Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты и на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты

Бұйрық · № 64 · қабылданған 29.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23915/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты и на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты Күшін жойған Бұйрық ·№ 64 ·29.03.2005
11.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты и на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты

Күшін жойған Бұйрық ·№ 64 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты и на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по обслуживанию пассажиров, обработке багажа, грузов, почты
Атауы (қаз.)
Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi мен Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
29.03.2005
Көрсетілген редакция
11.02.2010 AI23915_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003573_
ЭКБ идентификаторы
23915
Редакция идентификаторы
AI23915_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:58

0

Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi мен Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер базасын "Азаматтық авиация саласындағы қызметтердi сертификаттау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық авиация саласындағы қызметтердi сертификаттау ережесiмен сәйкестiкке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған:

1 1) Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi;

2 2) Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасы бекiтiлсiн.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсiн.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң Азаматтық
авиация комитетi Төрағасының
2005 жылғы 29 наурыздағы
N 64 бұйрығымен бекiтiлген
Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi

1 1. Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi Сертификат алуға өтiнiмге өтiнiм берушi қоса беретiн құжаттар:

1

1) жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша құрылтай құжаттары (ұйымның заңды дербес ретiнде жарғы көшiрмесi немесе жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi сертификатталатын қызмет құрамына кiретiн ұйым жарғысының көшiрмесi;

2 2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi, жеке тұлға үшiн жеке басты куәландыратын құжат көшiрмесi, сондай-ақ заңды тұлға ретiнде құрылмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжат көшiрмесi;

3 3) өтiнiш берушiнiң қызметi бойынша басшылық;

4 4) өтiнiм берушiнiң бекiтiлген құрылымы;

5 5) өтiнiм берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереже;

6 6) өтiнiм берушiнiң штаттық кестесi;

7 7) ұйымның басшылық құрамы бойынша жиынтық мәлiметтерi;

8 8) жолаушылық және жүктiк терминалдың қысқаша техникалық сипаттамасы (алаңы, өткiзу мүмкiншiлiгi, пайдалануға кiргiзу жылы);

9 9) санитарлық және экологиялық қадағалаудың мемлекеттiк органдарының қорытындысы;

10 10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген тәртiпте жеке құрамды мiндеттi түрде сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;

11 11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген тәртiпте үшiншi тұлғалардың алдындағы азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;

12 12) жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу бойынша қызмет көрсету үшiн технологиялық бөлмелердiң, технологиялық жабдықтардың, арнайы техника мен арнайы көлiктiң тiзбесi;

13 13) метрология бойынша органмен келiсiлген мiндеттi метрологиялық тексеруге жататын өлшеуiш құралдарының тiзбесi;

14 14) өлшеуiш құралдарының соңғы мемлекеттiк тексеру актiсi;

15 15) әуежай қызметтерi мен басқа да мемлекеттi органдармен өзара қатынас жөнiндегi технологиялық нұсқаулықтар;

16 16) технологиялық жабдықтардың, арнайы техниканың, арнайы көлiктiң тiзбесi және жолаушыларға қызмет көрсету багажды, жүктi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсетудiң технологиялық сипаттамалары;

17 17) Өтiнiм берушi персоналының бiлiктiлiгiн жоғарылату бойынша шаралар жоспары.

2 2. Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi сертификатқа өзгерiстер енгiзуге өтiнiм берушi беретiн құжаттар:

1 1) қажеттi негiздемелермен ерiктi нысандағы өтiнiм;

2 2) бұрын берiлген Сертификат оригиналы.

3 3. Осы Тiзiмнiң 1 тармағында белгiленген құжаттар өтiнiмге Сертификаттың телнұсқасын алу үшiн қоса берiледi.

4 4. Дәлелдеме құжаттамаларының құрамына енгiзiлетiн барлық материалдар екi данада (уәкiлеттi орган мен өтiнiм берушi үшiн бiр бiрден) рәсiмделедi.

5 5. Түзетiлген, қолмен немесе машинкамен жазылып түзетiлген, қолы және мөр қойылмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.

