Коғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы “Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. “Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы нұсқаулықты басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Жаманшаловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға енгізіледі.
Басқа 5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулық
Әкімияттың 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 87 қаулысымен бекітілді Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен есеп айырысу жүйесін және негізгі талаптарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - жергілікті атқарушы органдарымен ұымдастырылатын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіріп отыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, аудан әкімі басқаратын, әкімият;
Тармақша 4
4) нысаналы топтар - “Халықты жұмыспен қамту” Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 2
2. “Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды атқаруға көрсететін қызметтер жөнінде келісім-шарт жасайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және аудандық бюджет қаражаттарынан қаржыландырылады.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты аудандық бюджет қаражаттары есебінен тиімді пайдалану мақсатында, жергілікті атқарушы орган төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекіткен тізбеге сәйкес Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 8
8. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төлеген ақы шығыны, Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулысымен анықталған мөлшерде, мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақы заңнамалар белгіленген тәртіппен салықтан босатылады.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен еңбекақыға жұмсалған шығындарды өтеу үшін Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ай сайын орындалған жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін, еңбек ақы есептеу ведомосын, орындалған жұмыстардың актісін беріп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 12
12. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.