Қолданыстағы ред. 10.01.2005 - 01.01.2005

Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы от 10.01.2005 г. № 117 (Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы)

0

Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 394 бабына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Салық салу объктілерінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың экономикалық реформа және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

3

3. Осы шешім 2005 жылдың 1 қаңтардан қолданысқа енеді.

4

Қосымша
Аудандық Мәслихаттың
13 сессиясының 2005 жылғы
10 қаңтардағы №117
шешімімен бекітілген

Объектінің түрі
Жиынтық салық салынатын объект
1 объектіден бір жылға есептегендегі алынатын тіркелген жиынтық салық ставкасы (айлық есеп көрсеткіші)
1.
Ойын бизнесі саласында
Ойын мекемесі тарап ретінде өз өкілдері арқылы қатысатын құмар ойындарды өткізуге арналған ойын үстелі
400
Ойын мекемесі өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы немесе байқаушы ретінде қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстелі
100
Ақшалай ұтысты бар ойын автоматы
25
Тотализатор кассасы
100
Букмекерлік кеңсе кассасы
100
2.
Ұтыс ақшасыз ойын автоматтары
Ұтыс ақшасыз ойын автоматы
11,75
3.
Боулинг
Ойын жолы
150
4.
Картинг бойынша
карт
50
5.
Бильярд бойынша
Бильярд үстелі
50
6.
Лото ойынын ұйымдастыру
Лото ұйымдастырушы
50