1 Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң Азаматтық
авиация комитетi Төрағасының
2005 жылғы 29 наурыздағы
N 64 бұйрығымен бекiтiлген
Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасы
Әуеайлақ пайдаланушысының атауы ___________________________________
Тексерiлген күнi, бұйрықтың N _____________________________________
Тексерушiлердiң Т.А.Ә.а, лауазымы _________________________________
P/c
N
Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар
нө­мiр­лерi және тек­серiлетiн
эле­мент­тер
Сәй­кест­iк
ба­ға­сы
(-+)
Сәй­кес-
сiздiк
по­зи­ция-
сы­ның
нө­мiрi
1
2
3
4
1. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­та­ма жиын­тығ­ы­ның
бар бо­луы және сәй­кест­i­гi
1)
Сәй­кест­iк сер­ти­фи­ка­тын алу­ға өтiнiм.
2)
Ұй­ым­ның-өтiнiш бе­ру­шiнiң жар­ғы­сы (құ­ры­л­тай шар­ты).
3)
Заң­ды тұл­ға­ны тiр­кеу ту­ра­лы ку­әлiк (же­ке тұл­ға үшiн - заң­ды тұл­ға ретiн­де құ­рыл­май кәс­iп­кер­лiк қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру­ға құқық бе­ретiн құ­жат кө­шiр­месi).
4)
Өтiнiш бе­ру­шiнiң ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық құ­ры­лы­мы, штат кестесi, жүк­тел­ген функ­ци­я­лар­ды орын­да­у­ға жет­кiлiк­тiлi­гi.
5)
Бас­шы құ­рам­ның және авиа­ция ма­ман­да­ры­ның (қыз­мет­кер­лер­дiң) мiн­дет­терi мен жа­у­ап­кер­шiлi­гiн бел­гiлей­тiн ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар.
6)
Ең­бек және өн­дiрiстiк са­ни­та­рия қа­уiп­сiздi­гiн, өрт қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi нұс­қа­улық­тар.
7)
Бас­шы­лық құ­рам мен ма­ман­дар жөнiн­де­гi де­ректер, олар­дың сәй­кест­i­гi.
8)
Ар­найы көлiк­тi және ме­ха­низмдер, ар­найы жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну және қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша ма­ман­дар жөнiн­де­гi де­ректер, олар­дың сәй­кест­i­гi.
9)
Осы қыз­мет түр­лерi бой­ын­ша қыз­метi жү­зе­ге асы­ры­ла­тын нор­ма­тив­тi-бас­қа­ру құ­жат­та­ры­ның, тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық­тар­дың тiз­бесi мен бар бо­луы.
10)
Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту, ба­гаж­ды,  жүк­тер мен поч­та­ны өң­деу қыз­мет­те­рі жө­нін­де­гі бас­шы­лық, анық­та­ла­тын мә­се­ле­лер­дің то­лық­тығы. Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі және ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер­дің уақ­ты­лы­ғы.
11)
Ар­найы тех­ни­ка­ны сақ­тан­ды­ру по­ли­стерi (ic-әре­кетiнiң мерзi­мi мен ау­ма­ғы).
12)
Ар­найы тех­ни­ка­ны, жаб­дық­тар­ды, алаң­дар­ды, өн­дiрiстiк бөл­ме­лер­дi жал­ға алу келiсiм­дерiнiң, егер олар болған жағ­дай­да (iс-әре­кетiнiң мерзi­мi) бар бо­луы.
13)
Авиа­ком­па­ни­я­лар мен ұй­ым­дар­ға осы қыз­мет­тер­дi көр­се­ту жөнiн­де­гi шар­ттар­дың бар бо­луы.
14)
Авиа­ция пер­со­на­лы­ның бiлiк­тiлi­гiн жо­ға­ры­ла­ту кур­ста­ры­нан өту шар­ты­ның бар бо­луы.
15)
Авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi және апат­тық-құт­қа­ру жұ­мыста­рын қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi нұс­қа­улық­тың, авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi, апат­тық-құт­қа­ру жұ­мыста­рын және өрт сөн­дiрудi қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi жұ­мыстар­дың жос­па­ры­ның бар бо­луы.
