Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о ввозе (вывозе), приобретении, учете, хранении и использовании множительно-копировальной техники цветного изображения

Бұйрық · № 198 · қабылданған 28.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23936/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о ввозе (вывозе), приобретении, учете, хранении и использовании множительно-копировальной техники цветного изображения Күшін жойған Бұйрық ·№ 198 ·28.03.2005
22.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о ввозе (вывозе), приобретении, учете, хранении и использовании множительно-копировальной техники цветного изображения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 198 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о ввозе (вывозе), приобретении, учете, хранении и использовании множительно-копировальной техники цветного изображения
Атауы (қаз.)
Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198
Қабылданған күні
28.03.2005
Көрсетілген редакция
22.10.2011 AI23936_4.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003578_
ЭКБ идентификаторы
23936
Редакция идентификаторы
AI23936_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:58

0 Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Арнайы полиция басқармасының бастықтары осы Нұсқаулықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің сынақ тапсыра отырып, зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің (Ыбраев Б.Ә.), Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің, облыстардағы және көліктегі ішкі істер бас басқармаларының, ішкі істер басқармаларының бастықтары Нұсқаулықта көзделген қажетті мөлшердегі бланкілерді дайындасын және олармен ішкі істер органдарын қамтамасыз етсін.

4

4. "Түрлі түсті бейнедегі көбейту (көшіру) техникасын шеттен әкелу, іске асыру, сатып алу, сақтау, есепке алу және пайдалану, онымен жабдықталған көбейту учаскелерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1993 жылғы 31 желтоқсандағы N 473 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 66 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
генерал-лейтенант
2005 жылғы 26 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және
спорт министрі
2005 жылғы 1 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2005 жылғы "___" ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2005 жылғы 11 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2005 жылғы 10 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі -
Қаржы министрлігі
кедендік бақылау
Комитетінің төрағасы
2005 жылғы 17 наурыз

0 Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 28 наурыздағы
N 198 бұйрығымен
бекітілген
Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы НҰСҚАУЛЫҚ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық тізбесі "Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 448 қаулысымен бекітілген түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын (бұдан әрі - көбейту техникасы) Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың шеттен әкелуін (әкетуін), сатып алуын, есепке алуын, сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын нақтылайды.
Нұсқаулық Қорғаныс министрлігінің, Республикалық ұланның, Президент Күзеті қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас Прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) органдары мен бөлімшелеріне таратылмайды.

1-1 1-1. Көбейту учаскесі дегеніміз кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін пайдаланылатын көбейту техникасымен жабдықталған заңды тұлғаның үй-жайы (оның ішінде жалға алған үй-жайы).

2 2. Көбейту техникасын есепке алу, сақтау немесе пайдалану тәртібін бұзғаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.

2 2. Көбейту техникасын сатып алу

3 3. Көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсат алу кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын әкелетін (әкететін), сататын (өткізетін), пайдаланатын заңды тұлғаларға таратылады.

3-1

3-1. Көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсатты (1-қосымша) заңды тұлғаның жазбаша қолдаухатты негізінде оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органы береді, онда: сатып алынатын техниканың атауы, маркасы, моделі, (рұқсат беру мүмкіндігі, пайдаланылатын түстердің саны мен басу технологиясы), қандай мақсатқа арналғаны (сату (өткізу) немесе пайдалану үшін) көрсетіледі.
Кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлғалар ішкі істер, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызмет органдарының өкілдері қол қойған үй-жайлардың көбейту техникасын пайдалану мен сақтаудың белгіленген талаптарына сәйкестігі туралы тексеру актілерінің көшірмелерін қосымша ұсынады.

4 4. Сатып алу құқығына рұқсат алты ай мерзімге беріледі.

3 3. Көбейту техникасын сақтау (пайдалану)

5 5. Заңды тұлға көбейту техникасын сатып алған күннен бастап бір апта мерзім ішінде жазбаша өтініш негізінде кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын көбейту техникасын оны пайдаланатын жерде сақтауға рұқсат алуға міндетті.

