Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орынына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Басқа 3. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ
Аманкелді ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 11 мамырдағы № 147 қаулысымен бекітілген Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Тармақша 2
2) өтініш беруші-әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді. Әлеуметттік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін 1 ай ішінде өтініш жасаса төленеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтардың көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындамаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алуға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурс жеңіп алған білім ұйымына кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 4
4. Өтініш беруші жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша арыз береді және әлеуметтік құқығын растайтын құжаттарды растайды.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмері көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің оқуға берген жолдамасының көшірмесі. Жолдамада жұмыссыздың аты-жөні, білім беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетіледі. Жолдама ресми рәсімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады, берілген уақыты жазылады. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталады;
Тармақша 5
5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) темір жолмен, жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары немесе тасымалдаудың көрсетілген түрлерін жүзеге асырушы ұйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегі) уәкілетті тұлға қол қойып, мөрмен расталған анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесінен медициналық куәландырудан өткені туралы анықтаманың көшірмесі және өтеу үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін он күн ішінде береді. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметгік көмектің мөлшері
5. Әлеуметгік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек төмендегі мөлшерде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұруға - айына бір айлық есептік көрсеткіш: тұруға шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек кәсіби оқуға жіберілген, басқа жерлерден келген жұмыссыздарға көрсетіледі. Басқа жерден келген жұмыссыздар болып кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген, оқу орны орналасқан елді мекеннен тыс жерде тұратын жұмыссыздар есептеледі;
Тармақша 2
2) тамақтануға - айына екі айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 11
11. Шығынды толық өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруға осы Ереженің 6-тармағының, 7-тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық бағасы;
Тармақша 2
2) аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға осы қағиданың 6-тармағы 6-тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық бағасы.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тамақтануға және тұруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу оқу аяқталғаннан кейін немесе оқу басталғаннан кейін ай сайын оқу орны беретін оқуға қатысу табелінің негізінде жүргізіледі. Медициналық куәландыру және аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оқу орнына баруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу осы қағиданың 3-тарауы 6-тармағының 6 және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырған мезгілден кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржыландыруға жиынтық өтінімді аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады. Әлеуметтік көмекті төлеу органның тиісілі операциялар түріне Қазакстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамамен белгілеген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдарға берген тізімдері бойынша жұмыссыздардың жеке шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жетпеген жағдайда, оқып жатқан жұмыссыздарға, әлеуметтік көмек тіркеген арыздың хронологиялық тәртібімен төленеді.
Тарау 7. 7. Бақылау және есептілік
7. Бақылау және есептілік
Тармақ 15
15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
Тармақ 16
16. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.