16)
Же­ке құ­рам­ға ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту (ауы­су ал­дын­да ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру).
17)
Са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық және эко­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау мем­ле­кет­тiк ор­ган­да­ры­ның қо­ры­тындысы.
18)
Әу­е­ай­лақ, пер­рон бой­ын­ша ар­найы тех­ни­ка, ар­найы көлiк, ма­ши­на­лар мен ме­ха­низмдер қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру.
19)
Әу­е­ай­лақ және оның ма­ңай­ын­да қоз­ға­ла­тын көлiк құ­рал­да­рын бас­қа­ру және олар­мен бай­ла­ныс.
20)
Ұшу қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ететiн әу­е­жай қыз­мет­терi­мен өза­ра iс-әре­кет.
21)
Осы қыз­мет түр­лерiн көр­се­ту үшiн қол­да­ны­ла­тын ар­найы тех­ни­ка мен жаб­дық­тар тiз­бесi мен бар бо­луы, олар­дың жай-күйi.
22)
Күз­гi-қы­сқы және көк­тем­гi-жаз­ғы на­ви­га­ция жағ­дай­ын­да ар­найы тех­ни­ка мен жаб­дық­тар­ды, же­ке құ­рам­ды дай­ын­дау жөнiн­де­гi құ­жат­та­ма.
23)
Або­нент­тер­дi ша­қы­ру және ра­дио ар­қы­лы сөй­ле­су фра­зео­ло­ги­я­сы.
24)
Мет­ро­ло­ги­я­лық жұ­мыстар­ды жүр­гi­зу, мiн­дет­тi түр­де тек­се­ру­ге жа­та­тын өл­ше­уiш құ­рал­да­ры­ның тiзiлi­мi, МЕМСТ-тар мен стан­дарт­тар та­лап­та­рын сақ­тау.
25)
Ха­лы­қа­ра­лық та­сы­мал­да­у­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге рұқ­сат­та­ры бар әу­е­жай­лар үшiн ше­ка­ра­лық, ке­ден­дiк және өзге де мүд­делi мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар­мен өза­ра қа­ты­на­ста­ры­ның келiсiл­ген тех­но­ло­ги­я­сы­ның бар бо­луы.
2. Өн­дiрiстiк ба­за
26)
Жо­ла­у­шы­лық және жүк­тiк тер­ми­нал­дар­дың жос­пар-сұл­ба­сы.
27)
Тех­но­ло­ги­я­лық бөл­ме­лер:
- ұшып шы­ғу за­лы;
- ұшып ке­лу за­лы;
- тран­зит­тiк жо­ла­у­шы­лар үшiн зал;
- ба­гаж­дар мен жүк­тер­дi өң­деу за­лы;
- жи­нақ­тау за­лы;
- ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­ге қыз­мет көр­се­ту за­лы;
- жо­ғал­ған және та­лап етiл­ме­ген ба­гаж­ды сақ­тау бөл­месi.
28)
Ор­на­ты­л­ған жаб­дық­тар­дың бар бо­луы:
- Жо­ла­у­шы­лар мен авиа­ци­я­лық пер­со­нал­ды көз­бен шо­лып ақ­па­рат­тан­ды­ру және ха­бар­дар ету жүй­есi мен құ­рал­да­ры;
- әу­е­вок­зал­да­рын­да, жүк қой­ма­ла­рын­да және әу­е­жай пер­рон­да­рын­да және әуе ке­ме­лерiн­де авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк және ұшу ал­дын­да­ғы тек­се­ру ша­ра­ла­рын орын­дау үшiн жүй­е­лер мен құ­рал­дар;
- жо­ла­у­шы­лар­ды, ба­гаж­ды, жүк­тер­дi тiр­кеу жүй­е­лерi;
- өн­дiрiстiк қыз­мет­тер­дi бас­қа­ру және үй­ле­стi­ру жүй­е­лерi мен құ­рал­да­ры;
- мөл­шер өл­ше­уiш тех­ни­ка;
- тiр­кеу тұ­ра­ғы;
- төл­құ­жат­тық ба­қы­лау ка­би­на­ла­ры (ха­лы­қа­ра­лық рей­стерiне қыз­мет көр­се­ту­ге рұқ­сат­та­ры бар әу­е­жай­лар үшiн);
- же­ке тек­се­ру бөл­месi.
29)
Жо­ла­у­шы­лар­ды жет­кi­зу, қон­ды­ру (шы­ға­ру), ба­гаж­ды, поч­та­ны және жүк­тер­дi әуе ке­месiнiң бор­ты­на (борт­тан) кiр­гi­зу (түсi­ру) бой­ын­ша, поч­та­ны және жүк­тер­дi өң­деу бой­ын­ша ар­найы тех­ни­ка мен ме­ха­низмдер­дiң тех­ни­ка­лық жай-күйi.