Өтінішке:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен құрылтай құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелерін;
көбейту техникасымен жұмыс істейтін, оны сақтауға және пайдалануға жауап беретін, оның техникалық қызмет көрсетуін жүзеге асыратын адамдардың тізімін кадрларды есепке алу жөніндегі сауалнамалармен және жеке парақтармен бірге (2-қосымша), адамдардың аталған жұмыс түріне жарамдылығын куәландыратын құжаттарды (психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлердің анықтамалары), сотталмағаны туралы құжатты;
көбейту техникасы (атауы, шығарған фирмасы, моделі мен сериялық нөмірі) туралы қажетті мәліметтер бар құжаттардың көшірмелерін;
көбейту техникасын пайдалану шарттарының санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелер мен нормаларға сәйкестігі туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы қызмет органдарының актілері;
көбейту техникасының белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы сертификат;
көбейту техникасын есепке алу, сақтау және пайдалану үшін жауапты адамды тағайындау туралы заңды тұлғаның басшысы бұйрығының (өкімінің) көшірмесі қоса тіркеледі.

6 6. Ішкі істер органы өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде көбейту техникасын сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайдың осы Нұсқаулықтың 7-12 тармақтарында белгіленген талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді.

7

7. Көбейту техникасын сақтауға және пайдалануға арналған үй-жай аталған техниканы бақылаусыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында, басқа үй-жайлардан бөлек, техникалық жағынан (күзет-өрт сөндіру белгілерімен, күзет орнымен немесе ішкі істер органдары күзетінің орталық пультіне байланысқан сигналмен, берік есіктермен, тиектермен және т.б. жабдықталған) нығайтылуы тиіс.

8 8. Бірінші қабаттағы терезелерде ішінен ашылатын жарма (жылжымалы) торлар орнатылады. Өрт баспалдақтары, күнқағарлар немесе жақын тұрған ғимараттардың шатырлары болғанда, торлар оларға жақын терезелерде орнатылады, олар өндірістік үй-жайларға кіруге кедергі жасайды.

9 9. Көбейту учаскелерінің кіру есіктері тақтайдан бір танапты (кем дегенде 40 мм), берік және сенімді немесе шифрленген құлыптармен жабдықталып, екі жағынан мырышталған темірмен қапталған болуы керек.

10 10. Көбейту учаскелері, сондай-ақ көбейтуге тапсырыстарды қабылдайтын және дайын материалдарды беретін жұмыс орны бөтен адамдардың кіруіне мүмкіндік бермейтін, қабырғалармен және қоршаулармен бөлектенген үй-жайларда орналасуы керек.

11 11. Жұмыс аяқталғанда көбейту техникасы бар үй-жайлар пломбаланады (мөр басылады), ал кілттер күзетке жауапты адамға қол қойылып, арнайы журналда күні мен уақыты белгіленіп, тапсырылады. Кілтті бергенде, оны алған адамның аты-жөні және қолы, уақыты қойылады.

12 12. Дайын өнімді қабылдауға және беруге арналған арнайы үй-жай болмаған жағдайда, кіру есігі белгі беретін датчигі бар тереземен жабдықталады немесе кіре берісте тосқауыл орнатылады.

13

13. Тексерістен кейін ішкі істер органының қызметкері заңды тұлға өкілінің қатысуымен көбейту учаскесінде көбейту техникасын сақтауға (жұмыс істеуіне) арналған үй-жайдың сәйкестігі туралы акт (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2257 болып тіркелген, бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген "Лицензиялық-рұқсат жүйесін жүзеге асыру жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысы туралы" нұсқаулыққа 12-қосымша) толтырады.

14 14. Көбейту техникасын саяжай учаскелерінде, гараждарда, қора мен басқа қора-қопсыларда және адамдардың уақытша тұратын жерлерінде сақтауға (пайдалануға) рұқсат берілмейді.

15 15. Көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат (3-қосымша) үш жыл мерзімге беріледі.

