Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 394 бабына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Салық салу объктілерінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың экономикалық реформа және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2005 жылдың 1 қаңтардан қолданысқа енеді.
Басқа 4
Қосымша Аудандық Мәслихаттың 13 сессиясының 2005 жылғы 10 қаңтардағы №117 шешімімен бекітілген № Объектінің түрі Жиынтық салық салынатын объект 1 объектіден бір жылға есептегендегі алынатын тіркелген жиынтық салық ставкасы (айлық есеп көрсеткіші) 1. Ойын бизнесі саласында Ойын мекемесі тарап ретінде өз өкілдері арқылы қатысатын құмар ойындарды өткізуге арналған ойын үстелі 400 Ойын мекемесі өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы немесе байқаушы ретінде қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстелі 100 Ақшалай ұтысты бар ойын автоматы 25 Тотализатор кассасы 100 Букмекерлік кеңсе кассасы 100 2. Ұтыс ақшасыз ойын автоматтары Ұтыс ақшасыз ойын автоматы 11,75 3. Боулинг Ойын жолы 150 4. Картинг бойынша карт 50 5. Бильярд бойынша Бильярд үстелі 50 6. Лото ойынын ұйымдастыру Лото ұйымдастырушы 50