30)
Жүк­тер­дi сақ­тау, өң­деу, түсi­ру үшiн, со­ны­мен қа­тар әуе көлi­гi­мен та­сы­мал­да­у­ға рұқ­са­ты бар қа­уiп­тi жүк­тер­дiң са­на­ты­на жат­қы­зы­л­ған­дар­ды да.
31)
Биз­нес-зал­дар мен VIP-зал­дар.
3. Ұшып шы­ға­тын және ұшып ке­летiн жо­ла­у­шы­лар­ға
қыз­мет көр­се­ту үр­дiстерiн қам­та­ма­сыз ету
32)
Қа­жет­тi та­сы­мал­дау құ­жат­тар па­кетiнiң (бир­ка­лар, отыр­ғы­зу та­лон­да­ры және т.б.) бар бо­луы.
33)
Би­лет­тер­дi тiр­кеу және ба­гаж­ды та­сы­мал­дау рәс­iм­дерi.
34)
Жо­ла­у­шы­лар­ды тұ­рақ орын­да­ры­на жет­кi­зу және олар­ды әуе ке­месiне отыр­ғы­зу­ды ұй­ым­да­сты­ру.
35)
Ба­гаж­ды тұ­рақ орын­да­ры­на жет­кi­зу және оны әуе ке­месiне ти­еу.
36)
Әуе ке­месi­нен шы­ғу кезiн­де жо­ла­у­шы­лар­ды кез­де­стi­ру.
37)
Әуе вок­за­лы­ның ғи­ма­ра­ты­на жо­ла­у­шы­лар­ды жет­кi­зудi ұй­ым­да­сты­ру.
38)
ӘК түсi­ру, көлiк­пен та­сы­мал­дау және жо­ла­у­шы­лар­дың жол жүк­терiн бе­ру.
39)
Транс­фер­лiк және тран­зит­тiк жо­ла­у­шы­лар­дың ұшып шы­ғуын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру.
40)
Транс­фер­лiк және тран­зит­тiк жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­тудi ұй­ым­да­сты­ру.
4. Жi­берiлетiн және әкелi­нетiн жүк­тер­ге
қыз­мет көр­се­ту­ді қам­та­ма­сыз ету
41)
Жүк жi­бе­ру­шi­ден жүк­тi қа­был­дау (жүк­тi өл­шеу, та­сы­мал­дау құ­жат­та­рын ресiм­деу).
42)
Жүк­тi уа­қыт­ша сақ­тау.
43)
Жүк­тi ӘК-iнен жүк тер­ми­на­лы­на жет­кi­зу.
44)
Жүк алушы­ға жүк­тi бе­ру.
45)
Жүк­тер­дi, со­ның iшiн­де әу­е­мен та­сы­мал­да­у­ға рұқ­сат берiл­ген қа­уiп­тi жүк­тер­дi әуе көлi­гi­мен та­сы­мал­дау үшiн ресiм­деу жөнiн­де­гi құ­жат­та­ма­лар­ды жүр­гi­зу.
46)
Жо­ғал­ған ба­гаж­дар мен жүк­тер бой­ын­ша та­лап жұ­мыста­рын жүр­гi­зу.
ЕСКЕРТПЕ:
(*) осы пайдаланушысы үшiн мiндеттi емес;
(-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергi келтiретiн сәйкессiздiктер;
(-2) келiсiлген мерзiмдерде жойған жағдайларда немесе шектеулер енгiзiлгенде, пайдаланушының сертификатын беруге кедергi келтiрмейтiн сәйкессiздiктер;
(-3) пайдаланушының сертификатын беруге кедергi келтiрмейтiн әрi өндiрiстi және сапа жүйесiн жетiлдiргенде жоюға болатын сәйкессiздiктер.
ҚОСЫМША: Сәйкессiздiктер тiзбесi ____ парақта (парақтарда).
ТЕКСЕРУШIЛЕР: _______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.а)
ТАНЫСТЫМ: Азаматтық авиация
ұйымының басшысы: __________ _________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.а)
Сертификаттық тексерудiң жүргiзiлген күнi: "___" _____ 200_ж.
Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексерудiң бағдарламасына сәйкессiздiктер тiзбесi
________________________________________
(Өтiнiм берушiнiң атауы)
Сер­ти­фи­кат­тық тек­се­рудiң
бағ­дар­ла­ма­сын­да­ғы сәй­кес­сiздiк
по­зи­ци­я­сы­ның N
Сәй­кес­сiздiк­тiң
си­патта­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
Тексерушілер: _______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.а)
Таныстым: ___________________________________
(ұйымының басшысы, қолы, Т.А.Ә.а)
Сертификаттық тексерудiң
жүргiзiлген күнi: "___" __________ 200_ж.

Қолданыстағы