16 16. Көбейту техникасын пайдалануға рұқсат тек оны тіркегеннен кейін және осы Нұсқаулықтың талаптарын қатаң сақтаған жағдайда аумақтық ішкі істер органынан сақтау мен пайдалануға рұқсат алғаннан кейін беріледі.

17 17. Заңды тұлғаның құпия басылымдарды көбейту жөніндегі қызмет көрсету құқығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.

18 18. Көбейту техникасын:

1

1) Конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздіктің беделін түсіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық артықшылыққа шақыратын; қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын баспа өнімдерін, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы басылымдар мен бейнелеулерді дайындау және көбейту үшін;

2 2) ақша белгілерін, құнды қағаздарды, төлем карточкаларын, акциздік жинау маркаларын, басқа да төлем мен есеп құжаттарын, куәліктерді, дипломдарды және тағы басқаларды дайындау үшін;

3 3) авторлық құқық пен аралас құқықтармен қорғалатын жазбаша және басқа да графикалық шығармалардың түпнұсқалары мен көшірмелерін бір немесе одан көп данада дайындау және тарату үшін пайдалануға жол берілмейді.

19 19. Есептеуіші жарамайтын көбейту техникасында жұмыс істеуге жол берілмейді. Есептеуіштің ақауын жөндеген соң, ол туралы есептеуіштің күнделікті көрсетулерін есепке алатын кітапқа тиісті жазба жазылады.

Дайындаушы зауыт санауыштар көздемеген көбейту техникасын пайдалану осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзу болып табылмайды.

20

20. Көбейту техникасының техникалық, оның ішінде кепілдік қызметі, оны жөндеу және жөндеуден кейін қайтару сервис орталықтарында көбейту учаскелеріне жұмыс істеуге берілген рұқсатты көрсеткен соң жүргізіледі. Бұл ретте түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, түрлі-түсті баспа бұйымдарын дайындауда орындалған жұмыстарды және бақылаушы органдар тексерулерін есепке алу кітабына (бұдан әрі - Кітап) (4-қосымша) жөндеу-профилактикалық жұмыстың басталуына дейінгі және олар орындалғаннан кейінгі есептеуіш көрсетулері жазылады. Жөндеу кезінде жасалған құжат көшірмелері заңды тұлғаға есеп беру үшін қайтарылады, бұл туралы шығынға жазу кітабында жазба жүргізіледі.

21

21. Лицензиялық-рұқсат жұмысын жүзеге асыратын аумақтық ІІО қызметкері кітапта есептеуіштің соңғы көрсетулерін жазады, оның астынан сызық жүргізеді, жалған көрсетулердің жазылуын болдырмау мақсатында қол қойып, күні және лицензиялық-рұқсат жүйесінің мөрін қояды. Көбейту техникасын басқа заңды тұлғаға сатқанша немесе тапсырғанша одан әрі қолдануға тыйым салынады.

22 22. Заңды тұлғаның көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсаты бар болған жағдайда, кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлға оған көбейту техникасын бере (өткізе) алады.

Көбейту техникасын оны өз кәсіпорнының қажеттіліктері үшін, оның ішінде іс жүргізу барысында пайдаланатын заңды тұлғаға беру (өткізу) ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жүзеге асырылады.

23 23. Көбейту техникасын басқа заңды тұлғаға берген (өткізген) заңды тұлға ол туралы бір апта мерзім ішінде аумақтық ішкі істер органына хабарлайды.

24

24. Жарамсыз болған көбейту техникасы есептен шығарылады және құрамында заңды тұлғаның көбейту техникасын есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жауапты өкілі мен ішкі істер органы лицензиялық-рұқсат жүйесінің қызметкері бар комиссия жояды. Заңды тұлға есептен шығарылатын көбейту техникасының әр бірлігі туралы ішкі істер органын жазбаша хабардар етеді, хатқа есептен шығару туралы актінің көшірмесін қоса береді.

