Об утверждении Положения о комиссии по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений в Акжарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о комиссии по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений в Акжарском районе
- Атауы (қаз.)
- Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 287
- Қабылданған күні
- 26.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2024 23890_724747.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05SD000004
- ЭКБ идентификаторы
- 23890
- Редакция идентификаторы
- 23890_724747
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:49
0 Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590-ІІ «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алу және жолын кесуге септігін тигізетін, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтарын құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауына қатысу үшін белсенді тарту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамсыздандаруға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы Ереженің қосымшасы бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
3 Ақжар ауданында коғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
БЕКІТІЛГЕН
Аудан әкімдігінің
«Ақжар ауданында
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын және қылмыстың
алдын алу мен жолын кесуге
септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу
жөніндегі комиссия туралы
Ережені бекіту туралы»
2005 жылғы «26» сәуір № 287
қаулысымен
Ақжар ауданында коғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қызметін және құрылу тәртібін, мәртебесін анықтайды. (бұдан әрі -Комиссия).
2
2. Өзінің жұмысында Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алу және жолын кесуге септігін тигізетін, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Ережесін бекіту туралы» қаулысымен және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен басшылық етеді.
3 3. Комиссияның жұмыс органы Мемелекеттік мекемесі «Ақжар аудандық ішкі істер бөлімі» (бұдан әрі - Бөлім) болып табылады.
2 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
4 4. Комиссияның негізгі міндеті:
1 1) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ниет білдірген азаматтарды тарту туралы Бөлімнің ұсыныстарын қарастыру;
2 2) Көтермелеудің тәртібі мен түрін сонымен қатар хаттамамен ресімделген ақшалай сыйақы көлемін анықтау туралы шешім шығару;
5 5. Негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Комиссия келесі қызметтерді атқарады:
1 1) Бөлімнің берген ұсынысымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ниет білдірген азаматтардың құжаттарымен танысады;
2 2) Жұмыс органы - Бөлім қызметінің бақылауын жүргізеді.
3 3. Комиссия отырысының құрылуы мен өткізілу тәртібі
6 6. Комиссия Ақжар аудан әкімдігімен құрылады.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді органның, жергілікті атқарушы органның және ішкі істер органның өкілдері кіреді.