Қолданыстағы ред. 11.05.2005

Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасын бекіту туралы от 11.05.2005 г. № 147 (Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасын бекіту туралы)

0

Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орынына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.

3. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ

Аманкелді ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 11 мамырдағы
№ 147 қаулысымен
бекітілген
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

2

2) өтініш беруші-әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.

2

2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді.
Әлеуметттік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін 1 ай ішінде өтініш жасаса төленеді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтардың көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындамаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

3

3. Әлеуметтік көмек алуға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурс жеңіп алған білім ұйымына кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.

2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау

2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау

4

4. Өтініш беруші жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша арыз береді және әлеуметтік құқығын растайтын құжаттарды растайды.

5

5. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.

3. 3. Қажет құжаттар тізбесі

3. Қажет құжаттар тізбесі

6

6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:

1

1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмері көрсетілген жазбаша арыз;

2

2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

3

3) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4

4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің оқуға берген жолдамасының көшірмесі.
Жолдамада жұмыссыздың аты-жөні, білім беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетіледі.
Жолдама ресми рәсімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады, берілген уақыты жазылады. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталады;

5

5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;

6

6) темір жолмен, жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары немесе тасымалдаудың көрсетілген түрлерін жүзеге асырушы ұйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегі) уәкілетті тұлға қол қойып, мөрмен расталған анықтамасы;

7

7) емдеу мекемесінен медициналық куәландырудан өткені туралы анықтаманың көшірмесі және өтеу үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.

7

7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

4. 4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

8

8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін он күн ішінде береді. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады.
Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қол қояды.

9

9. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.

5. 5. Әлеуметгік көмектің мөлшері

5. Әлеуметгік көмектің мөлшері

10

10. Шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек төмендегі мөлшерде көрсетіледі:

1

1) тұруға - айына бір айлық есептік көрсеткіш:
тұруға шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек кәсіби оқуға жіберілген, басқа жерлерден келген жұмыссыздарға көрсетіледі.
Басқа жерден келген жұмыссыздар болып кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген, оқу орны орналасқан елді мекеннен тыс жерде тұратын жұмыссыздар есептеледі;

2

2) тамақтануға - айына екі айлық есептік көрсеткіш.

11

11. Шығынды толық өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1

1) медициналық куәландыруға осы Ереженің 6-тармағының, 7-тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық бағасы;

2

2) аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға осы қағиданың 6-тармағы 6-тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық бағасы.

6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу

6. Әлеуметтік көмекті төлеу

12

12. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

13

13. Тамақтануға және тұруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу оқу аяқталғаннан кейін немесе оқу басталғаннан кейін ай сайын оқу орны беретін оқуға қатысу табелінің негізінде жүргізіледі.
Медициналық куәландыру және аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оқу орнына баруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу осы қағиданың 3-тарауы 6-тармағының 6 және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырған мезгілден кейін бір ай ішінде жүргізіледі.

14

14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржыландыруға жиынтық өтінімді аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
Әлеуметтік көмекті төлеу органның тиісілі операциялар түріне Қазакстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамамен белгілеген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдарға берген тізімдері бойынша жұмыссыздардың жеке шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы жетпеген жағдайда, оқып жатқан жұмыссыздарға, әлеуметтік көмек тіркеген арыздың хронологиялық тәртібімен төленеді.

7. 7. Бақылау және есептілік

7. Бақылау және есептілік

15

15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.

16

16. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:

1

1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүзеге асырады;

2

2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;

3

3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.