25 25. Егер осы техниканы есепке алу, күзету, сақтау (пайдалану) үшін жауапты болып тағайындалған адамның Бұйрықтың 27-тармағының талаптарына сәйкес рұқсаты болмаған жағдайда ішкі істер органы көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат беруден бас тартады.

26 26. Ішкі істер органы көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат беруден бас тартылғаны туралы заңды тұлғаның басшысын оның себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.

27 27. Көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат беруден бас тарту сот тәртібімен қарастырылуы мүмкін.

4 4. Көбейту техникасын шеттен әкелу (шетке шығару)

28 28. Қазақстан Республикасына көбейту техникасын шеттен әкелуге және одан тысқары шетке шығару құқығына рұқсатты Қазақстан Республикасының Ішкіісмині мынадай құжаттардың:

шеттен әкелінетін және шетке шығарылатын көбейту техникасының атауы мен саны, әкелуге (әкетуге) жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың сериясы мен нөмірі; көрсетілген құралдар әкелінетін немесе әкетілетін мемлекет; шеттен әкелуін немесе шетке шығарылуын жүзеге асыратын кеден бекеті көрсетілген ұйым басшысының қолдаухаты;
жабдықтың ерекшеліктері қоса берілген контракт (шарт) көшірмесі;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеуі) туралы куәлігінің көшірмесі және құрылтай құжаттардың (қажет болғанда) көшірмелері;
ұйымның орналасқан не болмаса көбейту техникаларын пайдаланатын орны бойынша аумақтық ішкі істер органдары беретін сатып алу құқығына рұқсаттардың көшірмелері.

28-1 28-1. Көбейту техникасын әкелуді (әкетуді) реттейтін нормалар осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетілген органдар мен бөлімшелерді қоспағанда, барлық заңды тұлғаларға таратылады.

29 29. Шеттен әкелу (шетке шығару) құқығына рұқсат (4-қосымша) алты ай мерзімге мынадай кедендік режимде беріледі:

1 1) еркін айналымға арналған тауарларды шығару;

2 2) тауарлардың экспорты.

5 5. Көбейту техникасын есепке алу және заңды тұлғаның құжаттамасын жүргізу

30

30. Ішкі істер органдары көбейту техникасын есепке алуды жүргізеді. Сақтауға рұқсат берілген көбейту техникасы бірліктерінің саны зауыт нөмірі бойынша көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) құқық беретін рұқсатта және Бұйрықтың 14-қосымшасының талаптарына сәйкес объектілерді есепке алу журналында көрсетіледі.

31 31. Кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлға орындалған жұмыстардың парақтарын есепке алуды нөмірленген, тігілген және "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедері бар ішкі істер органының мөрімен бекітілген кітапта жүргізеді.

Кітап металл сейфте (шкафта) көбейту учаскесіне жауапты адамда сақталады, ол оны ішкі істер өкілдеріне көбейту техникасы есептеуішінің көрсетуін журналдағы жазбамен салыстыру мақсатында көрсетеді.

32 32. Көбейту техникасын өткізетін заңды тұлға нөмірленген, тігілген және "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедері бар ішкі істер органының мөрімен бекітілген өткізілетін түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын есепке алу журналында (6-қосымша) оны есепке алуды жүргізеді.

