Об утверждении инструкции об организации и финансированию социальных рабочих мест Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда осы нұсқаулықты басшылықка алсын.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Жаманшаловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға енгізіледі.
Басқа 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Әкімияттың 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 85 қаулысымен бекітілді Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, сондай-ақ кәсіби білім беру мекемелерінің түлектерінің жастар тәжірибесінен өтуін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін (меншік үлгісіне қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу негізгі жағдайларды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек ақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) жастар тәжірибесі - оқуды бітірген, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында орта кәсіптік және жоғарғы топтағы түлектерді жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Занымен белгіленген топтағы тұлғалар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарына Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілер таратылады.
Тармақ 4
4. Алтынсарин ауданы әкімиятынын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарына жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындары
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындары
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбек акы шығыны аудандық бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарының еңбегіне ақы төлеу шығынын ішінара төлеуге қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады, сондай-ақ жұмыс берушілермен тәжірибе кезеңінде қабылданған түлектің еңбегіне ақы төлеу шығынын толық төлеуге қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды, жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарын және олардың еңбегіне акы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Алтынсарин ауданының әкімияты жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен, халыктың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру және жастар тәжірибесінен өту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін аныктайды.
Тармақ 8
8. Ұйымдарда жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындары Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналасуға және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарына нысаналы топтарға жататын, аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарына еңбек ақы төлеу, жеке еңбек шартындағы жағдайларға сәйкес және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджеттін қаражатынан ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде алты айға дейінгі мерзімге өтеледі.
Тармақ 12
12. Жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарына жұмыска орналастырылған жұмыссыздардың еңбек акысына төленген жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджеттін қаражатынан ең төменгі жалақының 100 пайызы көлемінде төрт айға дейінгі мерзімге өтеледі. Бюджеттік қаражаттарды аудару жөніндегі есептесулер жұмыс берушілердің есеп шоттарына жүргізіледі
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу, нақты орындалған көлемінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарына шыққан шығындарды өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.