспен қамту” Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.

2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

2

2. “Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды атқаруға көрсететін қызметтер жөнінде келісім-шарт жасайды.

3

3. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және аудандық бюджет қаражаттарынан қаржыландырылады.

4

4. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты аудандық бюджет қаражаттары есебінен тиімді пайдалану мақсатында, жергілікті атқарушы орган төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:

1

1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;

2

2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.

5

5. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекіткен тізбеге сәйкес Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.

6

6. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.

3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері

3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері

7

7. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.

8

8. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төлеген ақы шығыны, Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулысымен анықталған мөлшерде, мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады.

9

9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақы заңнамалар белгіленген тәртіппен салықтан босатылады.

10

10. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.

11

11. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен еңбекақыға жұмсалған шығындарды өтеу үшін Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ай сайын орындалған жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін, еңбек ақы есептеу ведомосын, орындалған жұмыстардың актісін беріп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.

12

12. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.

4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау

4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау

13

13. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.