1 Түрлі-түсті бейнедегі

көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 1 қосымша
20___ж. "__"_______________
N_ рұқ­сат ету тү­бір­ше­гі
___________________________
(түр­лі-тү­сті бей­не­де­гі
___________________________
кө­бей­ту-кө­ші­ру тех­ни­ка­сы­ның
___________________________
ата­уы, мар­ка­сы, мо­де­лі,
___________________________
са­ны жа­з­ба­ша
_______________ са­тып алу­ға
___________________________
ал­ған адам­ның Т.А.Ә.,
___________________________
оның ме­кен­жайы)
бе­ріл­ді.
Бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап ____ ай
ішін­де жа­рам­ды.
Мөр ба­са­тын
орын
Ба­стық ____________________
(қо­лы)
20_ж."__"_____ дей­ін ұзар­тыл­ды
Мөр ба­са­тын
орын
Ба­стық ____________________
(қо­лы)
Ес­кер­ту. Рұқ­сат бер­ген іш­кі
іс­тер ор­га­нын­да қа­ла­ды.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
__________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
20___ж."___"_____________
N___ рұқ­сат ету­дің
кө­шір­ме­сі
________________________
(түр­лі-тү­сті бей­не­де­гі
________________________
кө­бей­ту-кө­ші­ру тех­ни­ка­сы­ның
________________________
ата­уы, мар­ка­сы, мо­де­лі,
________________________
са­ны жа­з­ба­ша
____________ са­тып алу­ға
________________________
ал­ған адам­ның Т.А.Ә.,
________________________
оның ме­кен­жайы) бе­ріл­ді.
Бе­рі­л­ген күн­нен
ба­стап ___ ай
ішін­де жа­рам­ды. Мөр ба­са­тын
орын М.П.
Ба­стық __________________
(қо­лы)
20__ж. "__"___ дей­ін
ұзар­тыл­ды
Мөр ба­са­тын орын
Ба­стық __________________
(қо­лы)
Ес­кер­ту. Са­тып алушы­ның
қо­лын­да қа­ла­ды. СЦК-ны
са­тып алу ке­зін­де ке­ле­сі
жа­ғын са­ту­шы ұй­ым
тол­тыра­ды және тір­кеу
ке­зін­де іш­кі іс­тер
ор­ган­да­ры­на ұсы­ны­ла­ды.
кестенің жалғасы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
________________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
20___ж."____"___________________
N___ рұқ­сат ету
________________________________
(түр­лі-тү­сті бей­не­де­гі
________________________________
кө­бей­ту-кө­ші­ру тех­ни­ка­сы­ның
________________________________
ата­уы, мар­ка­сы, мо­де­лі,
________________________________
са­ны жа­з­ба­ша
____________________ са­тып алу­ға
________________________________
ал­ған адам­ның Т.А.Ә.,
________________________________
оның ме­кен­жайы) бе­ріл­ді.
Бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап _____ ай
ішін­де жа­рам­ды. Мөр ба­са­тын
орын М.П.
Ба­стық _________________________
(қо­лы)
20__ж. "__"_____ дей­ін ұзар­тыл­ды
Мөр ба­са­тын орын
Ба­стық _________________________
(қо­лы)
Ес­кер­ту. Са­ту­шы ұй­ым­да қа­ла­ды
және са­ту ке­зін­де ке­ле­сі жа­ғы
тол­ты­ры­ла­ды.
(келесі беті)
түр.-
тү­сті
бей-
нел.
кө-
ші­ру-
кө-
бей­ту
тех-
ни-
кас.
тү­рі
мар-
ка­сы
мо-
де-
лі
нө-
мі-
рі
шық-
қан
жы­лы
дай­ын­да­у­шы
за­вод­тың
ата­уы
20_____ж._____________________
Са­ту­шы ұй­ым­ның мөр­таң­баң­сы
______________________________
(жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы)
кестенің жалғасы
түр.-
тү­сті
бей-
нел.
кө-
ші­ру-
кө-
бей­ту
тех-
ни-
кас.
тү­рі
мар-
ка­сы
мо-
де-
лі
нө-
мі-
рі
шық-
қан
жы­лы
да-
йын-
дау-
шы
за-
вод-
тың
ата-
уы
20_____ж._____________________
Са­ту­шы ұй­ым­ның мөр­таң­баң­сы
______________________________
(жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы)

2 КӨБЕЙТУ УЧАСКЕСІНЕ ЖАУАПТЫ АДАМНЫҢ САУАЛНАМАСЫ

Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 2 қосымша
КӨБЕЙТУ УЧАСКЕСІНЕ ЖАУАПТЫ АДАМНЫҢ САУАЛНАМАСЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
___________________________________________________________________
2. Лауазымы _______________________________________________________
3. Ұйымның атауы __________________________________________________
4. Туған жылы _______________ 5. Туған жері________________________
___________________________________________________________________
(село, қала, аудан, облыс, өлке, республика)
6. Ұлты ___________________________________________________________
7. Паспорты (жеке куәлігі) ________________________________________
___________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
8. Кызметі мен үйінің мекенжайы, телефон нөмірлері ________________
___________________________________________________________________
9. Куәландыру:
Мен, ______________________________________________________________
(көбейту учаскесіне жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты)
"Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу,
сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы" нұсқаулықтың
талаптарымен таныстым, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік
туралы ескертілдім.
___________________
(қолы)
200___ ж. "____ " _______________
Ескерту: Сауалнаманың бланкісі болмаған жағдайда оның орнына
осы сауалнаманың 9-бағанында көрсетілген талаптарға сәйкес жауапты
адамды жазбаша куәландырудың қосымша көрсетулері бар кадрларды
есепке алу жөніндегі жеке парақтың бланкісін пайдалануға рұқсат
етіледі.

3 Түрлі-түсті бейнедегі

көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 3 қосымша
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
_______________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
N_____ РҰҚ­САТ ЕТУ ТҮ­БІР­ШЕ­ГІ
20__ ж. "____"_____________
_______________________________
(ұй­ым бас­шы­сы­ның те­гі,
_______________________________
аты-жө­ні, ме­кен­жайы және
_______________________________
қыз­мет­тік те­ле­фо­ны)
_______________________________
(объ­ект, түр­лі-тү­сті бей­не­де­гі
_______________________________
кө­ші­ру-кө­бей­ту тех­ни­ка
_______________________________
бір­лік­те­рі­нің са­ны)
_______________________________
(ашу, жұ­мыс іс­теу, сақ­тау
_______________________________
(пай­да­ла­ну), өт­кі­зу құқы­ғы
_______________________________
жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты-жө­ні,
_______________________________
қыз­мет­тік те­ле­фо­ны,
_______________________________
жа­у­ап­ты адам ре­т­ін­де
_______________________________
та­ғай­ын­дaу ту­ра­лы бұй­рық­тың
_______________________________
нө­мі­рі мен да­та­сы)
_______________________________
дер­бес жа­у­ап­ке­ші­лі­гі­мен
бе­ріл­ді.
20__ ж. "__"____________ дей­ін
жа­рам­ды.
Ба­стық ________________________
(қо­лы)
Рұқ­сат ету мер­зі­мі 20_ж. "___"
_____________ дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­стық ________________________
(қо­лы)
Қо­сым­ша:___________ бет­те­гі
ТТБ­ККТ ті­зі­мі (тіз­бе­сі)
20__ ж. "____"__________ дей­ін
ұзар­тыл­ды.
Ба­стық ________________________
(қо­лы)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
_______________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
N_____ РҰҚ­САТ ЕТУ
20 __ ж. "____"_____________
_______________________________
(ұй­ым бас­шы­сы­ның те­гі,
_______________________________
аты-жө­ні, ме­кен­жайы және
_______________________________
қыз­мет­тік те­ле­фо­ны)
_______________________________
(объ­ект, түр­лі-тү­сті бей­не­де­гі
_______________________________
кө­ші­ру-кө­бей­ту тех­ни­ка
_______________________________
бір­лік­те­рі­нің са­ны)
_______________________________
(сақ­тау (пай­да­ла­ну),
_______________________________
өт­кі­зу құқы­ғы
_______________________________
жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты-жө­ні,
_______________________________
қыз­мет­тік те­ле­фо­ны,
_______________________________
жа­у­ап­ты адам ре­т­ін­де та­ғай­ын­дау
_______________________________
ту­ра­лы бұй­рық­тың N, да­та­сы)
_______________________________
дер­бес жа­у­ап­кер­ші­лі­гі­мен бе­ріл­ді.
20__ ж. "__"____________ дей­ін
жа­рам­ды.
Ба­стық ________________________
(қо­лы)
Рұқ­сат ету мер­зі­мі 20_ж. "___"
_____________ дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­стық ________________________
(қо­лы)
Қо­сым­ша:___________ бет­те­гі
ТТБ­ККТ ті­зі­мі (тіз­бе­сі)
20__ ж. "____"__________ дей­ін
ұзар­тыл­ды.
Ба­стық ________________________
(қо­лы)

4 Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, түрлі-түсті баспа бұйымдарын дайындауда орындалған жұмыстарды және бақылаушы органдар тексерулерін есепке алу КІТАБЫ

Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 4 қосымша
Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, түрлі-түсті баспа бұйымдарын дайындауда орындалған жұмыстарды және бақылаушы органдар тексерулерін есепке алу КІТАБЫ
Жүргізу үшін жауапты адам ________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы)
20____ж.  «___» _____________ басталған
20____ж.  «___» _____________ аяқталған

1 1-тарау. Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын есепке алу

N
р/р
ТТБ­ККТ
ата­уы
Мар-
ка­сы,
мо-
де­лі
За­уыт
нө-
мі­рі
Са-
тып
алу
кү­ні
мен
ор­ны
ІІО
са­тып
алу
үшін
бер­ген
рұқ­сат
қа­ғаз-
дың
нө­мі­рі
мен
кү­ні
Бе­кі­ту
да­та­сы
және
есеп­тен
шы­ға­ру
неме­се
бас­қа
ұй­ым-
дар­ға
бе­ру
ак­ті-
сі­нің
нө­мі­рі
ІІО-ның
са­тып
алу,
бас­қа
ұй­ым­ға
бе­ру
үшін
бер­ген
рұқ­сат
қа­ға-
зы­ның
нө­мі­рі
мен
да­та­сы
Ес-
кер-
ту
1
2
3
4
5
6
7
8
9

2 2-тарау. Түрлі-түсті бейнедегі бұйымдарды дайындауда орындалған жұмыстарды есепке алу

N
р/р
Орын-
да­у­шы-
ның
Т.А.Ә.
ТТБ­ККТ
мо­де­лі
мен
за­уыт­тық
нө­мі­рі
Орын-
дал­ған
жұ­мыс-
тар
Түр­лі-
тү­сті
бұй­ым-
дар­ды
дай­ын-
дау
Дай­ын-
дал­ған
(шы­ғын-
дал­ған)
па­рақ­тар
(кө­шір-
ме­лер)
Жұ­мыс
про­це-
сін­де
жа­рам-
сыз
болған
па­рақ-
тар
(кө­шір-
ме­лер)
Пай­да­ла-
ны­л­ған
па­рақ­тар
(гр 6+7)
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Жұ­мыстың
ба­сын­да­ғы
және
ая­ғын­да­ғы
ксе­рокс
есеп­ші­сі
(лиспл.)
Жа­рам­сыз-
дық­ты жою
ту­ра­лы
ак­ті­нің
нө­мі­рі
Ес­кер­ту
9
10
11
Ескертпе: Жарамсыздықты жою туралы актілерге аппаратты жөндеу және
бабына келтіру кезінде жиналып қалған жарамсыз парақтар енгізіледі.
Аталған актілер жарамсыз парақтардың жинақталуына қарай жазылады
және 1 жыл бойы сақталады.

3 3-тарау. Бақылаушы органдар өкілдерінің болуын есепке алу

N
р/р
Ба­қы­ла­у­шы ор­ган
өкі­лі­нің Т.А.Ә.,
ла­у­а­зы­мы
Бо­лу
да­та­сы
Анық­тал­ған
бұ­зу­шы­лық­тар
(ес­кер­ту­лер)
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5

5 Түрлі-түсті бейнедегі

көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 5 қосымша
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
_______________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
N_____ рұқ­сат ету тү­бір­ше­гі
_______________________________
_______________________________
(ұй­ым­ның ата­уы)
_______________________________
(жүк қай ел­ге шы­ға­ры­ла­ты­ны
көр­се­ті­ле­ді)
_______________________________
(жүк қай ел­ден кір­гі­зі­ле­ті­ні
көр­се­ті­ле­ді)
_______________________________
(түр­лі-тү­сті бей­не­де­гі кө­ші­ру-
кө­бей­ту тех­ни­ка­ла­ры, олар­дың
ата­уы, мар­ка­сы, мо­де­лі цифр­лар
мен жа­з­ба тү­рін­де бе­рі­ле­тін
са­ны)
_______________________________
ке­ден бе­ке­ті ар­қы­лы­____________
(жүк қай ел­ге апа­ры­ла­ды,
көр­се­тіл­сін____________________
әке­ту (әке­лу) құқы­ғы­на бе­ріл­ді.
Жүк әке­лу­ге (әке­ту­ге) жа­у­ап­ты
_______________________________
(Т.А.Ә.)
_______________________________
(төл құ­жа­ты­ның неме­се же­ке
ку­ә­лі­гі­нің се­ри­я­сы және нө­мі­рі)
Рұқ­сат ету_____________________
________________ дей­ін жа­рам­ды.
_______________________________
20 __ж. "____" ________________
Мөр ба­са­тын Ба­стық __________
орын _________________
(қо­лы)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
_______________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
N_____ рұқ­сат ету
______________________________
______________________________
(ұй­ым­ның ата­уы)
______________________________
(жүк қай ел­ге шы­ға­ры­ла­ты­ны
көр­се­ті­ле­ді)
______________________________
(жүк қай ел­ден кір­гі­зі­ле­ті­ні
көр­се­ті­ле­ді)
______________________________
(түр­лі-тү­сті бей­не­де­гі кө­ші­ру-
кө­бей­ту тех­ни­ка­ла­ры, олар­дың
ата­уы, мар­ка­сы, мо­де­лі цифр­лар
мен жа­з­ба тү­рін­де бе­рі­ле­тін
са­ны)
______________________________
ке­ден бе­ке­ті ар­қы­лы­___________
(жүк қай ел­ге апа­ры­ла­ды,
көр­се­тіл­сін___________________
әке­ту (әке­лу) құқы­ғы­на бе­ріл­ді.
Жүк әке­лу­ге (әке­ту­ге) жа­у­ап­ты
______________________________
(Т.А.Ә.)
_______________________________
(төл құ­жа­ты­ның неме­се же­ке
ку­ә­лі­гі­нің се­ри­я­сы және нө­мі­рі)
Рұқ­сат ету_____________________
________________ дей­ін жа­рам­ды.
_______________________________
20 __ж. "____" ________________
Мөр ба­са­тын Ба­стық __________
орын _________________
(қо­лы)

6 Өткізілген түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын есепке алу ЖУРНАЛЫ

Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, әкету,
сатып алу, есепке алу,
сақтау және пайдалану
туралы нұсқаулыққа
6-қосымша
Өткізілген түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын есепке алу ЖУРНАЛЫ
Жүргізілуіне жауапты адам __________________________________________
____________________________________________________________________
20____ж. "___" _____________ басталды
20____ж. "___" _____________ аяқталды
N р/с
Өт­кі­зі­л­ген ТТБ­ККТ ата­уы (мар­ка­сы, мо­де­лі)
За­уыт­тық нө­мі­рі
Өт­кі­зі­л­ген кү­ні
Са­тып алу құқы­ғы­на ІІО рұқ­сат бер­ген қа­ға­з­дың нө­мі­рі­мен кү­ні*
ТТБ­ККТ ата­уы, оны са­тып ал­ған заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке адам­ның Т.А.Ә.
ТТБ­ККТ са­тып ал­ған заң­ды тұл­ға­ның неме­се же­ке адам­ның ме­кен жайы
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
* Ескертпе: 5-баған сатып алушы (көбейту техникасын пайдаланатын, әкелетін, әкететін және өткізетін заңды тұлға) сатып алу құқығына тиісті рұқсатты көрсеткен жағдайда толтырылады.

Қолданыстағы